ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
10
жүктілікті қойды. Екінші орынға әйелдердің үйдегі
және жұмыстағы екі есе жүктеме мәселесі шықты.
31 - 45 жастағылар осы мәселеге ең көп көңіл
бөлген топ болды - 70,2 %. Үшінші проблема
ретінде үйдегі зорлық-зомбылық атап көрсетілді.
Жоғары білімділердің көпшілігі (71 %) үйдегі және
жұмыстағы екі есе жұмыс көлемін проблема
ретінде көреді. Ал орта білімділер әйелдердің
басты проблемасы ретінде ерте жүктілікті атады
(79,2 %). Барлық этникалық топтардың өкілдері
де ерте жүктілікті әйелдердің басты проблемасы
деп санайды. Олардың ойынша екінші орында
ақы төленбейтін үй еңбегі, үшінші орында үйдегі
зорлық-зомбылық тұр. Қалалықтар секілді (78,3
%) ауыл тұрғындары да (67,5 %) ерте жүктілікті ең
маңызды проблемалар қатарына жатқызады.
Қазақстандықтардың пікірлері мен стратегияда
атап көрсетілген мақсаттардың өзара үйлесуіне
келсек, олар әйелдер мәселесінде жартылай
сәйкеседі. Зерттеуіміздің деректері бойынша
басты проблемалар қатарында атап көрсетілген
үй шаруасының төлемі, екі есе жүктеме
мәселелері стратегияда қарастырылмаған. Есесіне
онда ерте жүктілік мәселесі қозғалған.
Достарыңызбен бөлісу: