Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет51/179
Дата11.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#157769
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   179
Байланысты:
Басқару психологиясы

Когнитивтік
 
супераддистивтілік
» 
құбылысы (топтық 
факторлардың оң ықпалы кезінде топ әрекетінің тиімділігі оның 
жекелеген мүшелері мүмкіндіктерінің жиынтығына қарағанда 
жоғары болады). 
2. «
Когнитивтік
 
инфрааддистивтілік
»
құбылысы топтық 
факторлардың теріс ықпалы кезінде топ әрекетінің тиімділігі 
оның жекеленген мүшелері мүмкіндіктерінің жиынтығына қа-
рағанда төмен болады). 


143 
Рөлдік
 
дифференциация
механизмі коллегиалдық басқару 
шешімдерінің жаңа қыры болып табылады. Бұл топтың әртүрлі 
мүшелері өздеріне шешім шығаруда белгілі бір рөлдер қабыл-
дайды; бұл формалардың айырмашылығынан, олардың шешім 
қабылдаудағы сипаты мен шамасына қарай байқалады. Бірлес-
кен шешімдерге қатысушылардың типтері – «сыншы», «эру-
дит», «идеялар генераторы», т.б. Бұл механизмдер шешім шы-
ғаруда 
көшбасшы
құбылысымен бірге жүреді [60].
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің әрекеттік, же-
келей және топтық ерекшеліктері өзара тығыз байланысқан. 
Олардың синтезінің арқасында басқару шешімдері заңдылық-
тарының тағы бір санаты – оларды 
жинақтайтын
интегралдық 
сипаттары туындады. Бұл жерде басты рөл тұтастай иерархияға 
және жекелей алғанда шешім шығарудағы иерархиялық ұйым-
дастыруға тиесілі. Шешім шығарудағы «соңғы сөз» жетекшінің 
үлесінде, осы тұрғыда ол қашанда жеке түрде болады. Бірақ бұл 
механизм, екінші жағынан, топтық таңдауды ұйымдастыру- 
дың 
құралы
болып табылады. Ол басқару шешімдерін қабыл-
дау процестерінің жаңа ерекшеліктерінің туындауына соқты-
рады. 
Шешімдердің маңызды қасиеті – оның 
іске
 
асырымдылығы

Бірлескен шешімдердің негізгі қиындылығы – жеке басым-
дықтарды (тұрғыларды, белгілерді, т.б.) агрегациялау мәселесі. 
Топты иерархиялау механизмі бұл мәселені шешуге мүмкіндік 
беретін құрал ретінде болады, нәтижесінде, топ паритеттік 
мәртебесін жоғалтады. Топтық таңдау мәселесі 
келісу
арқылы 
емес, жеке басымдықтарды жетекші вариантына 
бағындыру
ар-
қылы шешіледі. 
Иерархия принципінің ықпалымен басқарылатын жүйеде 
биліктік
қатынастар жүйесі шарттандыратын факторлардың 
жаңа тобы қосылады. Бұл – мәжбүрлеу, басу, бақылау, санк-
циялау, т.б. әрекеттері. Ол шешімді жасау мазмұны мен динами-
касын анықтайды. Жетекші билігімен қатар «бағыныштылар 
билігі» ретінде белгіленетін құбылыс бар, олардың арақатынасы 
«билік тепе-теңдігін» түзеді. Бұл – шешімдердің бүкіл про-
цесінің қуатты факторы, тиімді және салмақтанған шешімдер 
қабылдаудың маңызды шарты. 


144 
Шешімдер жасау үшін жетекші адамдар тобын өзі таңдайды. 
Бұл – жетекшінің иерархиялық ұйымдасқан жүйесіндегі жаңа 
функциясы: шешімдердің «субъективтік базисін» қалыптастыру 
функциясы. Ол шешім шығару жөніндегі бірлескен іс-әрекетті 
ұйымдастыруға байланысты нақтыланады. Бұл – бағалау, санк-
циялау, ынталандыру, түзету, үйлестіру, арбитраждау, мотив-
тендіру функциялары. 
Басқару шешімдерінің ақпараттық негізі – едәуір дәрежеде 
жетекші тікелей емес, қосалқы түрде алатын мәліметтер, сон-
дықтан олар түрлі мүмкіндіктердегі деформацияларға ұшырай-
ды, бұл жетекші шешімінің ақпараттық негізінің толымсыздығы 
мен бұрмалануына соқтырады. Ақпарат жинау салыстырмалы 
түрде автономды және күрделі мәселе бола түседі. 
Жүзеге асыру тұрғысынан алғанда, басқару шешімдерін қа-
былдау процестері жаңа психологиялық ерекшеліктерімен сипат-
талады. Олар көбінесе жетекшінің өзінің емес, бағыныштыла- 
рының іс-әрекетінде жүзеге асады, сондықтан шешім шығару 
күрделене түседі және басқа функцияларымен толығады. Бұл – 
шешімнің негізделгеніне сену, оны атқарушыларға дейін жеткізу, 
бұрынғысы сәтсіз болған кезде жаңа шешімдер ұсыну функ-
циялары. 
Шешімдер коллегиялы түрде қабылданады, бірақ олар үшін 
жауапкершілік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет