кәсіпорындар жұмыс істемей тұр. Алайда біріншіден, мұндай қысқару өндіріс көлемінің қысқаруынан едәуір кем болып отыр, демек өнім бірлігіне шаққанда ластану кемудің орнына арта түскен. Екіншіден, автокөліктер бөліп шығаратын улы газдармен ластаудың көбейгені мәлім. Өнеркәсіп өндірісі аз да болса кемігеніне қарамастан су көздерінің ластануы әліде азаяр емес. Әсіресе, халықты таза ауыз суымен қамтамасыз ету күрделі жағдайда болып отыр. Мұндағы басты проблемалар: суды тазарту технологиясының артта қалғандығы, жер бетіндегі және жер астындағы су көздерінің ластануы, ауыз судың техникалық мақсаттарға пайдалануы, ауыз судың өте көп мөлшерде ысырап болуы. Қоршаған ортаның химиялық улы заттарменластануы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіріп отыр. Соңғы жылдары республикамыздағы елеулі экологиялық қатердің бірі — әскери және бейбіт мақсаттардағы ғарыштық ракета іс - әрекеттері. Ракетаның өте сұйық улы отыны – гептил Республиканың бірқатар аймақтарына көп мөлшерде таралуда. Өтпелі кезеңдегі экономика жағдайында қоршаған табиғи ортаны қорғаудың қамын ойлау өз дәрежесінде болмай отыр. Сондықтан да еліміздегі приоритетті міндет – 1998 жылдан 2000 жылдарға дейін «қоршаған табиғи ортаның жағдайының нашарлығын төмендету» болады. Осы мақсатқа орай Қазақстан Республикасы Экология және табиғат пайдалану