Ф КазНПУ 0703-03-15 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
зерттеу формасы:
а) педагогика мәселелері бойынша семинар сабақтары;
б) педагогикалық оқулар;
в) педагогикалық кеңестер;
г) ашық сабақтар.
№ 14
дәріс
Педагогикалык эксперимент міндеттері
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Эксперимент басқа ғылыми - зерттеу әдістеріне қарағанда жақсы нәтиже
береді. Бірак, эксперименттің барысында ғылыми материалдарды толықтырып
жинактау үшін бақылау, әңгіме, құжаттармен танысу сияқты зерттеу әдістері де
қолданылады. Сонымен бірге, зерттеу барысында техникалық кұралдар кеңінен
колданылғаны жӛн. Соңғы кезде педагогикалык әдебиеттерде математикалық және
кибернетикалық зерттеу әдістерін пайдалану мәселелері сӛз етіле бастады. Бұл
әдістерді колданудың кейбір тәсілдері Ительсонның кітабында кӛрсетілген.
Математикалық және кибернетикалык әдістер техника мен жаратылыстану
ғылымдарында кеңінен қолданыла бастады. Осы әдістерге сүйеніп, кибернетиканың,
математиканың,
математикалык,
статистикалык,
ықтималдықтар теориясы
жетістіктерін педагогикалык зерттеулерде қолдануға болады, бірақ, педагогикалык
ғылымда бұл әдістерді қолдану мәселелері ӛз дәрежесінде шешілген жоқ. Ӛйткені,
педагогикалык кұбылыстардың сапалык ӛзгерістері мен ӛзара сандық
байланыстарын арнайы ӛлшеу аркылы аныктау ӛте күрделі проблемалардың бірі.
Мысалы, окушылардың сабақ процесіндегі кабілетін, белсенділігін немесе құлыктык
сапасы (патриотизм мен интернационализм, адалдық пен шындык) сияқты
педагогикалык құбылыстарды ӛлшеуге болар ма еді? Әрине, бұл сұраққа бірден
болады деп жауап беру мүмкін емес. Себебі, баланың іс әрекеті, мінез - кұлкы, оның
әлі де толық танылмағаны психикасына байланысты.
Ғылыми педагогикалык зерттеу әдістері тек кана ғылымдардың тӛл ісі
болмайды, барлык мұғалімдердің игілігіне айналуы қажет. Мұғалім ӛз жұмысында
зерттеу әдістерін ғылыми негізінде меңгеріп, социология және психология
ғылымдарының әдістерімен ұштастырып жүргізе білгенде ғана ӛзінің және басқа
мұғалімдердің тәжірибелерін жан - жақты зерттей алатын болады.
Педагогикалык, эксперимент міндеттері:
1) жобаланған педагогикалық кұбылыс және оның іске асуында кӛрініс
беретін себеп- салдарлы байланыстар мәнін зерттеу:
2) педагогикалык кұбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы:
3) педагогикалык
ыкпал мен ықпалдастықтың нәтижесін ӛлшестіру.
Эксперимент келесі кезеңмен ӛткізіледі:
- теориялық ( проблема қою, зерттеу максатын, нысанын және денін
аныктау, міндеттер мен гипотеза белгілеу);
- әдістемелік (зерттеу әдістемесі мен оның жоспарын айқындау, бағдарлама
түзіп, алынған нәтижелерді ӛндеу әдістерін нақтылау);
- эксперимент жұмысы - бірнеше тәжірибелік зерттеу әрекеттерін орындау
(ситуация түзу, бақылау, тәжірибені басқару және зерттеушілердің жауап
әрекеттерін бағалау);
-
талдау - сандық және сапалық сарапқа салу; алынған деректерге
түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: