Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет78/86
Дата06.11.2022
өлшемі6,68 Mb.
#156706
түріМазмұндама
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   86
Байланысты:
Вавилондағы ең бай адам

«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
161
Күнәсіз болсам да, неліктен күнәһардың жазасын 
тартып, тағдыр тәлкегіне түсемін? Алдымда тағы да 
қандай бақытсыздық пен тауқымет күтіп тұр екен?
Бұрынғы қожайынның үйіне жеткенде, мені кү-
тіп тұрған Арад Гуланы көргендегі таңданысымды 
айтып жеткізе алмаспын. Ол менің түйеден түсуіме 
көмектесіп, жоғалған бауырын тапқандай құшақ 
жая ұмтылды.
Біз жолға шықтық. Мен құлға тән әдеппен одан 
қалыңқырап жүруге икемделіп едім, оған ыңғай 
танытпады. Ол мені құшақтап былай деді: «Сені із-
деп, шарқ ұрдым. Үмітім үзіле бастағанда Свастиді 
кезіктірдім, ол өсімқор туралы айтты да, мен соған 
бардым, ол жаңа қожайыныңа сілтеді. Онымен ұзақ 
саудаластым, ақыры ол сен үшін қымбат ақы төлет-
тірді, бірақ сен оған тұрасың. Өйткені сенің пәлса-
паң маған сәттілік әкелді».
«Бұл пәлсапа иесі Мегиддо» – деп сөзін бөлдім.
«Екеуіңе ортақ. Екеуіңе де рақмет. Қазір біз 
Дамаскіге барамыз, маған серіктес болғаныңды қа-
лаймын. Сен қазірден бастап еріктісің».
Осылай деді де, ол қойнынан сазтақтаны шығар-
ды, онда өзінің мені сатып алғаны туралы жазылған 
екен. Ол тақтаны төбесінен асыра көтерді де, құлаш-
тап лақтырды, тасқа соғылған тақтаның быт-шыты 
шықты, ол сонда да қоймай, аяғымен таптап, ұнтақ-
тап жүр.
Менің көзіме алғыстың жасы үйірілді. Осы сәтте 
Вавилондағы ең бақытты адам екенімді ұқтым. Ең 
бір ауыр кезде де еңбек менің ең жақын досым бо-
лып қалды. Жұмысқа деген құлшынысым бекініс 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
162
құрылысына сатылған құлға тән тағдырдан құт-
қарды. Ол сенің атаңды да менімен бірге еңбек етуге 
икемдеді.
– Менің атама алтын шекелдерге барар жолды аш-
қан құпия кілт дегенің жұмыс болғаны ма? – деп сұ-
рады Хадан Гула.
– Мен оны алғаш кездестіргенімде, онда басқа кілт 
болған емес, – деп жауап берді Шарру Нада. – Сенің 
атаң еңбекқор болатын.
– Мен бір нәрсені ұққандаймын. – Хадан Гула ой-
лана тіл қатты. – Еңбексүйгіштігі оған адал достар-
ды кезіктіріп, табысқа жол ашты. Ол еңбегінің арқа-
сында Дамаскідегі абыройлы адамға айналды. Еңбек 
оны мұратына жеткізді. Мен жұмысты тек қана құл-
дардың сыбағасы деп ойлап келдім.
– Өмірде рақаттың түрі көп, – деді Шарру Нада.
– Олардың әрқайсысының өз сәті бар. Жұмыс тек 
қана құлдардың сыбағасы емес. Мен соған қуана-
мын. Егер солай болғанда, мен ең үлкен рақаттан құр 
қалар едім. Өмірде маған ұнайтын нәрсе көп, бірақ 
бәрінен жұмыс артық.
Шарру Нада мен Хадан Гула Вавилон қабырғасын 
жағалап, оның шомбал қола қақпасына қарай бет-
теді. Олар жақындағанда, күзетшілер орындарынан 
ұшып тұрып, құрметті меймандарға сәлем берді.
Шарру Нада ат үстінде тіп-тік отырған қалпы шұ-
батылған ұзын керуенді қақпадан өткізіп, содан соң 
өзі де көшеге түсті.
– Менің әрқашан атама ұқсағым келетін, – 
деді Хадан Гула ішкі сырын ашып. – Бірақ оның 
қандай болғанын бұрын білген емес едім. Менің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет