64
деңгейдегі шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине,
дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап
көтеріңкі баға алуға мүмкіндік беріледі және дамыта оқыту принципі
орындалады. Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарынды
қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады.
Сонымен, әр деңгейдегі тапсырмаларды оқушы өздеріндегі арнайы
деңгейлік жұмыс дәптерлерінің соңындағы ведомосқа белгілеп отырады.
Жинаған ұпайларын оқушылар 2-ші кестеде әр сабақтың соңында
нүктемен белгілеп отырады.
Осы нүктелердің арасын түзу сызықтармен біртіндеп қосса, график
шығады. Ол - оқушының даму мониторингі деп аталады. Мониторинг
бойынша мұғалім кезекті тақырыптық бақылау жұмысының алдында әр
оқушының өткен материалды қандай деңгейде меңгерген қадағалап,
үлгермеушілермен қосымша жұмыс жүргізеді.
Тақырыптық бақылау жұмысы да әр деңгейлі тапсырмалармен
беріледі. Бұл жағдайда ол бөгде біреудің көмегінсіз, шпаргалкасыз
орындалады және мұғалім тарапынан оқушылар қатаң бақыланып,
өздерінің нақты алған білімдеріне тиісті ұпайларын алады.
Осындай бақылау мен бағалауды біз сыртқы бақылаумен сыртқы
бағалау ретінде қарастырамыз. Бұл ұпайлар да оқушылардың даму
мониторингтеріне белгіленеді.
Оқушының даму мониторингі, оның жеке басының қабілегіне қарай,
тақырып бойынша игерген білім сапасының объективті сипатын көрсетеді.
Осы жағдайда оқушының даму деңгейі - басқалармен емес, уақыт өткен
сайын, өзімен - өзін салыстыру арқылы анықталғандықтан, ол оқушыларға
деген ізгілік қатынасты көрсетеді.
Бағалау жүйесінің негізі болып оқушы білімнің ең төменгі деңгейі
алынады және ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына
сәйкес келеді.
Бұл деңгейдегі тапсырмаларды дарындылығына да, бейімділігіне де,
жоғары даму деңгейіне де қарамастан оқушылардың барлығының дұрыс
орындауы міндетті.
Сонымен, саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері-
оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, өздігімен даму
бағдарын анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс шешім қабылдай
алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға
қалыптастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: