51
(Конечная точка дуги или
[Угол/Центр/Замкнутъ/Направление/Полуширина/Линейный/Радиус/Вторая
/Отменить/Ширина]:)
Соңғы нүктені кӛрсеткеннен кейін AutoCAD жүйесі доғалық сегментті сыза
бастайды, және ол доға полисызықтың соңғы сегментіне жанама болады. Осы
кезде келесі опцияларды таңдауға болады:
• Angle (Угол) – доғалық сегмент үшін центрлік бұрыштың шамасы;
• CEnter (Центр) – доғалық сегменттің центрі;
• CLose (Замкнуть) – полисызықты доғалық сегментпен тұйықтау;
• Direction (Направление) – доғалық сегментті сызу үшін жанама бағыты;
• Halfwidth (Полуширина) – келесі сегменттің жарты ені;
• Line (Линейный) – түзу сызықты сегменттерді сызу режиміне ӛту;
• Radius (Радиус) – доғалық сегменттің радиусы;
• Second pt (Вторая) – доғалық сегментті үш нүкте арқылы салу үшін екінші
нүктені енгізу;
• Undo (Отменить) – PLINE (ПЛИНИЯ) командасының соңғы операциясын
қайтару;
• Width (Ширина) – келесі сегменттің ені.
Доғалық сегменттерді салу тәсілдері СARC (ДУГА) командасымен доға салу
тәсілдеріндей. Кез келген уақытта түзу сызықты сегменттерді сызу режимінен
доғалық сегменттерді сызу режиміне ӛтуге болады немесе керісінше доғалық
сегменттерді сызу режимінен түзу сызықты сегменттерді сызу режиміне ӛтуге
болады. Сонымен қатар кез келген уақытта полисызықтың келесі сегменті үшін
ені немесе жарты енін беруге болады.
Сегменттерінің
ені
әртүрлі
болып
келетін
полисызықтың мысалы 2.30-суретте кӛрсетілген.
Полисызықтың жәй примитивтермен салыстырғанда
бірнеше ерекшеліктері бар:
• полисызық біртұтас объект болып табылады, бұл оны
редакциялау үшін қолайлы
• полисызық жуан сызықтарды сызу үшін ӛте ыңғайлы;
• полисызық сегменттерінің енін ӛзгерту мүмкіндігін
әртүрлі графикалық элементтерді сызу үшін қолдануға
болады (мысалы, стрелкаларды салу және т.б.).
Полисызық күрделі объект болып табылады. Алайда оны кез келген уақытта
кесінділер мен доғалар тобына түрлендіруге болады. Бұны EXPLODE
(РАСЧЛЕНИТЬ) командасы орындайды. Бұл команданы Редактирование құлама
мәзірінен немесе аспаптар панеліндегі
батырмасын басу арқылы шақыруға
болады. Полисызықты бӛлшектеген кезде оның ені туралы ақпарат жойылады,
ӛйткені кесінділер мен доғалардың ені болмайды. 2.31-суретте полисызықтың
бүтін кезіндегі және бӛлшектелген кездегі (оң жағында) кескіні кӛрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: