Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


Басқару іс-әрекетіндегі коммуникативтік



Pdf көрінісі
бет67/179
Дата11.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#157769
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   179
Байланысты:
Басқару психологиясы

3.7 Басқару іс-әрекетіндегі коммуникативтік
процестер 
Коммуникативтік процестер басқару іс-әрекетін ұйымдасты-
руда үлкен рөл атқарады, өйткені оның «субъект-субъектілік 
сипаты» жетекші мен қол астындағылар арасындағы тұрақты 
байланыстардың болуын білдіреді. «Коммуникация» ұғымында 
бірқатар аспектілерді ажыратады: 
1. Коммуникативтік функция басқаруды тұтастай алғандағы 
негізгі және өзіндік ерекше функцияларының бірі ретінде. 
2. Жетекшінің коммуникативтік мінез-құлқы осы функцияны 
іске асыруға бағытталған; вербальды мінез-құлық айрықша рөл 
атқарады. 
3. Тұлғааралық жанасулар барысында пайда болатын коммуни-
кативтік құбылыстар мен заңдылықтар, психологиялық әсерлер. 
4. Тілдесуді қамтамасыз етуші психологиялық механизмдер 
болып табылатын коммуникативтік процестердің өзі. 
Вербальдық мінез-құлық психологиясы басқару психология-
ның ауқымды және дербес саласы, көлемі жағынан тұтастай алған-
да іс-әрекетті басқару психологиясымен салыстырмалы болады. 
Тілдесу мен іс-әрекетті басқару процесін және жетекшінің сондағы 
мінез-құлқын сипаттайтын екі негізгі және «теңқуатты» ұғым. 
Коммуникация – бұл басқарудың сыртқы жағы, оның тікелей 
практикасы, сондықтан олар оқып-үйренуге әлдеқайда жеңіл. 
Басқаруда іс-әрекетті психологиялық сипаттау үшін комму-
никациялардың сыртқы жағы емес, солардың негізіне жататын 
және жетекшінің коммуникативтік мінез-құлқын қамтамасыз 
ететін психологиялық процестер, құбылыстар мен заңдылықтар 
негізгі мәнге ие. 
Жетекшінің
 
коммуникативтік
 
мінез
-
құлқы
 
Жетекшінің тиімді коммуникативтік мінез-құлқының негізі 
болып табылатын ережелер мен талаптарды сақтау практикалық 
және теориялық көзқарас тұрғысынан алғанда ең үлкен мәнге 
ие. Тиімсіз коммуникациялар нашар жетекшіліктің басты себеп-
терінің бірі.


172 
Жетекшінің коммуникативтік мінез-құлқы төмендегідей бір-
неше негізгі топқа бөлінеді: басқа функциялар мен мәселелер-
дің атқарылуын қоштайтын параллель коммуникациялар; әң- 
гімелесулер мен келісімдер; іскерлік кеңестерді ұйымдастыру 
және өткізу; жетекшінің көпшілік алдында сөйлеуі; қол астын-
дағыларға олардың іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында әсер 
ету формасы түріндегі сөздік атқарымдық іс-әрекет. Сондай-ақ 
коммуникацияның вербальды емес формалары – мимика, пан-
томимика және жазба түрлері бар. Бұл түрлердің әрқайсы- 
сы жетекшінің сөздік мінезіне өзіндік ерекше талаптар қояды. 
Тілдің жалпы мәдениетіне негізгі талаптар қойылады. Олар-
дың арасындағы ең маңыздысы – 
лингвистикалық
 
нормаларды
сақтау.
Тіл мәдениетінің ажырамас компоненті – алдымен идеалды, 
сонан кейін вербальды тұрғыда тұжырымдалуға тиіс хабардың 
ақпараттық қашықтығы. 
Коммуникация тиімділігі фразалардың тұрғызылуындағы тү-
сініктілік пен құрылымның қарапайым болуынан көрінеді. 
Тілдегі қателік көңіл-күйлік бояманың болмауы және оның 
гипертрофтануы; айтылу мазмұнының үйлесімділігі және оның 
көңіл-күйлік қанығу шамасы қажет. 
Дәл осындай талап коммуникацияның вербальдық және 
вербальдық емес құралдарының сабақтастығына да қойылады. 
Коммуникацияларды олардың мақсаттық бағытталуын еске-
ре отырып тұрғызу қажет; мазмұны бойынша олар өзі сол үшін 
жүзеге асатын мәселеге сай болуға тиіс.
Тіл мәдениетіне қойылатын маңызды талап – оның адресат 
ерекшеліктеріне баламалығы. 
Бұл талаптардың барлығының сабақтастығы – жетекшінің 
коммуникативтік біліктілік шарттарының бірі, ол әңгімелесулер 
мен келіссөздер жүргізу кезінде әлдеқайда толығырақ байқала-
ды. Бұл кезде өзіне тән ережені де сақтаған жөн: әңгіменің бі-
рінші кезеңдерінен байланыс орнату; әңгімеге мұқият дайын-
далу (өз мақсаттарының нақтылығы, өз мінез-құлқының такти-
касы); тыңдай білу шеберлігі; әріптеске деген құрмет пен зейіні; 
асығыс тұжырым жасамау; қорғансыз болмау; қажетсіз таласқа 
араласпау; әңгіме алып келуі мүмкін нәтиже туралы ұмытпау. 


173 
Бұл талаптар іскерлік кеңестер барысында да оң болады. Бес 
негізгі кезең атап көрсетіледі: кеңестің басталуы; негізгі ақ-
паратты беру; дәлелдеу; қарсы дәлелдерін бейтараптандыру
немесе жоққа шығару; шешім қабылдау. Оларға іскерлік 
кеңестер өткізудің бес негізгі принципі әрбір негізгі кезең үшін 
сай келеді: 
1)
қатысушылардың зейінін проблемаға аудару, олардың 
талқылауға қатысу қажеттігін түсіндіру; 
2)
талқыланатын проблеманың әлдеқайда тиімді шешілуіне 
қатысушылардың жеке қызығушылығын ояту; 
3)
барлық айтылған пікірлерді барынша дәлелдеу; 
4)
бөтен дәлелдерді жоққа шығарудан бұрын, олардың нақ-
ты себептерін ашуға тырысу; 
5)
түбегейлі шешім шығаратын кезде кеңеске қатысушы-
лардың қызығулары мен мүдделерін ескеру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет