Ж. О. Тусыпова, Г. Б. Сарсенгалиева, М. А. Карменова



Pdf көрінісі
бет3/31
Дата08.11.2022
өлшемі6,26 Mb.
#157167
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
PhotoShop-ОӘҚ

Алғысөз 
«PhotoShop бағдарламасында жұмыс істеу негіздері» оқу-
әдістемелік құралы - әрбір тақырып бойынша «Компьютерлік графика» 
пәнінде ҥйренген теориялық білімді практикалық тапсырмалар арқылы 
толықтыруға арналған оқу-әдістемелік кешенінің құрамдас бӛлігі болып 
табылады.
Практикалық жұмыстар – «Компьютерлік графика» пәнінің 
негізінде алынған теориялық сабақтардың тапсырмалалар жиынтығы 
болып табылады. Мұндағы жұмыстар компьтерлік графиканы оқытудың 
жалпы тақырыптық жоспарына, яғни жұмыстық оқу бағдарламасына - 
силлабусқа сәйкес жазылған.. Практикалық жұмыстардың мазмұны 
теориялық материалдардың мазмұнымен тығыз байланысты болуы 
шарт.
Практикалық жұмыстар дәріс сабақтарды бекітуге арналып 
беріледі. Ол тапсырмалар студенттердің біліктіліктерін, дағдыларын 
қалыптастыруға кӛектесуге және олардың білімдерін тексеруге 
бағытталады.
Практикалық жұмыстар келесі негізгі 6 тақырыпқа бӛлінген 
бӛлімдерден тұрады:
- Суретпен жұмыс;
- Мәтінмен жұмыс;
- Практика;
- Эффектілер;
- Сайтқа арналған графика; 
- Анимация.
Әр тақырыпқа бірнеше практикалық жұмыстар, тақырыбы, 
мақсаты, орындалу реті, тапсырмалар берілген. Тақырыбында ӛтілген 
тақырыпқа арналған практикалық жұмыстың тақырыбы жазылады. 
Мақсатына практикалық жұмыста нені ҥйрену керегі туралы жазылады. 
Жұмыстың орындалу реті – практикалық жұмыстың тапсырмасының 
орындалуын қадамдап кӛрсету. Тапсырмалар – ӛтілген тақырыпқа 
ӛзіндік тапсырмалар.
Дәріс сабағында алған білімді практикалық жұмысты орындау 
арқылы практика жҥзінде кӛріп, қорытындылай аламыз. 



Кіріспе 
ХХІ ғасыр – білім беру жҥйесін ақпараттандыру ғасыры. Олай 
болса, Қазақстан білім беру жҥйесін ақпараттандыру еліміздің даму 
стратегияының негізгі бағыттарының біріне айналып отыр. Қазақстанда 
жалпы білім беру жҥйесін ақпараттандыру ақпараттық қоғамның 
қалыптасуы жағдайында қоғамдық маңызға ие болып отыр. Білім беру 
жҥйесі тәжіребисінде қалыптасқан жағдайларға жасалған талдаулар – 
жалпы білім беру жҥйесін ұлттық, әлеуметтік – экономикалық, рухани 
және мәдени құндылықтармен біртұтас қарастыра отырып, ақпараттық 
қоғамдағы ӛзгерістерге сай тҥбегейлі қайта қарауды қажет етуде. 
Ақпараттық қоғам жағдайында қызмет ету салаларының барлық 
тҥрін ақпараттандыру – бҥгінгі кҥннің негізгі талабына айналып отыр. 
Ал бұл талапты қанағаттандыру ҥшін мамандарды осы бағытта 
дайындау қажеттігі туындайды. Сондықтан аталған қажеттілікті шешу 
барысында ақпараттық қоғамға қандай мамандар дайындау мақсатында 
оқу бағдарламасын, оқу - әдістемелік кешендері, электронды оқулығы 
мен қолданбалы программалық құралдары жасақталған. 
Бҥгінгі таңда компьютерлік дизайн, web – дизайн, жҥйелік 
программалаушы, администратор және т.б. мамандардың қажет 
екендігін 
тҥрлі 
жарнамалық 
газеттерден, бұқаралық 
ақпарат 
құралдарынан да кӛруге болады. Аталған мамандықтарды қалай 
дайындап, оларға қандай программалық құралдарды ҥйрету арқылы 
жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстан ӛзекті мәселелерінің бірі 
болып отыр. 
Компьютерлік графиканы білмей қандай да болмасын құжатты 
безендіру ӛте қиын. Сондықтан, графикаға арналған бағдарламаларды 
білу ӛте қажет. Қазіргі кезде компьютерлік графикаға байланысты кәсіби 
мамандықтар талап етілінетіні белгілі және де ондай кәсіпті таңдаған 
азаматтар графикамен жұмыс жасайтын бағдарламаларды ӛте жақсы 
білуі тиіс. Сонда ғана бәсекеге қабілетті қоғамда ӛмір сҥру мҥмкіндігі 
туады. Бағдарламаны оқыту барысында білімділік, тәрбиелік және 
дамытушылық мақсаттар кешенді тҥрде іске асырылуын қадағалау 
нақты міндет болып табылады. Сондықтан да осы ұсынылып отырған 
құрал компьютерлік графикамен ұштастыра отырып кәсіби мамандыққа 
баулуға кӛмегін тигізері сӛзсіз. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет