5.3.2 Картадағы жазбалар
Картадағы жазбалар топографиялық карта мазмұндарының негізгі
элементі болып табылады. Картаның ішіндегі барлық жазбалар келесідей
бӛлінеді:
- ӛзіндік атаулар (тау, кӛлшіктер, ӛзендер атауы);
- түсініктеме жазбалар (географиялық объектілер түрі);
- сипаттамалы – жазбалар (сапалық және сандық). Ӛзіндік жазбалар
барлық уақытта объектіні кӛрсетеді – ол атауды тасушы.
Картаның масштабы кішірейтілген сайын ондағы атаулар саны да
кішірейтіледі.
Түсініктеме жазбалар – бұл негізінде түсінік түрлері (кӛл, завод).
Әдетте түсініктеме жазбалар атаулар құрамына жатады (Қара теңіз, Ақ
теңіз).
64
Сипаттамалар сандық және сӛздік болуы мүмкін. Сӛздік, мысалы,
кӛлдердегі сулар минерализациясын, ал сандық белгілермен, тереңдіктер
және т.б. беріледі.
Әрбір жазба шрифт сипаттамасы, оның шамасы, әріптерді сызумен, түр
бойынша ажыратылады. Жазбалар үшін шрифт таңдау картаны
безендірудің маңызды кезеңі болып табылады. Шрифтер кӛрнекті болуы,
жақсы оқылып және кӛркем қабылдануы керек. Басында шрифтер
дӛңгелек, сызылған болды (5.8 - сурет) (мысалы, Леонардо до Винчи
уақытысындағы карталар - гравюраларда). Литография және жазық баспа
пайда болуымен әріп элементтерінің бірдей қалыңдығымен «гротеск»
шрифті енгізіле бастады. Кейде шрифтер фотографиялық әдіспен
жасалады және карталарға жапсырылады. Қазіргі кезеңдегі карталар
компьютер кӛмегімен жасалады.
Объектінің аталу транскрипциясы туралы сұрақта маңызды, ӛйткені ол
барлық елдер мен ұлттар ӛнерінің ӛнімі және олар картада сақталады.
Біздің еліміз – кӛпұлтты географиялық кеңістік. Әртүрлі тілде
атаулардың картада беру мәселесі бар, оның шешімін табу кезінде дұрыс
транскрипция маңызды болып табылады. Шет тілдік атаулардың үш түрлі
формасын беру белгілі; фонетикалық, дәстүрлі және аудармалы.
Фонетикалық форма кезінде басқа тіл әріптерімен оны беру кезінде
жергілікті жердің тілімен білдіріледі (Болгария – България, Кѐльн – Koln).
Дәстүрлі форма кезінде картада орыс тіліне дәстүрлі енгізілген атауы
беріледі (фонетикалық – Пари, дәстүрлі – Париж, Рома – Рим, Наполи –
Неаполь және т.б.).
Аударма форма кезінде аударма мағынасы бойынша орындалады
(Үлкен Невольничье кӛлі, Сары теңіз және т.б.).
Географиялық атауларсыз ӛмір сүру мүмкін емес. Атаулар ӛте қажет
және олар арнайы зерттеледі: топонимика – атаулар туралы білім («топо» -
орын, «онома» - аты), ономастика – есімдер туралы білім.
Объектінің атау процесі, негізінде, ұлттық және тілдік ерекшеліктері
бар халықтардың ӛнер процесі.
Географиялық атаулар – ол сол ғасырлардағы тарихи жағдайлар
куәлігі, онда атаулар пайда болды, таралды. Топонимдер ӛмірінің
ұзақтылығы әртүрлі. Ӛшпес атаулар бар: Иерусалим, Египет, Рим, Мекка,
Самарканд; ескінің орнына жаңа атаулар бар; Новосибирск – бұрынғы
Новониколаевск. Үлкен ӛзендер атаулары консервативты - гидронимдер.
Кӛл неғұрлым ірі болса, соғұрлым оның атауы тұрақты, бірақ гидронимдер
ӛшпес бола алмайды. Мысалы, ежелгі гректерде Днепр Борисфен деп
аталды.
65
5.
8
–
с
ур
ет
-
Ле
он
ар
до
д
а В
ин
чи
кез
ін
де
гі
к
ар
та
-г
равю
ра
66
Топонимдерде ғажайып географиялық потенциал бар. Атаулардың
мотивациясы олардың ақпараттық мазмұнын анықтайды. Атауларды
таңдау себептерін анықтай отырып, оның мағыналық мазмұнын түсінуге
болады және оның этимологиясына («этимое - шын»), яғни сӛздің негізгі
мағынасына жақындауға болады. Бұл кезде атаудың негізінде
географиялық объект тұрады және атау бойынша кейде ол туралы бар
ақпаратты алуға болады.
Ежелгі адамда қазіргідей кӛптеген сӛздер қайнар кӛзі болмады. Әдетте
бір сӛзбен жақын түсініктер кӛрсетілді: су, ӛзен, кӛл, мұхит, теңіз. Қазіргі
атаулардағы «су» қарапайым кӛлдер атауының соңы болып табылады:
түрікше – су (Аксу, Адылсу), коми –
ва
(Колва, Ирва, Кожва, Нева).
Ежелде «тас» сӛзі тау, үңгірлер дегенді білдірді (Уралды Тас деп
атады). Үлкен кӛлдерді қазірде теңіз деп атайды (Каспий, Арал).
Әдетте кӛбінесе сӛздер ӛзіндік географиялық атауға айналады: Сахара
(шӛл) – араб сӛзі «сахра» – шӛл; Гоби (монғолдық «говь») – сусыз, құрғақ
ӛсінділер орны; Пиренеи (баск сӛзі «пирен») – тау.
Уақыт ӛтумен сӛздер тілдерде жоғалады, бірақ географиялық атауларда
олар тарихи тілдік процесс куәсі ретінде сақталып қалады.
Қазақстанда кулан сӛзімен топонимдердің 54-і бар. Таджикистанда
Арыстандық балка деп аталатын қоған бар. Шынымен, осы жерлерде 50
жыл бұрын түрік арыстаны мекендеген (5.9 - сурет).
Географиялық атаулар кӛмегімен географиялық ақпаратты әрбір адамға
алуға болады, бірақ ол адрестік функциялармен шектеледі. Барлығы
Москва, Париж қайда орналасқанын біледі. Бірақ тарихи, лингвистикалық,
географиялық оларды талдау кезінде атаулар потенциалы туралы ойлану
қажет.
5.9 – сурет - Қазақстан картасы
|