228
тиiмдi теңдiктi қалыптастырады; қатынастар жүйесiнiң дамуы-
на, өзгеруiне әсер етедi, инновацияға жол ашады; дау-дамай
арқылы адамдар бiрiн бiрі жақсы бiле бастайды, яғни оның ин-
формациялық рөлi зор; бiрдей ойлайтын адамдарды әлеуметтiк
топ, ұйым ретiнде бiрiктiредi; адамдардың белсендiлiгiн оятады;
адамдарда жауапкершiлiк артады, олар өздерiнiң маңыздылы-
ғын сезедi; сын уақытта адамдардың бiрден бiлiнбейтiн жа-
ғымды және жағымсыз қасиеттерi көрiнедi, олар бiрiн бiрi ба-
ғалай бастайды; жағдайдың, мәселенiң анықсыздығын жоюға
немесе азайтуға үлкен септiгiн тигiзедi.
Негiзгi негативтi қызметтерi: әлеуметтiк климаттың нашар-
лауы; еңбек өнiмдiлiгiнiң төмендеуi; кейде дау-дамайды шешу
үшiн кейбiр жұмыскерлердi жұмыстан босатуға немесе белгiлi
бiр санкция орнатуға тура келедi; екi жақтың бiр-бiрiн дұрыс
қабылдамауы; дау-дамай уақытында және дау-дамайдан кейiнгi
кезеңiнде қарсы жақтардың арасында келiсушiлiктiң, ынты-
мақтастықтың азаюы; дау-дамайды шешу үшiн жұмсалатын
материалдық немесе эмоционалдық шығынның болуы; бүкiл
әлеуметтiк жүйе немесе оның бөлек элементтерi бұзылады,
жойылады.
Дау-дамайдың зерттелiп жатқан негiзгi түрлерiнiң бiрi –
Достарыңызбен бөлісу: