ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education 215
7. Әмір Темірдің қабірі қай жерде орналасқан?
A)Таққа отырған жерінде
B)Жорықта жүрген жерінде
C)Қайтыс болған жерінде
D)Басып алған жерінде
E)Туған жерінде
8. Орыстар неліктен жер көлемін ұлғайтып, үлкен мемлекет құра алды?
A)Әмір Темір Ұлы Түрік хандығын басқара алмағандықтан
B)Әмір Темір орыстарға жаулап алған жерлерін бергендіктен
C)Әмір Темір Алтын Орданы құлатқандықтан
D)Әмір Темір Анадолыны басып алғандықтан
E)Әмір Темір Орта Азияны билей алмағандықтан
9. Әмір Темірге неліктен Ақсақ Темір аты берілген?
A)Дұшпандары жек көргендіктен
B)Соғыста аттан құлап, қолын жарақаттағандықтан
C)Соғыс кезінде аяғына оқ тигендіктен
D)Аяғы кем болып туылғандықтан
E)Соғыста аттан құлап, аяғын жарақаттағандықтан
10. Үзіндіден Әмір Темірдің қандай қасиетін көруге болады?
«Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады»
A)Көріпкел
B)Ақылды
C)Білімді
D)Саясаткер
E)Батыр
11. Мәтіннің стилі қандай?
A)Ғылыми стиль
B)Ауызекі сөйлеу стилі
C)Ресми іс-қағаздар стилі
D)Көркем әдебиет стилі
E)Публицистикалық стиль
12. Әмір Темірге неліктен Гурган атағы берілді?
A)Қиратқан қалаларын қалпына келтіргендіктен
B)Шыңғыс ханның ұрпағына үйленгендіктен
C)Түрік қағанатын басқарғандықтан
D)Жошы ұрпағымен отбасын құрғандықтан
E)Белх билеушісі болғандықтан
1.Мидия, Лидия, Вавилония және Египетті басып алған парсы патшасы Кир
ендігі кезекте өзіне көмектескен сақ жеріне көзін алартады. Кең далада емін-еркін
жүріп өскен сақтардың күш-қуатын білетін Кир массагеттер жерін айламен өз
қарамағына өткізуді қарастырады.
2. Бұл кезде сақ патшасы қайтыс болып, елді оның жесірі Томирис басқарып
тұрған еді. Осы сәтті жақсы пайдаланғысы келген Кир елшісі арқылы Томириске
құда түсіп, әйел қылып алғысы келетінін білдіреді. Бірақ Томирис Кир өзіне емес,