Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет80/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Жергілікті ем.
Жергілікті ем процесстің жеделдігін, 
тереңдігін, орналасу орны мен ағзамен көтере алуын ескере 
отырып тағайындалады.
Беткей пиодермиттер жалпы емсіз-ақ жергілікті емге 
жазылады. 
Остиофолликулит, 
фолликулит, 
импетигоның 
көптеген түрлерінде анилин бояуының 1-2%-қ спирттік ерітіндісі, 
фукорцин, 5%-қ левомицетин спирті немесе 3%-қ бор спиртін 
қолданып, артынан құрамында антибиотигі бар майлар 
(эритромициндік, линкомициндік, гелиомициндік) жағады. 5%-қ 
левомицетин линиментін де қолдануға болады. Бірен-саран 
фурункул кезінде ихтиолды қолданады. Ашулардан кейін 
гипертониялық ерітінді немесе адсорбирлеуші қасиеті бар – 
левосин, левомиколь, диоксиколь – майлар тағайындалады. 
Дегенмен, беттің жоғарғы бөлігінің жалғыз фурункулын 
инфекцияның көшіктену мүмкіндігіне байланысты жалпы жүелі 
түрде емдейді. 
Көпіршіктер мен пустулаларды ашу алдында 2%-қ бриллиант 
көгі, фуксин қосылған не қосылмаған (ашық аймақтарда) 
фукорцинмен өңдейді. Процесс қыртыстарда орналасса, бұл 
препараттардың 
судағы 
ерітіндісін, 
сондай-ақ 
калий 
перманганатының 1-2%-қ ерітіндісін, резорциннің 1-2%-қ 
ерітіндісін, 1-4%-қ хлорофиллипт немесе микроцид ерітіндісін 
қолданады. Ошақтардың өршуін антисептиктермен басқаннан 
кейін дезинфекциялық пасталар (Лассар пастасы, цинк-
нафталиндік, резорцин-висмутты, т.б.), сонымен қатар микробқа 
қарсы майлар жағады. 
Стоматологтар тәжірибесінде кездесетін және науқастар үшін 
қауіпті болып келетін пиококктық аурулардың ішінде ерінде 
(немесе мұрын-ерін үшбұрышында) орналасатын фурункулды
атап өту керек. Қауіпі осы аймақтың алдыңғы бет венасы арқылы 
мидың 
кавернозды 
синусымен 
тығыз 
байланысымен 
түсіндіріледі. Бұл жолмен инфекция енгенде менингит, мидың 
кавернозды синусының тромбозы дамып, өлімге әкелуі мүмкін.
Стрептококкты импетиго 
ерінде 
орналасқанда процесс ауыз 
қуысының кілегей қабатына тез тарап, сол жерде де тез жарылып 
кететін фликтендер пайда болуы мүмкін. Олардың орнында 


іріңді-фиброзды жабындылы ауырсынатын эрозия пайда болады. 
Пиодермиялардың тпті емес формаларының ішінде дәрігер-
стоматолог жиі, еріндердің қызыл жиегінде орналасатын, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет