«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет116/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

Архитектура, сәулет өнері
– құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. 
Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: 
әртүрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап 
бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік 
кешендер.
Сәулет өнері 
– техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Қазақстан жерінде 
Тараз, Құлан, Сайрам, Отырар, Созақ, Түркістан, Алмалық сияқты ірі қалаларда 
архитетуралық ескерткіштер көптеп салынған. 
Ахмет Байтұрсынов адамзат тарихындағы бес өнерді атап көрсеткен. Оның біріншісі – 
сөз өнері, екіншісі – сәулет өнері, үшіншісі – мүсін өнері, төртіншісі – сурет, бесіншісі – 
би, саз өнері деп бөлген екен. 
 
Тыңдалым тапсырмасы 
 
 
3-тапсырма. 
Тыңдалым мәтініндегі көтерілген мәселені жан-жақты талдай отырып, 
негізгі ойды анықта және ғаламдық мәселелермен байланыстыр.
 
Тыңдалым мәтіні. 
Сәулет өнері адамдардың өмірі мен қызметіне қажетті, материалдық тұрғыдан 
ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрылыстар, сондай-ақ кешендер, қоғамның 


эстетикалық көзқарасына сәйкес құрылыстар, сәулет өнері мәдениет саласын құрайды. 
Қай елге, қалаға барсақ та, біз ғажайып әдемі сұлулығымен көз тартатын ғимараттар, 
сарайлар, мешіттер, тұрғын үйлер, өнеркәсіптік кешендер көріп жүрміз. Бірақ осы өнер 
түрі қалай аталатынын біле бермейміз. Бұндай сұлулық сырын бойына сіңірген өнер 
туындысын – «сәулет өнері» немесе «архитектура» дейді, грек тілінен аударғанда «аға 
құрылысшы» деген мағына береді. Архитектура деген тек ғимараттар мен құрылыс салу 
емес, сонымен бірге адам баласының өмір сүру тіршілігіне қажет кеңістік пен ортаны 
тиімді, пайдалы етіп ұйымдастыру. Сәулет өнері асқан шеберлікті қажет етеді. Рим 
архитекторы Витрувийдің айтуынша «Сәулетті шығармаларда бұлжытпай орындалатын 
3 қасиет болуы керек» деген. 
Олар: беріктік – инженерлік есеп; қолайлылық – тұрмыс жағын білуге байланысты; 
әдемілік – талант-талғамға байланысты. 
Сәулет өнері техника, ғылым және өнермен тығыз байланысты. Қазіргі заманда адамдар 
сәулетті де салтанатты өмір сүргілері келеді. Сондықтан сәулет өнері де адамдардың 
талғамына қарай дамып отырады. Сіздер білесіздер, бүгінгі күні сәулет өнері техникалық 
жабдықтармен тығыз байланысты. Әдемілік шарттарын ұштастыру үшін сәулетшіге 
ғылыми сана, суреткерлік ой керек. Адам баласы көне заманнан бастап құрылыспен 
айналысқан. Олар үйді қамыстан, балшықтан, ағаштан, тал шыбықтардан салған. Тіпті су 
айдынында да үй тұрғызып үйренген. Ғасырдан ғасырға мұра болып келген сәулет өнері 
туындылары архитектуралық ескерткіштер қатарына жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет