Ұлы даланың жеті қыры



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата03.11.2022
өлшемі3,83 Mb.
#156331
1   2   3
Байланысты:
Улы дала 7 кыры

Наивысшее качество
Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар
ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің
І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды. Қазақтардың және
Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы
Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І
мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды.
Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұлан-ғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін
қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың
гүлденуіне жол ашты. Мәселен, орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу
Насыр Әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан
қаласында өмір сүріп, ілім таратқан.
Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұлан-ғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін
қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың
гүлденуіне жол ашты. Мәселен, орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу
Насыр Әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан
қаласында өмір сүріп, ілім таратқан.
5.Түркі әлемінің бесігі


Еліміздің
географиялық
тұрғыдан
ұтымды,
яғни
Еуразия
құрлығының
кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі
мемлекеттер мен өркениеттер арасында
транзиттік «дәліздердің» пайда болуына
септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап
бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның
Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен
Оңтүстігі
арасындағы
сауда
және
мәдениет саласындағы байланыстардың
трансконтинентальды желісіне – Ұлы
Жібек жолы жүйесіне айналды.
Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы
Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік
империяларының
аумағын
қамтыды.
Орталық Еуразияда түркілер үстемдік
құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену
шегіне
жетіп, халықаралық
ауқымда
экономиканы
өркендетуге
және
мәдениетті дамытуға септігін тигізді.
6. Ұлы Жібек жолы


Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан
дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы
жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы
атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге
тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан
аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда
Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған.
Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер
әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады.
Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың
түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше
гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады.
Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің
дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.
7. Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны


Осыдан бір жарым жыл бұрын менің «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық
мақалам жарыққа шықты. Жоғарыда аталған
жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының
жалғасы ретінде қарастырамын. «Рухани жаңғыру»
жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері
ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының
цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа
ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға
мүмкіндік береді. Төл тарихын білетін, бағалайтын
және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады
деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты
бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту –
еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет