ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education 229
19. «Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен.
Мендегі жалыз тілек осы!» деген сөйлем автордың қандай сезімін көрсетеді?
A)Балалардың өміріне алаңдау
B)Балаларға жақсы тілек айту
C)Үкіметке үміт арту
D)Балалардың тағдырын шешу
E)Балаларға қол ұшын беру
20. «Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа -
тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты» деген сөйлем
кішкентай қыздың қандай әрекетін көрсететінін болжаңыз.
A)Шарасыздығы
B)Жек көрушілігі
C)Жиіркеніші
D)Сенімділігі
E)Өкініші
42-НҰСҚА Жиһанкез өзінің қыпшағын еш уақыт тастаған емес. Қыпшағының қос ішегі
алыста қалған туған жердің шерменді үнін қозғап, өткен күндерді, албырт жас
шағын, от басында тұрып ән салған қыпшақтың жас сұлуларының әсем әндерін,
айлы түндердегі жер солқылдатқан сарбаздар биін еске салатын. Сондайда ол
музыка жайлы кітабын бітірсе, туған жерін есіне түсірер осынау сұлу сезімді
мұңлы саздардан айырылып қалатындай боп қорқатын.
Туған жерін еске алғанда оның көңілін ылғи жабырқау мұң басатын. Әсіресе
соңғы жылдарда мүлде торлап алды. Туған жеріне бір қиялмен шарлап келмей
көңілі орнына түспейді. Әрине, жер ортасынан асқан шақта ғұмырының жартысын
білім қуып жат өлкеде тентіреумен өткізген жанның көкірегінде болар табиғи
сағыныш еді бұл.
1.Мәтіндегі ойға сәйкес келетін мақал-мәтелді табыңыз.
A)Көшерін жел, қонарын сай біледі.
B)Мың асауға бір тосу.
C)Жамандық қөрмей жақсы болмас.
D)Туған жердей жер болмас.
E)Ерді ел теңгерер.
2.Мәтіннің 1-ші бөлімінде не туралы айтылған.
A)би туралы
B)қыздар туралы
C)кітап туралы
D)аспап туралы
E)ән туралы
Бұрын бір тышқан болыпты. Ол өте ақкөңіл, достарымен тату екен. Бірақ жаңа
келген мысық оған тыныштық бермепті.