А. Т. Аязбаева имидж технологиясы монография


 МАМАННЫҢ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ ИМИДЖІНЕ ӘЛЕУМЕТТІК  ТАЛДАУ



Pdf көрінісі
бет10/15
Дата18.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#153615
түріМонография
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Имидж

 
3.3. МАМАННЫҢ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ ИМИДЖІНЕ ӘЛЕУМЕТТІК 
ТАЛДАУ
 
Бүгінгі күні заманауи маманның, болашақ басшының жағымды имиджін 
жасауда басқаруды жетілдіру және түрлі әдістерді қолдану мәселелері өте 
өзекті болып табылады. 
Грек тілінен аударғанда әдіс (орысша – метод, грекше – methodos) сөзі 
таным тәсілі дегенді білдіреді. Ғылымда әдіс сөзінің мәні әрекет ету, амал 


73 
жасау, іске асыру жолы ретінде түсіндіріледі.
1
Басқаруды еңбек әрекетінің 
ерекше түрі деп қарастыратын болсақ, онда басқару әдісі оны іске асыру жолы 
болып табылады. Демек, басқару әдісі келесі сұрақтарға жауап береді: басқару 
қызметі имиджінің міндеті қалай және қандай жолмен іске асады? Басқару 
әдісін түсіну үшін әдістің нақты қызмет қана емес, сонымен қатар сол қызметті 
іске асырудың мүмкін жолдары екенін түсіну керек. «Басқару әдісі» түсінігіне 
міндетті түрде баламалылықты, әрекет ету тәсілін таңдау мүмкіндігін де енгізу 
керек. 
Әлеуметтік талдау басқарудың кәсіпорын қызметін қандай да бір 
ұйымдастыру имиджі ретінде объективтік, материалдық сипатына қарай 
бұзылуы мүмкін емес әлеуметтік заңдылықтар қызметіне қатысы бар деп 
таниды. Бұл әдіснамалық ережені басшылар зерделей бермейді, көптеген 
басшылар дағдылы сана деңгейінде шын көңілмен олардың қалаулары 
қызметкерлер үшін заң деп санайды. Бұлардың бәрі орындаушыға 
бұйрықтарды, өкімдерді, нұсқауларды қарша боратып, басқаруда бюрократтық 
сипат туғызады. Өз кезегінде оларды тексеру, нақтылау, негіздеу қажеттігі 
туындайды, қызметкерлердің қызығушылықтары мен мүдделерін туғызбаған 
өкімдер толыққанды орындалмайды, тек артық шығын шығартып, уақытты 
жейді. Әрине, мұндай қызметтің нәтижелілігі жоққа тән. Қызмет тәсілі осы 
қызметтің объективті заңдарының талаптарына сай болған кезде ғана 
мүмкіндіктердің бірі болып шығады. Басқару әдістері басқарудың объектісі де, 
субъектісі де бағынатын заңдар жүйесімен байланысты. Басқарудың әрбір әдісі 
– тек қызмет ету тәсілінің мүмкіндігі ғана емес, сонымен бірге оны іске асыру 
мүмкіндігінің абстракциясы.
Қазіргі кездегі менеджердің басты міндеті – қызметкерлерді басқару – 
нақты қызмет қана болып табылмайды, сонымен қатар «экономика, 
«қызметкерлер» сияқты жалпылама түсінік те болып табылады. Басқару 
функцияларының басқару шешімдерін іске асыру қағидаттарынан бөлімдерге, 
органдарға, орган жүйелеріне, жекелеген қызметкерлерге ауысуы барысында 
біз дерексізден деректіге ауысамыз, бұл басқарушылық ойлаудың әлеуметтік 
талдауының әдіснамалық қағидатын іске асыру болып табылады. Басқару 
әдістері мен басшының қызметін талдау – күрделі әлеуметтік институтты 
диалектикалық тану жолындағы белгілі бір кезең, бұл әлеуметтік басқару 
болып табылады.
С. Е. Каменицердің басқару әдістерін жекелеген тұлғалардың 
қызметтерімен де, қандай да бір функцияларды іске асуымен байланысты емес 
жалпы мәселе деп қарастыруы басқару үрдістерінің мәнін жете түсінуде алға 
басқан қадам болды. Сонымен қатар, ол «басқару әдісі» түсінігін «басқару 
қағидаты» түсінігінен ажыратты.
«Басқару 
әдісі» 
түсінігінің 
әлеуметтік 
сипаты 
олардың 
классификациясына қатысты тәсілдерді алдын-ала қарауды қарастырады. 
1
С. И. Ожегов. Орыс тілінің сөздігі./КСРО ҒА коор.-мүшесі Ю. Шведованың ред..-М.: Русский язык, 
1986. – 340 Б. 


74 
Неғұрлым толық классификацияны Г. Х. Попов ұсынды.
2
Жалпы алғанда, 
басқару әдістері екі класқа бөлінеді: басқарудың барлық жүйесіне тән 
(басқарудың жалпы әдістері) және басқару жүйесінің жекелеген бөліктеріне тән 
(жергілікті 
әдістер). 
Басқарудың 
жергілікті 
әдістері 
басқарудың 
элементтерімен, функциялармен, органдармен, кадрмен, басқару техникасымен 
байланысты болады. Олардың классификациясы басқару жүйесінің 
құрылымына, сонымен қатар оларды құраушы элементтерге тәуелді.
Әдіснама бойынша классификацияның бірнеше негіздерін атап 
көрсетуге болады. Біріншіден, әдістерді мазмұны тұрғысынан, яғни бұл 
ықпалдың қоғам дамуының қандай объективті заңдарына негізделгеніне қарай 
қарастыруға болады. Осы қағидат аясында келесі әдістерді атап айтуға 
болады:
-
экономикалық –басқару субъектісі баламалы мүмкіндіктер арасынан 
басқару шешімдерін іске асырудың кәсіпорынның жұмыс істеуінің 
экономикалық заңдарын қамтитын тәсілдерін таңдайды; 
-
техникалық – техника мен өндіріс технологиясы дамуының 
әлеуметтік заңдарын, еңбекті ұйымдастыру ерекшеліктерін, өндіріске 
қатысушылардың психоэмоционалдық қасиеттерін ескереді;
-
әлеуметтік – өндіріс үрдісінде қалыптасатын тұлғааралық, топаралық 
қарым-қатынастармен байланысты;
-
жүйелі әдістер бір бүтін деп, элементтердің күрделі жиынтығы деп
қарастырылатын өндірісті зерттейді. Бұл жүйенің бірлігі ұйым дамуының 
объективті заңдарымен қамтамасыз етіледі. Осыдан барып, басқарудың жүйелі 
әдістерін қолдану қажеттігі туындайды.
Екіншіден, басқару мақсаттарын іске асыру әдістерінің жиынтығын 
объект тұрғысынан, яғни басқару әдісі кімге бағытталған, сол тұрғыдан 
қарастыруға болады. Нәтижесінде барлық әдістер басқарудың субъектісі және 
объектісі ретінде адамдарға бағытталған және оларды адамдар атқарады. Олар 
қызметкерлер ұжымына да, жекелеген орындаушыларға да арналған. Басқару 
әдістерін адамдарға нақты ықпал ету тәсілі бойынша үш топқа бөліп 
қарастыруға болады.
Бірінші топқа субъектілердің экономикалық мүдделеріне тікелей әсер 
ететін материалдық уәждеме әдістері жатады. Олардың ықпалы ерекше әсерлі 
болады, ал оларды есепке алмасақ, ықпал етудің өзге механизмдерінің әсері өте 
аз болады.
Екінші топқа адамдардың қоғамдық, адамгершілік, құқықтық 
мүдделеріне әсер етуші басқару тәсілдері жатады. Олар әлеуметтік уәждеме 
әдістері деп аталады, онда иландыру, дәлелдеме, заңнамалық, адамгершілік, 
эстетикалық нормалар мен ережелер сияқты ықпал етудің психологиялық 
элементі қарастырылған.


75 
Үшінші топ – өктем, ықтиярсыз уәждеме әдістері. Бұл жерде сөз 
мәжбүрлеу немесе оны қолдану ықтималдығы мүмкін болатын ықпал туралы 
болып отыр. 
Үшіншіден, басқару әдістерін ұйымдастыру формаларының іске асуы 
тұрғысынан қарастыруға болады. Басқарудың кез-келген әдісі шешімнің 
даярлануына, оның іске асуына байланысты. Басқару мен шешім 
диалектикалық бірлікті құрайды. Шешімнің өзін дайындау кездегі жұмыс 
формасы түрлі болып келеді, бұл ұйымдастыру формасы тұрғысынан басқару 
әдістерін классификациялауға негіз болады.
Қабылданған шешімнің сипатына қарай әдістерді жекеше әдіс, алқа әдісі, 
ұжымдық әдіс, түрлі сипаттағы біріктірілген (бірлескен) әдістер деп бөлуге 
болады. Түрлі техникалық құралдар қолданылатын басқару әдістеріне басқару 
ықпалының компьютерлік тәсілдерін жатқызады.
Сонымен, басқару әдістері сан алуан, сондықтан да басқару әдістерінің 
классификациялаудың бірнеше типтері болуы мүмкін. Олар бір-біріне қарама-
қайшы емес. Бірнеше классификациямен теорияда басқару әдістерінің жан-
жақтылығын нақты көрсетуге болады.
Психологиялық әдістердің негізгі типтеріне эмоциялық түрткі, еңбекті 
ізгілендіру және кәсіптік іріктеу мен оқыту сияқты әдістер жатады. 
Уәждеме дәстүрлі мағынасында адамдарға өз мақсаттарына жету үшін іс-
әрекетке жетелеу болып табылады. Уәждеу – басқару органының немесе 
басшының өздері басқарып отырған қызметкерлер ұжымын көзделген 
параметрлерге сай еңбек әрекетіне жетелеу үшін қолданатын әдісі.
Психологиялық түрткінің уәждеменің өзге түрлерінен айрықшалайтын 
ерекшелігі ішкі механизмдерді пайдалану болып табылады. Олар сыртқы 
әсерлердің және тұлғаның жеке адам ретінде өмір бойы қалыптасқан 
сипаттамасының санада өңделуі нәтижесінде туындайды. Уәждеме және қозғау 
салу жүйесі адам ресурстарының ерекшеліктерін, нақты бір кәсіпорынның 
орташа қызметкерінің қажеттіліктерін ғылыми тұрғыда тани білуге негізделеді. 
Еңбекақы және өзге де материалдық қозғаушылар осы жүйенің тек элементтері 
ғана болып табылады. 
Әлеуметтік өзара әрекет етудің өндіріс үрдісіне қатысушылардың 
психикасына әсері әлеуметтік психология зерттейтін айрықша заңдарынан 
туындайды. Басқару әдістерін қолдану не топқа, не топтағы жеке адамға 
бағытталатындықтан, әдістерді жобалау барысында топ ішінде адам 
психикасының қызмет ету ерекшеліктерін ескеру керек. Ұжымдық сезімге 
тәуелділікті ұжым мүшелерінің өзара әрекет ету деңгейі мен қарым-қатынасына 
байланысты екенін атап өту керек. Өндірістік ұжымның мүшелерінің қарым-
қатынасқа түсу мүмкіндігі болмаса, онда олардың еңбек өнімділігі төмендейді. 
Басқару әдісін және оның құамын таңдауда басшылар көбінесе қандай да 
бір алға қойған міндеттердің ерекшеліктеріне неғұрлым сай келетін әдістер 
жиынтығын пайдаланады. 


76 
Бұл әдістердің күші мен нақты әсерін анықтау қиын. Бірақ бұл тәсілдер, 
әсіресе экономикалық тәсілдер, қызметкерлер құрамын басқаруда басқару 
ықпалының іргетасы ретінде ерекше мәнге ие. Қызметкерлер құрамын 
басқарудың барлық әдістері өзара байланысты және кешенді түрде 
қолданылады. Сондықтан ықпал ету механизмі, яғни басшылық жасаудың 
техникасы мен технологиясы терең зерттеуді қажет етеді.
Техника (грек тілінен techne) – өнер, шеберлік, ептілік – өндіріс 
үрдістерін және қоғам қажеттіліктерін өтеуді іске асыру үшін құрылған адам іс-
әрекеті құралдарының жиынтығы. Бұл терминнің тағы бір мағынасы техника 
сөзінің қандай да бір істе немесе өнерде қолданылатын дағдылар мен 
амалдардың жиынтығы деп түсіндірілуімен байланысты. 
Жағымды имидж қалыптастыру мәселесіне қарай техника сөзін басқару 
үрдісінде субъектінің өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін қолданатын білік, 
дағды, амалдардың жиынтығы деп түсіндіруге болады. В. П. Пугачеваның 
анықтамасы бойынша басқару техникасы дегеніміз ұйымды басқарудың оның 
әрбір қызметкеріне, ең бастысы, басшысына міндетті болып табылатын 
үлгілерінің, ережелерінің, нормаларының кешені болып табылады.
1
«Басшылық техникасы» түсінігінің орнына «басшылық қағидаттары», 
«басшылық тұжырымдамалары», «менеджмент техникасы», «менеджмент 
қағидаттары», «менеджмент тұжырымдамалары» деген категориялар жиі 
қолданылады. Басқару теориясында басшылықтың негізгі техникалары 
жасалған. Бұлар – «шекті басқару техникасы», «өкілдік құқығын беру 
техникасы», «мақсаттар бойынша басқару техникасы», жүйелі басқару 
техникасы». Басқару қағидаттары дегеніміздің басқару жүйесінің түрлі 
элементтері арасындағы басқарудың тәжірибелік міндеттерін анықтауда көрініс 
беретін байланыстар мен қарым-қатынастар іске асатын жалпы заңдылықтар 
екенін түсінуіміз керек.
«Басқару әдісі» деген түсінікке баламалылықты, әрекет ету тәсілін таңдау 
мүмкіндігін енгізу қажет деп санаған З. П. Румянцева мен Н. А. 
Соломатинаның пікірлерімен келісуге болады. Осыған орай басқару әдісі 
басқару қағидатынан ерекшеленеді. Басқару қағидаты – үнемі және дәйекті 
қолданылатын әдіс. Демек, әдіс өзінің баламалылығын қаншалықты жоғалта 
бастаса, ол әрекеттің соншалықты басым нұсқасы немесе тіпті жалғыз ғана 
нұсқасы бола бастайды, егер ол әдіс емес болса, онда ол қағидат. Басқару 
қағидатын біз өзіміз таңдаймыз және оны үнемі берік ұстанамыз.
1
«Технология» термині «өнер», «шеберлік», «қандай да бір әрекетте 
объектіге ықпал ете білу» дегенді білдіреді. Басқару тенологиясы – басқару 
қызметінің алға қойған мақсаттарға нақты, тез, ұтымды жетуге көмектесетін 
әдістері мен тәсілдері. Технология – элементтері мақсат – мазмұн – әрекет – 
нәтиже сияқты операциялардың жүйелілігі болып табылатын басқару 
үрдістерінің белгілі бір логикасы.
1
В. П. Пугачев. Ұйымның қызметкер құрамын басқару. – М.: Аспект Пресс, 1998.- 156 Б. 
1
З. П. Румянцева, Н. А. Соломатин. Ұйым менеджменті. – М.: Филинъ, 1995. 


77 
Басқару технологиясы – ұйымның объектінің өзгеру логикасына тән іске 
асатын пайдалы іс-әрекетті реттеу үшін кеңістік-уақыт интервалында 
субъектінің еркімен және басқару операцияларының бекітілген жүйесімен 
берілген құралдарының жиынтығы. Барлық технологиялық үрдістің жиынтығы, 
оның қатаң логикалы жүйелілігі басқару объектісінің өзгеше белсенділігіне 
байланысты белгілі бір шамада қажетті нәтижеге жетуді қамтамасыз етеді, 
пайдаланылған технология басқару шешімінің шартты түрде автоматты, белгілі 
тәртіп негізінде орындалуына мүмкіндік береді.
Әрекетті бақылауы себепті технологияны ұқсас басқару міндеттерін 
шешуде бірнеше дүркін пайдалануға болады (қайта қолдану, тарату). 
Атқарымдық тұрғыдан ол субъектінің еркінің қажетті бағытта іске асу үрдісін 
реттейді, объектінің реакциясын стандарттар, ережелер, нормалар, шарттар, 
бұйрықтар мен өкімдер арқылы бақылайды, көздеген нәтижеге жетуге кепілдік 
береді, басқару үрдісін бақылауды қамтамасыз етеді. Сөйтіп, технология 
операциялардың ретін, ережесін, нормаларын, тыйымдарын, іске асыру 
кезеңдерін шамалайды. Басқару технологиялары қазіргі уақытта мемлекеттік 
реттеуде, 
өндірістік 
үрдістерде, 
әлеуметтік 
қарама-қайшылықтардың 
баяндылығы мен үйлесімділігін сақтауда бұқара көпшіліктің өзара әрекетінің 
әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді. Білім мен 
техника дамуының қазіргі кездегі деңгейі әлеуметтік өзара байланыстардың 
кез-келген түрін технология деңгейіне түрлендіруге мүмкіндік береді. 
Әлеуметтік технологиялар өндірісте қолданылатын технологиялардан 
мүлдем басқаша болады. Өнеркәсіп технологиясы қатаң белгіленген жинақ пен 
нақ таңдалған үрдістер мен операциялардың жүйелілігі, сонымен қатар бір 
элементін екінші элементпен ауыстыру мүмкіндігі болатын болса және ретін 
өзгерту нәтиженің толық өзгеруіне немесе өндірістік үрдістің толық тоқтауына 
әкеліп соқса, әлеуметтік технологияда бастапқы және соңғы нәтиже адам болып 
табылады. Бұл үрдістер сан алуандығымен, көпфункционалдығымен, ықпал 
жасалатын объектінің белсенділігімен, техниканың жанама әсерімен және 
өзгеріске ұшыраушы негізгі параметр тұлғаның қасиеттері болатынымен 
ерекшеленеді. Әлеуметтік технология үлгісі ретінде мамандарға кәсіптік білім 
беру үрдісін атауға болады. 
Әлеуметтік технологиялар өнеркәсіптік технологияларға қарағанда 
икемді, олар өзін құраушы элеметтердің өзгешелігімен соншалықты қатаң 
детерминдендірілмеген. Технологиялық үрдістерді қаншалықты қатаң 
сақтағанмен, нәтиже шығатынына еш кепіл жоқ. Басқару субъектісіне күші 
мен бағыты әртүрлі, тіпті кейде қарама-қарсы болып келетін көптеген 
факторлар мен ықпалдар әсер етеді. Сондықтан қандай да бір әсердің нәтижесін 
алдын-ала болжау мүмкін емес. Сол себепті басқару технологиясында «кері 
байланыс» қағидаты орасан зор мәнге ие, бұл «кері байланыс» векторына 
байланысты объекті реакциясын есепке алу мен субъекті әрекетін түзету болып 
саналады.


78 
Өндірісте басшы өндірістік тапсырмаларды орындауда қиындыққа кез 
болатын қызметкерлерді айқындайды. Анықтағаннан кейін олардың жалпы 
деңгейін көтеру үшін әкімшілік шаралар жүйесі арқылы ықпал етеді. 
Қызметкер үшін оқытудың «технологиялық» үрдістері қайталанады. Егер ол 
біраз уақыт өткен соң өзінің дайындығын және кәсіптік біліктерін көрсете алса, 
онда бұл басшы үшін қосымша оқыту үрдісінің табысты өткенін көрсетеді.
Мұндай дайындық болмаса, бұл қызметкерді ауыстыру қажеттігі туындайды.
Басқару технологиялары жүйелілік және құрылымдылық сипатқа ие, 
сондықтан олар жекелеген басқару әдістерінің кемшіліктерін түзете алады.
Басқару технологияларының тағы бір ерекшелігі – олардың ұйымдастырудың 
және күрделіліктің жоғары деңгейіне ие болуы. Басқаруда технологиялар 
бастапқы әлеуметтік қатынастар мен өндірістік байланыстардың субъектінің 
мақсаттарына қажетті және менеджмент алгоритмдері мен әдістерін қолдану 
арқылы қол жеткізілетін сапалы жаңа сипатқа айналуына бағытталады.
Басқару технологияларының элементтері жекелеген операциялар болып 
табылады. 
Операцияларды 
әрекеттердің 
(алгоритмдердің) 
алдын-ала 
дайындалған бағдарламасы бойынша іске асатын ресми және шығармашылық 
деп бөлуге болады. Компьютер техникасын енгізу басқарудың барлық үрдісін 
қарапайым операциялар жиынтығы арқылы технологиялық жолмен сипаттауға 
және басқару шешімінің мүмкін болатын салдарларын талдау мен болжаудың 
сандық (математикалық) әдісін қолдануға мүмкіндік берді. Ресми операциялар 
ішінен 
құжатталатын, 
яғни 
ресми 
құжаттарда 
баяндалған 
және 
құжатталмайтын, яғни ресми сипатталған, бірақ ресми қабылданбаған 
операцияларды бөліп қарастыруға болады. 
Басқару қызметкерлердің іс-әрекеті арқылы іске асатын болғандықтан 
және 
бұл 
үрдіс 
дамудың 
табиғи 
және 
әлеуметтік 
заңдарымен 
детерминделгендіктен, басқару еңбегінің технологиясында операциялардың 
дәйектілігі бар. Оның жалпы сипаттамысын И. Н. Герчикова жасады. Басқару 
технологиясы үш негізгі элементтен тұрады: фирма дамуының мақсаттары мен 
стратегиясын нақтылау; басқару шешімдерін қабылдау және іске асыру; 
басқаруды ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету. Біздің ойымызша, бұл 
схеманы фирманың экономикалық жағдайын жүйелі талдау мен үнемі 
мониторингтеудің алғашқы және соңғы операцияларымен, сонымен қатар 
шешімдердің орындалуын бақылау және нәтиженің қабылданған жоспарға 
сәйкестігін соңғы бақылау операцияларымен толықтыруға болады.
Стратегияны іске асыру фирманың өндірістік-шаруашылық қызметінің 
дамуы мен іске асуы бағытын таңдаудан тұрады. Стратегияны жасауда 
мақсатқа жету үшін мүмкіндіктер мен ресурстарды бағалау, фирманың 
позициясын нығайтуды және өсуді қамтамасыз ететін ішкі факторларды талдау,
жағдайлардың өзгеруі және жаңа жағдайлар туындаған кезде соларға 
бейімделуге бағытталған шараларды қажет ететін ішкі факторларды талдау, 
фирманың баламалы қызметі мүмкіндігін бағалау жүргізіледі.


79 
Жүргізілген талдаулардың нәтижесінде бүтіндей алғанда фирма дамуы 
тұжырымдамасын стартегиялық жоспарлау қалыптасады. Басқару шешімі – 
басшының басқару қызметінің нақты нәтижесі. Шешім қабылдау басқару негізі 
болып табылды. Шешімді ойластыру және қабылдауды формалды түрде 
суреттеу мүмкін емес, бұл – басшылық қызметтегі шынайы ақпарат негізінде 
мәселені зерттеуден, мақсатты анықтау және қоюдан, қабылданатын шешімнің 
тиімділігі мен мүмкін болатын салдарлары критерийінің таңдау және 
негіздеуден, мәселені шешудің түрлі нұсқаларын қараудан, ұтымды шешімді 
таңдау және шығарудан, шешімді қабылдаудан, оны орындаушыларға шешімді 
нақтылаудан, шешімнің орындалғанын бақылаудан және алынған нәтижелерді 
жоспардағы көрсеткіштермен салыстырудан тұратын шығармашылық үрдіс. 
Дайындық кезеңдерді ғана теориялық тұрғыдан түсіндіруге болады, ал шешімді 
қабылдау сәті бір ізбен біртіндеп істелініп жатқан істің күрт тоқтауы, дайындық 
операцияларының санынан нәтиженің сапасына күрт ауысу, мәселенің мәні мен 
шешімін интуитивті түрде сезіну болып табылады. Басқару шешімінің 
операциясы төрт кезеңнен тұрады: дайындық, қабылдау, орындауды іске асыру 
және бақылау.
Дайындық кезеңінде микро- және макродеңгейде жағдаяттың саяси, 
экономикалық және қаржылық талдауы жүргізіледі. Талдаудың мегадеңгейі 
қызметі федералдық мәнге ие, шикізаттың, энерготасымалдаушының әлемдік 
бағаларына, үкіметтің саяси тұрақтылығына, сонымен қатар ықпалды 
саясаткерлермен, лоббишілермен, кәсіподақпен, ірі несие мекемелерімен және 
т.б. өзара қарым-қатынасқа тәуелді аса ірі компанияларда қолданылады. Бұл 
кезеңде шешімді қажет ететін мәселелер айқындалып, тұжырымдалады.
Екінші кезеңде есептеу нәтижесінде жүргізілетін баламалы нұсақаларды, 
мүмкін болатын әрекеттерді дайындау және бағалау, оңтайлылық критерийін 
анықтау, шешімді таңдау және қабылдау қажет болады. Іске асыру кезеңінде 
нақтылау және оны орындаушыға жеткізу шаралары қолданылады, орындау 
барысына бақылау жүргізіледі, қажет деген түзетулер енгізіліп, алынған 
нәтижеге баға беріледі. Әрбір басқару шешімінің өз нәтижесі болады, 
сондықтан басқару қызметінің мақсаты нақты жағдайларда ұтымды нәтижеге 
жетуге мүмкіндік туғызатын формаларды, әдістер мен құралдарды анықтау 
болып табылады. Қабылданған шешімдер атқарушы органдарға келіп түседі 
және іске асу барысына қарай бақылауға алынады. 
Басқару технологиясының құрамы келесідей болып келеді: жалпы 
басқару және шешім қабылдау ережесі; бір деңгейдегі басшылардың бірлескен 
шешімдерін жоспарлау, қабылдау, ұтымды шешім қабылдауды қажет ететін 
күрделі мәселелерді зерттеу үшін мақсатты топтың қызмет етуі, өзара әрекеттің 
қалыптамалық типі, жүйелі материалдық-техникалық және ақпараттық 
қамсыздандыру. 
Қазіргі кездің жағдайында негізделген басқару шешімдерін қабылдауға 
қажетті, ақпаратты жинаудан, сақтаудан және қайта өңдеуден тұратын 
ақпаратпен қамтамасыз ету маңызды салаға айналды. Басқарудың жоғарғы 


80 
деңгейіне фирманың жағдайы мен қызметі туралы ақпарат беру және 
фирманың бөлімшелері арасында өзара ақпарат алмасу заманауи компьютерлік 
техника мен байланыс құралдарының көмегімен іске асады. Ақпараттың ішкі 
жүйесі технологиялық үрдісті ұйымдастыру міндеттерін шешеді және басқару 
технологиясының элементі болып табылады. Жоспарлы көрсеткіштерден 
ауытқулар нәтижесінде жедел шешімдер қабылдауды қажет ететін жағдайлар 
туындағанда ақпараттың рөлі ерекше.
Шешім қабылдауда жаңа ғылыми білімдерге, бәсекелес фирмалардың 
техникалық жаңалықтары, өнертабыстары туралы мәліметтерге ие ғылыми-
техникалық ақпараттың да мәні зор. Бұл қолданылуы фирмаға бәсекеге 
қабілеттіліктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін білім мен техникалық 
шешімдер әлеуеті және үздіксіз толығып отыратын қор болып табылады. 
Басқару технологиясы мақсаттарына қарай адам ресурстары саласында 
жоспарлау мен бақылауды біріктірудің әлеуетті мүмкіндіктеріне ие болып 
табылады. Сонымен қатар басқару мақсаттарына қарай уәждеу тәсілі болып та 
табылады, ол нәтижелер туралы әңгімелесу, орындаушының жұмысының 
тиімділігі, сапасы туралы мәлімет алу, кеңес беру және жеке дайындық, ықпал 
ету әдістері персонал жинақтау мен бағалау, жауапкершілік жүктеу сияқты 
элементтерден тұрады. 
Басшының жағымды имджін қалыптастыру үшін белгілі бір дағдылар мен 
біліктердің кешені қажет, олар – үлкен аудитория алдында сөз сөйлей білу, 
еңбек тәртібі мен адамгершілікті әкімшілік тұрғыдан сақтай білу, топтық 
жұмыс әдістері, шығармашылық жұмыс техникасы, тез оқу техникасы, демалу 
және арылу білігі. Бұл дағдылар нұсқамалар мен ұсыныстарды механикалық 
түрде орындағаннан пайда болмайды. Бұлар басқару технологиясына 
шығармашылық көзқарасты, шығармашылық тәсілді талап етеді.
Басшы қызметіндегі шығармашылық тәсіл дегеніміз нені білдіреді? 
Басқаруды қай кезде шығармашылық сипатқа ие деп айта аламыз? Ең әуелі 
шығармашылық тәсілдің негізгі шартын белгілейік, ол – арнайы басқару білімі 
мен білігінің болуы. Сонымен қатар, басқару үрдісінде креативтік қызметтен 
басқа үнемі аналитикалық қызмет қажет болады. Сөйтіп, шығармашылық 
тәсілді логикамен және аналитикамен байланыстыру қажеттігі туындайды.
Басқарудағы шығармашылық тәсіл үш фактордан тұрады, олар: 
- тұлғаның қоршаған ортаға қарым-қатынасының ашық, икемді және 
еркін тәсілдері болып табылатын шығармашылық бағдар. Шығармашылық 
тәсіл ынтаға өзінің ең жақсы көрінісінде жалған сенімнен тыс, оң және 
сындарлы қатынас болып табылады. Сындарлы ынтымақтастық және өзгелерге 
қолдау көрсету рухани ресурстардың тиімділігін көтеруде шешуші фактор 
болып табылады; 
- шығармашылық көрініс, мұның көмегімен тұлға күнделікті өмірде өз 
көзқарастарын, уәждері мен сезімдерін іске асыруға ұмтыла жүріп, сыртқы 
ортаның талаптарына сай болады;


81 
- шығармашылық өндіріс, бұл – басқару субъектісінің болмысты өзгерту 
және жаңа әлеуметтік шынайылыққа қол жеткізу сияқты белгілі факторлардың 
бірігуін іске асыруы.
Басқару технологиясы нәтижелеріне қарай басшы қызметін жоспарлау, 
іске асыру және бақылау болып табылады. Мәселені анықтау, мәліметтер 
жинау, белгілі бір ойға келу және баламалы шешімдер бойынша ұсыныс 
дайындау, 
шешім 
қабылдау, 
оның 
дұрыстығына 
әріптестер 
мен 
бағыныштыларды сендіру, іске асыру бойынша шаралар қабылдау және 
бақылау оның негізгі кезеңдері болып табылады. 
Басқару шешімдерінің ерекшелігі басқару субъектісінен кәсіптік 
шеберлікті, сананың, логикалық ойлаудың, өзін-өзі ұйымдастыра білудің, 
тәртіптің, рефлексияның жоғары деңгейін талап ететін, қарым-қатынас 
дағдысына ие, күш-жігері мен дипломатиялық сипаты бар шығармашылық 
тұлға ретінде дамуында. Өндірістік міндеттерді шешу үшін қоладынылатын 
басқару технологияларының іргелі күрделілігі, бір жағынан, нақты мақсат пен
түзету ықпалының нақтылығы арасындағы өзара байланыстың әлсіздігі болса, 
екінші жағынан, шынайы жағдайлардың өзгергіштігі мен басқару объектісі 
реакциясын болжау мүмкіндігінің жоқтығы болып табылады.
Бүгінгі күні субъективті ішкі кедергілерден, өзін-өзі танытуға және 
шығармашылыққа деген психологиялық кедергіден (барьерден) арылуға 
бағытталған басқару технологиялары әдістемелік тұрғыдан жақсы деңгейде 
дайындалып, жасалған.
Басқару шешімін іске асыру технологияны жағымды бағыттармен тең 
қарастырғанда ғана мүмкін болады. Жағымды бағыттар мен басқару 
технологияларының ара қатынасы 7-суретте көрсетілген.


82 
ЖАҒЫМДЫ БАҒДАР 
Жағымды имидж 
Құзырлылық 
Қажеттілік 
Сыр
тқы
б
ей
не
Іске
ри
к
омм
ун
ика
ци
яла
р 
Ө
неге

лгі
ні
ң
бай
салд
ы
лы
ғы
Ұ
йы
м
ны
ң бе
йн
ес
і 
Мі
нез

ұл
ы
қ
сст
ра
теги
яс
ы
Білі
м
ні
ң кәс
іб
ил
ігі
Қар
ы
м

аты
нас кә
сі
би
лі
гі
Ө
зі
н-
өзі ж
еті
лд
ір
уд
ің
кәсіб
ил
іг
і 
Мәр
те
бес
ін
мо
йн
да
у 
Қо
рған
ы
ш 
– 
тәу
елд
іл
ік 
Т
әу
елсіз
ді
к 
Мах
аб
бат 
– 
ің
кә
рл
ік
Ден
еге жа
йл
ы
лы
қ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет