Жаңа туған сәби (1 ай); Емшектегі сәби (1 айдан жасқа дейін)


Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама әлсіреп



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата23.10.2022
өлшемі198,86 Kb.
#154692
1   2   3   4
Байланысты:
Документ (1)

Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама әлсіреп, 
сыртқы ортаның жағдайларының өзгерістерін қиналып өткізеді. 
Бұл кезде жүрек-қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне түсетін 
салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның 
жасы ұлғайған сайын қиын болады.Жас кезеңдерінің уақыттары 
әртүрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне 
негізделген. Дегенмен ұсынылған жас кезеңдерінің әлі де 
жетіспейтін жерлері бар. Оларды анықтау адам организмі 
жайындағы зерттеулерді әлі де жалғастырып кеңейтуді талап 
етеді. Жас кезендерінің уақыт шектері (хронологиясы) болсын, 
оның жеке функциялық көрсеткіштері болсын әлеуметтік 


[Фамилия] 2 
жағдайларға байланысты екенін ұмытпаған жөн. Жас кезеңдерінің 
ортақ ерекшеліктеріне қоса, әрбір адамның өзінің жеке басының 
ерекшеліктері болады. Олар адамның денсаулығына, тұрмыс 
жағдайына және жүйке жүйесінің даму дәрежесіне, қарай әртүрлі 
болады. 
2)
дамудың үздіксіздігі, әркелкілігі, ең маңызды жүйелердің дамуының озық 
жүруі және гетерохрония.
Даму –
үздіксіз
процесс. Басқаша айтқанда, адамның даму үрдісі оның бүкіл өмір 
бойына тән құбылыс. Әсіресе, ол балалық шағында қарқынды дамиды. Балалық 
шақ қоғамның рухани құндылықтары арқылы сипатталады. Әрі, балалық шаққа 
әр түрлі ғылым саласындағы мамандар көп көңіл бөледі. Бала кезінде адамның 
қоршаған ортаны тануға деген ұмтылысы белсенді болады. Бала кезде адам 
айналасын танып, ерте есейгісі келеді. Бірақ, даму әрқашанда біртекті немесе 
біртіндеп, баяулап жүрмейді. Ол жедел қарқынмен, мақсатқа жетуге ұмтылумен 
ерекше мазмұнда болуы мүмкін. И.П. Павлов «Даму –
ішкі жүйке үрдістерінің 
және қоршаған шындық өмірдің адамға үздіксіз көрсетіп отырған сыртқы 
ықпалдарының өзара әрекеттесуі, айналадағы шындықтың адамға ықпал етуі», –
деп санаған. Даму қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға, белгіліден 
белгісізге, ескіден жаңаға қарай бағыт ұстайды. Орнганизмде өсумен қатар даму 
жүріп жатады. Даму

сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сан 
көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп 
белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің 
қызметінің артуын, баланың ақыл

ой өрістерінің молаюын айтады. Организмнің 
дамуы екі түрлі болады: физикалық және функциялық дамуы.
Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің 
ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орыны т.с.с
Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты 
әртүрлі. Мысалы , жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық 
немесе минуттық көлемін өлшейді.
Дамудың негізінде 3 фактор жатыр:
1) өсу,
2) органдар мен ұлпалардың мамандануы немесе дифференциация,
3) форма түзілу.
Бұл үшеуі бір
-
бірімен тығыз байланысты.
Эмбриология ғылымының дамуы туралы қысқаша тарихи мәліметтер. 
Эмбриология (грекше em
bryon 

ұрық, logos –
ғылым ) –
организм ұрығының 
дамуын зерттейтін ғылым. К.Бэр –
Ресей Ғылым академиясының академигі, 1828 
жылы «Жануарлар дамуының тарихы» деген еңбегінде сүтқоректілер мен тауық 
ұрықтарының даму ерекшеліктері туралы зерттеу жұмыстарының
нәтижесін 
жариялаған болатын. «Ұрықтық ұқсастық» ілімінде барлық омыртқалы 
жануарлардың ұрықтық дамуының бастапқы кезеңі өте ұқсас екендігін 
дәлелдеді. Нәтижесінде «ұрықтық ұқсастық заңын» ашты. Бұл заң бойынша 
ұрықтық даму кезінде, алдымен типтің, одан кейін кластың, туыстың, түрдің, ең 
соңында организмнің өз белгілері пайда болады. А.О.Ковалевский –


[Фамилия] 3 
ланцетниктің эмбрион жасушаларын зерттеді. Зерттеудің нәтижесінде, ұрықтың 
бастапқы кезінде пайда болған жапырақшалар соңынан эктодерма, энтодерма 
және мезодерма қабаттарына айналатындығын дәлелдеді. Ф.Мюллер, Э.Геккель 

биогенетикалық заңды ашты. Биогенетикалық заң бойынша онтогенез (жеке 
даму) дегеніміз –
филогенездің (тарихи даму) қысқаша қайталануы болып 
табылады. А.Н.Северцов –
пікірі бойынша, организмнің жеке дамуы кезінде 
ататектерінің ересек формалары емес, олардың ұрықтарына тән белгілер 
қайталанады. Г.Шмидт –
омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың 
эмбриондық дамуын–
зерттеді.
Жасуша ұрықтанған соң организмнің жеке дамуы –
онтогенез басталады.
Онтогонез[1](грек. on –
табыс септігінің жалғауы, ontos –
нағыз, нақты және 
генез) –
организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, 
тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін 
неміс биологы Э.Геккель үсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе 
жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі 
көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын жасушаның ішінде 
организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық 
бағдарламасы –
код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша 
Онтогенез барысында ұрықтың әрбір жасушасындағы ядро мен цитоплазманың 
әсерлесуі; сондай
-
ақ, ұрықтың әр түрлі жасушалары мен жасуша кешендерінің 
өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок 
молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық 
процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге 
асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы 
факторлардың әсеріне тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі топтарында 
Онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі 
мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол.[2]
Онтогенез –
организмнің жеке дамуы:
а) эмбриогенез(ұрықтық даму)
ә) постэмбриогенез (ұрықтан кейінгі даму)
а) Бір қабатты ұрықтың –
бластуланың түзілуі.
Ұрықтанған жасуша, алдымен, екіге, одан соң төртке бөлінеді. Бұдан кейінгі 
бөліну көлденең бағытта жүріп, сегізге, одан кейін бойлай бөліну мен көлденең 
бөліну кезектесіп, нәтижесінде, 16,32,64,128,т.б бластомерлерге айналады. Бір 
қабатты іші қуыс бластулаға айналады.
Гаструла. Үш қабатты ұрықтың пайда болуы
Гаструла –
іші қуыс екі қабат жасушалардан тұратын ұрық. Бұл екі қабат ұрық 
жапырақшалары деп те аталады. Гаструла сатысындағы сыртқы қабатты –
энтодерма немесе сыртқы ұрық жапырақшасы деп атайды. Энтодерманың ішкі 
қуысы бірінші реттік ішектің, ал оның сыртқы ашылатын тесігі бірінші реттік 
ауыздың бастамасы болып есептеледі.
Нейрула.
Нейрулла сатысы кезінде дернәсілдің немесе ересек организмнің жеке мүшелері 


[Фамилия] 4 
дами бастайды. Эктодерма қабатынан бірнеше жасушалар бөлініп төмен түседі 
де, одан жүйке тақташасы түзіліп, ол жүйке түтігіне айналады.
ә ) Постэмбриондық даму: 1) тура даму (ересегіне ұқсас болу)
2
) түрленіп даму (дернәсілінің
ересегіне ұқсас болмауы)
Тура даму
Тура даму
-
организмнің бірден ересек түріне ұқсап тууы. Бұған омыртқалы 
жануарлардан жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілердің және т.б. дамуы, 
ал омыртқасыздардан сүліктердің, көпаяқтылардың, өрмекшілердің және т.б. 
дамуы жатады.
Түрленіп даму 

толық
Түрленіп даму –
эмбриондық дамудан соң дернәсілдің пайда болуы. Дамудың 
бұл түрі омыртқасыз жануарларға, сондай
-
ақ омыртқалылардан 
қосмекенділерге тән.
Түрленіп даму –
шала
Жұмыртқа –
дернәсіл –
имаго
Мысалы: шегіртке, таракан, т.б.
Гетерохрония. –ағза ұрпағының денесіндегі бір ағзаның, немесе мүшенің күні 
бұрын немесе кешігіп жетілуі. Гетерохронияға сүтқоректі жануарлардың жаңа 
туған балалардың аузындағы емуге икемделген тіл еттерінің күні бұрын жақсы 
жетілуі мысал бола алады.
Филогенетикалық өзгерістердің пайда болу заңдылықтарын зерттейтін ғылымды 
эволюциялық морфология деп атайды. Филогенездің жалпы заңдылықтары ол 
XIX ғасырдың аяғында салыстырмалы анатомия, алыстырмалы эмбриология 
және палеонтология ғылымдарының негізінде қалыптасқан.
Эволюциялық морфология ғылымының негізгі зерттеу әдісі болып 
салыстырмалы анатомия, салыстырмалы эсбриология және палеонтология 
әдістерін қамтитын «үштік параллелизм» әдісі саналады.
Үштік параллелизм әдісі арқылы эволюциялық морфология ғылыми мүшелердің 
гомологиялық және аналогиялық ұқсастығын анықтайды және оларды жіктейді.
Гомологиялық ұқсастық ( грекше homologia –
бірдей ) дегеніміз:
Мүшелердің құрылысының , олардың бөлімдерінің арақатынасының

орналасуының бірдей болуы;
Мүшенің ағза денесінде бірдей орналасуы;
Мүшелердің бір ұрық бастамасынан пайда болуы.
Бұл мүшелердің атқаратын қызметтері бірдей не әр түрлі болуы мүмкін. Яғни 
гомологиялық мүшелер деп шығу тегі бірдей, құрылысы не атқаратын 
қызметтері бірдей не әр түрлі болып келетін мүшелерді айтамыз. Бұған мысал 
ретінде омыртқалылардың алдыңғы аяқтарын жатқызуға болады. 
Гомологиялық ұқсастықтың негізгі себебі

тарихи туыстық болып саналады, яғни 
олар бір ата
-
тектен не оның мүшесінен пайда
болған.
Аналогиялық ұқсастық (грекше analogy –
бірдей ) немесе аналогиялық мүшелер 
деп шығу тегі әр түрлі , бірақ сырт пішіндері бірдей , ұқсас және бірдей қызмет 


[Фамилия] 5 
атқаратын мүшелерді айтамыз. Олар тек морфологиялық жағынан ұқсас болып , 
ортақ бір қызмет атқару арқылы айқындалады, ал шығу тектері әр түрлі. 
Аналогиялық мүшелердің ұқсастығы тіршілік ортасының ортақ болуымен 
сипатталады және олардың туыстық байланыстары болмайды. Мысал ретінде 
көбелектердің және құстардың қанаттарын келтіруге болады.
Филогенездің заңдылықтарын дұрыс түсіну үшін мүшелердің құрылысының 
өзгерулерін зерттеумен қатар атқаратын қызметін де зерттеген дұрыс. Бір 
мүшенің құрылысының өзгеруі міндетті түрде оның қызметінің де өзгеруіне алып 
келеді немессе керісінше.
Тарихи даму барысында мүше қызметінің алмасуы үнемі оның формасының 
алмасуына ұласады. Әдетте, мүшелердің эволюциясы оның қызметінің алмасуы 
арқылы жүзеге асады
3)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет