«Ақша, несие,банктер» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына тапсырмалар жинағы



Pdf көрінісі
бет11/55
Дата10.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157579
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55
Байланысты:
ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАГЫ АНБ

 
6 есеп 
АҚ Тұран Әлем Банк пен Ұлттық банкпен корреспонденттік шот 
көшірмесін және клиенттердің есеп айырысу құжаттары қосылған құжаттар 
тізімін алды. Алынған есеп материалдарын тексергенде коммерциялық 
банкте екі төлем тапсырмасының (575 мың теңге және 63 мың теңге) 
жоқтығы анықталды. 
Тапсырма: 
- Ұлттық банктен алынған құжаттарды тексеру тәртібі қандай; 
- егер корреспонденттік шот көшірмесіне қосымша құжаттар берілмей 
қалған жағдайда банк қандай шаралар жасайды. 
7 есеп 
АҚ Тұран Әлем Банк 23 қазанда Алматыдағы АҚ Бахус есеп шоты 
бойынша (467816) төлемге келесі төлем тапсырмасын шот фактурасы 
бойынша алынған шикізат үшін қойылып отыр. Жабдықтаушы Тараз 
қаласының Казкоммерцбанкісінде (467018) есеп шоты ашылған. 
АҚ Бахус сол есеп айырысу шотында корреспонденттік шот арқылы есеп 
айырысуға қаражаттары жеткілікті. 
Тапсырма: 
- Ұлттық банктегі корреспонденттік шот арқылы есеп айырысу кезінде 
төлем тапсырмасының реквизиттерін орындау ережелерін айтыңыз; 
- банкпен төлем тапсырмасының даналары қалай толтырылады. 
8 есеп 
Ұлттық банктегі корреспонденттік шотта қалдық 42970 мың теңге, 
ағымдағы түсімдер — 12520 мың теңге, ағымдағы төлемдер 18999 мың теңге. 
Тапсырма: 
- банктердің корреспонденттік шоттары жүргізілетін баланстық 
шоттарды атаңыз; 
- Ұлттық банктегі банк корреспонденттік шоттарының толықтыру 
көздері қандай; 
- банктердің корреспонденттік шоттарында дебеттік қалдықтардың 
болуына жол беріле ме; 


- банктің корреспонденттік шотының қалдығын анықтаңыз. 
Бақылау сұрақтары: 
 
1. Қолма қолсыз есеп айырысу құжаттарына нелер жатады? 
2. Банктік шот ашу тәртібі қандай? 
3. Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторының құрылымы 
неден тұрады? 
4. Экономика секторларының кодын атаңыз. 
5. Төлемнің тағайындалу кодын қалай түсінесіз? 
6. Банкаралық есеп айырысу деген нені білдіреді? 
7. Корреспонденттік шотты ашу үшін не қажет? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет