61
сезінуге мәжбүрлейді. Бұл қызметтің мазмұнын талдау сон-
дықтан да бір-бірінен ерекшелікте болатын және өзара тығыз
байланысқан екі –
ұйымдастырушылық
және
психологиялық
аспектіден тұрады.
Басқару теориясы ұзақ уақыт бойы жалпы мінез-құлық тиім-
ділігі және жеке алғанда шешім қабылдау негізіне негізделеді.
Оның мәні жетекшінің өз мінез-құлқын жағдайдың барлық фак-
торларын барынша ескере отырып, тұрғызатынынан және
шешім қабылдауынан көрінеді.
Бұл басқарудың қатаң сұл-
баларының дамуын, «фирманың классикалық теориясының»
қалыптасуын шарттандырды. Бірақ адамға тән психофизиоло-
гиялық шектеулер қатаң тиімді мінез-құлық пен шешім қа-
былдауды мүмкін болмайтындай етеді, ал мұндағы барлық
объективтік факторларды ескеру мүмкін емес. Басты тезисі
психологиялық (субъективтік) ерекшеліктер –
бұл мінез-құ-
лықтың объективті шектеуші факторлары болып табылатын
«шектеулі тиімділік» тұжырымдамасы жасалынды. «Шешім
қабылдау мектебі» туындайды, фирманың классикалық тео-
риясы мінез-құлық теориясымен алмасады.
Басқару мен шешім қабылдау теорияларында қазіргі уақытта
екі негізгі –
нормативтік
және
дискриптивтік
тәсілдер бар.
Нормативтік тәсіл субъективтік және психологиялық фак-
торлардан дерексіздене отырып,
шешім қабылдаудың ереже-
лерін, идеалдық тәсілдері мен «рецептерін» жасауға бағыт-
талған. Дискриптивтік тәсіл, керісінше, бұл факторларды негіз-
гілер ретінде ескеруді талап етеді. Бірінші тәсілдің міндеті –
шешім қалай қабылданатынын, екіншісінің міндеті – бұл қалай
нақты жүзеге асатынын зерттеу. Басқарудың қазіргі теориясы
осы екі тәсілді сәйкестендіреді [38].
Шешім қабылдау қызметін ұйымдық талдау келесідей негізгі
бағыттардан тұрады:
1)
басқару іс-әрекетінің жалпы құрылымындағы шешім
қабылдау процестерінің орны мен
рөлін анықтау және оларды
басқарудың басқа қызметтермен өзара әсерлесуі;
2)
ұйымның осы қызметінің жүзеге асуына әлдеқайда күшті
әсер ететін ішкі және сыртқы орталардың негізгі өлшемдерін
талдау;
62
3)
басқару шешімдерін қабылдауды жасау процесінің нор-
мативтік құрылымын сипаттау және оның кезеңдерін анықтау;
4)
басқару шешімдерінің негізгі түрлері мен кластарының
сипаттамалары;
5)
басқару шешімдеріне қойылатын нормативтік талаптар.
Шешім қабылдау басқару іс-әрекетінің
жалпы құрылымын-
дағы рөлі жетекшінің ең маңызды басымдығы ретінде қарас-
тырылады. Бұл қызметті бәсеңдету – басқарудың жалпы про-
цесіндегі оның орнын үш жағдаймен анықтау:
1.
Шешім қабылдау қызметі – стратегиялық жоспарлау
процесінің маңызды кезеңі, ол стратегиялық балама мен стра-
тегияны жүзеге асыру кезеңдері арасында тұрақтанады. Осы
кезде жасалатын шешімдер бүкіл ұйымның қызмет етуі үшін
үлкен мәнге ие.
2.
Ол басқарудың басқа қызметтерін жүзеге асырудың өзін-
дік мезанизмі түрінде болады,
өйткені олардың қажетті ком-
поненті болып табылады. Мысалы, ұйым мақсаты олардың ба-
ламалары ішінен таңдап алу нәтижесінде айқындалады. Ұйым-
дастыру қызметі де оның құрылымын таңдауға байланысты бо-
лады. Жоспарлау қызметі дамудың қандай да бір стратегиялық
вариантымен ұштасқан. Бақылау қызметін жүзеге асыру да
бақылаудың формаларын, әдістерін және кезеңдерін таңдауды
білдіреді.
3.
Жетекші іс-әрекетінің кез
келген кезеңінде сонда шеші-
летін міндеттер мен мәселелерге қол жету дәрежесін бағалау қа-
жет. Қойылған мақсатқа жету немесе жетпеуге байланысты, же-
текші осы кезең аяқталды ма, келесіге өтуге мүмкін бе, сол туралы
шешім қабылдайды. Сонымен шешім қабылдау қызметі басқару
іс-әрекетінің бір кезеңдері мен сатыларынан екіншісіне өту рөлін
атқарады, сондықтан оны байланыстырушы ретінде анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: