ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education 125
E)Кеш батқаннан кейін
4. Жаз айларында қанша уақыт күнге қыздырыну керек?
A)Аптаның төрттен бір бөлігін, бір сағаттың екіден бір бөлігін
B)Апта бойы, бір сағат толық
C)Аптаның екіден бір бөлігін, бір сағаттың үштен бір бөлігін
D)Аптаның үштен бір бөлігін, бір сағаттың төрттен бір бөлігін
E)Аптаның бестен бір бөлігін, бір сағаттың үштен бір бөлігін
5. D дәрумені адамның сөйлеу мүшесінің қайсысына пайдалы?
A)Жақ
B)Тіл
C)Таңдай
D)Тіс
E)Ерін
6. Қандай теріде күн сәулесі әсерінен болатын D дәрумені көп өндіріледі?
A)Қара түсті
B)Сары түсті
C)Торы түсті
D)Баран түсті
E)Қоңыр түсті
2014 жылғы Қазақстандық кинолардың шымылдығын ашқан «Фуга»-дан кейін Баян Есентаеваның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі көпшілік қауымның назарына ұсынылды. Сол кинокартина жайында жазылған мәліметтермен мұқият танысып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Нұрлан . Фильмнің прокаты 8, 9, 10 наурыз күндері мерекелік демалысқа
келгеннен соң, сол күні дәл оған ғана емес барлық киноларға, барлық
кинотеатрларда түнгі 12-ге дейін билет болмай, «Ханшатырдан» ең соңғы сеансқа
билет барын біліп, соған кіруге тура келді.
«Абайлаңыз, сиырдың!» жарнамасы әлеуметтік желілерде біраз сайрап тұрды.
Пиар қадамдардың бірі болу керек, «Абайлаңыз, сиырға!» мүлдем билет жоқ»
деген жазбалары бар суреттерді де көрген боларсыздар. Содан халық «бұл неткен
кино екен» деп мерекеден кейін де кинотеатрға ағылып жатты. Мен де соның бірі
болдым...
Жанерке. Қазіргі уақытта отандық фильмдердің сапасы «уааау» деуге
келмейді ғой. Бірақ осы олқылықтың орнын толтырып, орысша-қазақша аралас
болса да қолына алып жатқан Баян Есентаеваға тек рақмет айтамыз! Не дегенімен,
фильм түсіру кез келгеннің қолынан келе бермейді, үлкен еңбекті, шыдамдылықты
қажет етеді. Оны түсінетін бар, түсінбейтін бар.
Гүлмайра . Шетелдік фильмдерді көріп өскен ұрпақ бәрібір шетелмен
салыстырамыз да, «жаман, нашар» деп бағалай саламыз. Әрине қазір 3D-ны қойып
шетелдік фильмдер Imax-тан көрсетіп жатқанда, іштері ашып солай бағалайды да:
«Неге біздікілер солай жасай алмады?» деген ой келеді. «Қазақфильм» бастаған
Қазақстанның киногерлері бұған: «Техника жоқ, маман жоқ, қаржы жоқ»-деп
ақталады да қояды. Бірақ біз жыл өткен сайын үмітімізді үзбейміз, әр қазақстандық
фильм шыққан сайын ол алдыңғысынан жақсы болар деп барудамыз. Кино