«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014 – 2050



Pdf көрінісі
бет148/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014 – 2050 
жылдарға арналған (күшін жойған) бағдарламасынан үзінді 
Халықаралық тәжірибеде қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) үш бөлікке жіктелген, олар 
ҚТҚ ортақ құрамына кіретін, бірақ өңдеу немесе көму тәсіліне қарай өзара 
ерекшеленетін үш "қалдық легіне" сәйкес келеді.
1. Коммуналдық қалдықтар. 
2. Қауіпті ҚТҚ – адамның тыныс-тіршілігінің нәтижесінде қалыптасатын тұтыну 
қалдықтары, сондай-ақ қалыптасу сипаты осыған ұқсас, өзінің құрамы мен қасиетіне 
қарай қауіпті қалдықтарға жатқызылуы мүмкін өндіріс қалдықтары. Оларға мынадай 
қалдықтар жатқызылады: 
- пайдаланылған батареялар мен аккумуляторлар; 
- пайдаланылған электр жабдығы мен электронды жабдық; 
- құрамында сынап бар қалдықтар (люминесцентті лампалар мен термометрлер); 
- медициналық және ветеринариялық қалдықтар; 
- тұрмыстық химия қалдықтары; 
- құрамында асбест бар қалдықтар; 
- адамның тыныс-тіршілігінің нәтижесінде қалыптасатын басқа да қауіпті қалдықтар. 
3. Басқа ҚТҚ – қауіпті болып табылмайтын, бірақ жинау, шығару және кәдеге жарату 
үшін бірінші лектен өзгеше тәсілдерді қолдану талап етілетіндіктен, аралас қалдықтарға 
жатқызуға болмайтын қалдықтар. "Басқа ТҚҚ" мынадай қалдықтар жатқызылады: 
- құрылыс қалдықтары;
- ірі габаритті қалдықтар; 
- кәдеге жаратуға жататын автомобильдер; 
- пайдаланылған автомобиль шиналары; 
- сарқынды суларды өңдеуден қалған қалдықтар. 
Өңірлер бөлінісінде халықтың жан басына шаққандағы ТҚҚ жинақтау нормаларының 
ауқымы өте кең – жылына 80-нен 400 кг/адам асады, мұның өзі деректерді жинау және 
есептілікті жасау процесінде сәйкессіздіктердің орын алуына әкелуі мүмкін. 
Қазақстандағы ТҚҚ полигондарының бәрінде дерлік қалдықтарды қабылдау аймағында 
таразы жоқ екенін атап өту керек, яғни тоннажы текше метрді тоннаға ауыстыру 
жолымен белгіленеді әрі бұл ретте үлес салмағының бір м3 шаққанда 250-ден 300 кг 
дейінгі мәні қолданылады. Еуропа елдерінің тәжірибесі бойынша үлес салмақ бір м3 
шаққанда 100 – 150 кг құрайды. 
Келесі кестеде 2011 жылы Қазақстанның 9 қаласындағы талдау бойынша қалалық 
жерлердегі ТҚҚ-ның морфологиялық құрамы келтірілген, мұны "Fichtner" компаниясы 
ұсынған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет