Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012


Робин Шарма: ӨМІРДІҢ 200 САБАҒЫ



Pdf көрінісі
бет31/68
Дата08.11.2022
өлшемі1,27 Mb.
#156945
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68
Робин Шарма: ӨМІРДІҢ 200 САБАҒЫ 
Робин Шарма – канадалық жазушы, Солтүстік Америкадағы мотивация, көшбасшылық, 
жеке бастың дамуы жөніндегі ең әйгілі маман. 
1. Аз ұйықтаңыз. Бұл өміріңізді одан бетер толық және өнімді етеді. Көпшілік адамдарға 6 
сағаттық ұйқы жетеді. 21 күн ішінде бір сағатқа ерте тұруға тырысыңыз, ақыры бұл әдетке 
айналады. Есіңізде болсын: ұйқының сағаты емес, сапасы маңызды. 
2. Таңертең бір сағатыңызды жеке бас дамуына бөліңіз. Бүгінгі күніңізді көзге елестетіңіз, 
шабыттандыратын мәтіндерді, мотивациялық жазбаларды немесе ұлы кітаптарды оқыңыз. 
Әрбір тыныш уақытты барынша тиімді пайдаланып, бүгінгі қарбалас кезеңге 
дайындалыңыз. Аптасына бір рет күннің шығуын немесе батуын бақылаңыз, таза ауада 
серуендеңіз. 
3. Майда-шүйде емес, маңызды нәрселерге көңіл бөліңіз.
 
Өзіңізден мынаны сұраңыз:
«Мен 
өз уақытымды және қайраттылығымды барынша тиімді пайдаланып жүрмін 
бе?»
Уақытты басқару – өмірді басқару, сондықтан өзіңіздің уақытыңыздың тиімсіз 
жұмсалуына немқұрайлы қарамаңыз. 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
4. Ойыңызды өмірдің тек жақсы элементтерін жию үшін резеңке бауы атты әдісті 
қолданыңыз. Білегіңізге резеңке бауын тағып алыңыз. Басыңызға жаман ойлар келгенде, 
қолыңыздағы резеңкенң тартып қалыңыз. Сіздің миыңыз жаман ойды ауыртпалық ретінде 
қабылдап, жақын арада ойдың жақсы қоймасы қалыптасады. 
5. Әрқашан телефон қоңырауына ерекше ынтамен жауап беріп, сол арқылы қоңырау 
шалушыға құрмет көрсете аласыз. Телефонда жақсы жауап беру өте маңызды. 
6. Күні бойы біздің ойымызды жақсы идеялар мен шабыттар аралайды.
 
Өзіңіздің 
ойларыңызды жазып қою үшін, әмияныңызға карточкалар және қалам салып қоюды 
ұмытпаңыз. Үйге келгенде, осы карточкаларды көрінетін жерге қойып, қарап шығыңыз. 
Оливер Уэнделл Холмс айтқандай: 
«жаңа идеялар кезінде үлкейген адамның ақылы 
ешқашан бұрынғы көлеміне оралмайды».
7. Жексенбілік кешті өзіңізге арнаңыз және бұл әдетті қатаң ұстаныңыз. Осы уақытты 
келер аптаны жоспарлау, күтілетін кездесулерді елестету, осы кездесулерде не мақсатқа 
жеткіңіз келетінін ойлану, жаңа мәліметтер мен кітаптарды оқу, баяу музыканы тыңдап, 
тынығу үшін арнаңыз. Бұл уақыт келесі аптада жинақы, мотивацияланған және тиімді 
болуыңызға көмегін тигізеді. 
8. Мына қағиданы есте сақтаңыз: өміріңіздің сапасы – бұл қарым-қатынасыңыздың 
сапасы.
 
Ол деген достарыңызбен, ең бастысы өзіңізбен қарым-қатынас. Егер сіз пайдалы 
нәрселер іздесеңіз, онда оған жетесіз. Бұл табиғаттың заңдылығы. 
9. Нәтижеге емес, мақсатқа назар аударыңыз. Кез-келген істі ұнағаны, біреуге көмек 
беретіні үшін істеңіз. Ақша, бедел үшін емес. Олар өздері-ақ келеді. 
10. Күнде айнаның алдында 5 минут күліңіз. Осылай Стив Мартин істейтін. Күлкі 
мүшеңіздегі көптеген пайдалы элементтерді іске қосады. Сонымен қатар күлкі ағзаға 
теңгерімділік қалпын қайтарады. Күлкітерапия көптеген дерттерді емдеп, өмірлік 
проблемалардан құтқарады. Төрт жастағы бала күніне шамамен 400 рет күлсе, ересек адам 
15 рет қана күледі екен. 
11. Кешкісін кітап оқығанда, шырақ жағып қойыңыз.
 
Бұл денені босаңсытып, керемет 
атмосфера қалыптастырады. Үйіңізді әлемнен ажыраған оазиске айналдырыңыз. Оны 
жақсы достармен, кітаптармен, музыкамен толтырыңыз. 
12. Концентрацияңызды жақсарту үшін қадамдарыңызды санаңыз. Бұл өте тиімді әдіс. 
Кіре берісте 6 қадам жасап, келесі алтауына дейін дем алмаңыз. Келесі алты қадамда дем 
алыңыз. Осы жаттығудан кейін өзіңізді жақсы, жинақы сезінесіз.
13. Тиімді медитациялауды үйреніңіз. Ақыл табиғатынан бір тақырыптан екіншісіне ауыса 
беретін дулы машина. Бір нәрсеге жеткіңіз келсе, өз ақылыңызды тәртіпке салу керек. 
Таңертең және кешке 20 минуттан медитация жүргізіңіз, нәтижесі таңғажайып болмақ. 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
14. Байсалды болыңыз. Адам, орташа есеппен, айына 30 минуттан кем тыныштықта 
болады екен. Күніне 10 минут тыныш отырып, одан ләззат алуды бастаңыз. Жай ғана сізге 
өміріңізде не нәрсе маңызды екенін ойлап отырыңыз. Үнсіздік алтынмен тең. 
15. Өзін-өзі билеушілік қасиетін дамытыңыз.
 
Сіздің ақылыңыз бұлшық ет сияқты, 
мықтырақ болу үшін алдымен оны жаттықтырып, кейін алдыға итересіз. Қарныңыз ашып 
тұрса, тамақтануға дейін тағы бір сағат шыдаңыз. Егер есеппен басыңыз қатып, ақылыңыз 
жаңа бір журналды оқығысы келсе, оны ауыздықтаңыз. Кейіннен сіз сағаттап берілген 
шаруаға назар сала аласыз. Аз сөйлеп, көп тыңдау арқылы да өз-өзіңізді билейтін қасиетке 
ие бола аласыз. Өсек айтуды қойып, өмірге тек қуанышпен қараңыз. 
16. Күні бойы көтеріңкі көңіл-күйді сақтаңыз. Бұл пайдалы ғана емес, керемет 
атмосфераны қалыптастырады. 
17. Уақытыңызды басқарып үйреніңіз.
 
Бір аптада 168 сағат бар. Алға қойылған асқақ 
мақсаттарыңызға жету үшін жеткілікті. Өз уақытыңызды жүйелі үлестіріңіз. Күнді 
жоспарлау үшін таңертең бірнеше минут жеткілікті. Маңызды істерді бірінші кезекке қою 
шарт. 
18. Сіздің қайраттылығыңызды жаман көңіл-күймен, наразылық айтумен жұқартатын 
адамдардан сақтаныңыз, керісінше, бірдеңе үйрене алатын жинақы, жақсы адамдармен 
қарым-қатынаста болыңыз. Өмірде әр кез жетіліп, жақсы нәтижеге ұмтылатындармен 
сөйлесу арқылы алдыңызға қойған мақсаттарға жету барысында көптеген жолсерік таба 
аласыз. 
19. Cіздер осы әлемде уақытша ғана өмір сүресіз.
 
Онда өміріңізді жақсы тәжірибе қалдыру 
үшін жұмыс істеуге арнаған дұрыс қой? Неге өзіңізді әлемге жақсы мирас қалдыру үшін 
арнамасқа? Отырып, сізде бар нәрселер тізімін жасаңыздар. Отбасыңыздың 
денсаулығынан бастаңыз. Қай елде тұрып, қандай тамақ жейтініңізді жазыңыз. 50 пункт 
жазбағанша тоқтамаңыз. Аптасына бір рет бұл тізімге қараңыз, өзіңіздің қаншалықты бай 
екеніңізді көресіз. 
20. Өмірде борышыңыз болу керек. Бұл қандай жолмен жүріп, өмірдің соңында қай жақта 
болғыңыз келетінін анықтайтын қағидалар жиынтығы. Өміріңізді басқаратын және 
ойыңызды жинақтайтын, айына бір рет 5-10 қағида жазу үшін бірнеше сағатыңызды 
бөліңіз. 
21. Сіздің рұқсатыңызсыз сізді ешкім ренжітіп балағаттай алмайды
.
Табысқа жетуде 
алтын кілттерінің бірі – алдыңызда көлденең жататын жағдайды түсіндіре білуіңіз болып 
табылады. Табысқа жеткен адамдар келеңсіз жағдайларды жақсының бастамасы деп 
түсіне алады. Сәтсіздіктер болмайды, олардан алатын өмірлік сабақтар ғана болады. 
22. Тез оқуды үйреніңіз. Оқу – көп жылдық тәжірибені бірнеше сағатта жинауға 
көмектесетін мықты құрал. Мысалы, көпшілік биографиялар атақты тұлғалар мен ұлы 
көшбасшылардың философиясын және стратегиясын көрсетеді. 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
23. Адамдардың аттарын есте сақтаңыз.
 
Ынтагерлікпен бірге бұл әдет табыс кілті болып 
табылады. Бұл әлемде барлығы: 
«Мен өзімді маңызы бар және бағаланған адам ретінде 
сезінгім келеді»
дейді. 
24. Мәселе жақсылыққа келгенде гүл сияқты нәзік болыңыз. Ал жамандық кезінде, 
найзағай сияқты өткір болыңыз. 
25. Сіздің отбасыңызға қатысы жоқ адамдармен денсаулық, қаржылық жағдай және басқа 
да мәселелерді талқыламаңыз. 
26. Шынайы, жігерлі, қарапайым, жомарт болыңыз. 
27. Күннің аяғында жылы ваннаны қабылдаңыз. Өзіңізді болмашы нәрселер үшін де 
марапаттаңыз. Ақыл, дене, рухтың қайтадан қалпына келуіне уақыт бөліңіз. Бұл маңызды 
мақсаттарды жүзеге асыруға және белсенділіктің жаңа деңгейіне көшуге қол ұшын береді. 
28. Тыныс алуды басқаруды үйреніңіз – ол сіздің қайраттылығыңыздың бұлағымен 
тікелей байланысты. Ақыл тыныс алумен тығыз байланыста. Мысалы, ақылыңыз қозу 
үстінде болса, тыныс алуыңыз шапшаңдайды. Ал босаңсыған күйде болсаңыз, сіз терең, 
әрі тыныш дем аласыз. Дұрыс дем алу – дұрыс өмір сұру. 
29. Өзін-өзі иландыруды мойындап таратыңыз. Бұл белсенді қызметтің таптырмайтын 
құралы. Мысалы, егер сіз ынтагерлігіңізді дамытқыңыз келсе, онда: 
«Менің бүгін 
құлшынысым көбірек, мен бұл қасиетті күннен-күнге жақсартудамын»
, - деп айтыңыз. 
Айтылған сөз ойыңызға үлкен әсер етеді. 
30. Ойыңызды баяндау және қалай ілгері басатыныңызды анықтау үшін күнделік 
бастаңыз. Жетістіктерді ғана емес, мәселелеріңізді де жазу керек. 
31. Стресс – бұл сіздің болып жатқан жағдайларға деген жауабыңыз.
 
Бірдей жағдайлар 
адамдар арасында әр түрлі реакция шақырады. Мысалы, сахнаға шығу, кейбір адамдарды 
әбігерге салады, ал мықты ораторлар, бұны жақсы мүмкіндік ретінде пайдаланады. 
Қорыққан нәрселерді тиімді басқара алу жақсы нәтижеге алып келеді. 
32. Стивен Ковидің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет