1. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңның 5-
бабының 46-11) тармақшасы (өзгертулерімен және толықтыруларымен).
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы
№ 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің
үлгілік қағидалары, 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрық.
Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың
қағидалары, 2018 жылғы 12 қазандағы № 563 бұйрық.
«Педагог» кәсіптік стандарты, 2017 жылғы 8 маусымдағы №133.
2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ Кәсіптік практика білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып
табылады. Кәсіптік практика оқу, педагогикалық, өндірістік және диплом алды деген
түрлерге бөлінеді.
Кәсіптік практиканың әр түрінің мақсаттары, міндеттері мен бағдарламасы бар,
олардың негізінде кәсіптік практиканың тиісті базасы анықталады.
Еуразия гуманитарлық институты (бұдан әрі – ЕАГИ) студенттерінің кәсіптік
практикасы студенттерге кәсіптік жұмыс дағдыларын игеру, теориялық оқыту процесінде
алған білімдерін тереңдету және бекіту мақсатында бекітілген жұмыс оқу жоспарлары мен
академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.
Білім алушыларды практиканың барлық түрлеріне жіберу практикадан өту мерзімі,
практика базасы мен жетекшілері көрсетіліп, бұйрықпен ресімделеді. Практика
жетекшілері ретінде профессорлар, доценттер, кәсіптің ерекшеліктері мен практика
базаларының қызметін жақсы білетін тәжірибелі оқытушылар тағайындалады.
3. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС 3.1. Практиканы өткізу барысын ұйымдастыру Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, сырттай және күндізгі
бөлімде оқитын студенттер білім беру бағдарламасының бейіні бойынша жұмыс істеген
жағдайда оқу және өндірістік ("білім беру" білім беру бағдарламаларының тобы үшін –
педагогикалық) практикадан босатылады. Бұл жағдайда олар кафедраға жұмыс орнынан
анықтама және олардың кәсіби қызметін көрсететін мінездеме ұсынады.
Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, білім беру
бағдарламасының бейіні бойынша жұмыс істемейтін күндізгі нысанда білім алушылар
белгіленген тәртіппен практикаға жіберіледі
Кәсіптік практиканың қорытындысы бойынша одан сәтті өткен білім алушылар
кафедраға есептік құжаттаманы (есеп, күнделік, пікірлер және практика бағдарламасында
көрсетілген басқа да құжаттама) ұсынады, оны кафедраның практика жетекшісі тексереді
және қорғауға рұқсат береді.