Оқу сауаттылығЫ



Pdf көрінісі
бет3/515
Дата15.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#158244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   515
Байланысты:
Оқу Сауаттылық 100 нұсқа

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
https://vk.com/mega_education
 

алдыңғы қымбат билеттер бірінші сатылып кетеді. Ал қазақша қойылымдарға ары 
кетсе 30 адам келеді. Оның өзінде де ата-аналар ең арзан билеттерді алуға 
тырысады. «Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген 
түсінік қалыптасқан. 
ІІІ.
Бүгінде қазақтар шетелге жиі саяхаттайды. Біріккен Араб Әмірліктерінен 
Алматыға қарай ұшаққа отырарда қасымдағы жеткіншек қазақ баланы сөзге 
тарттым. «Ал, арабтардың әмірліктерінен не көріп қайттың?» деп сұрадым. Сол 
кезде 12-13 жас шамасындағы баланың жауабына көңілім толмай қалған еді. Бар 
айтқаны – ана шетіндегі жағажай, мына шетіндегі жағажай, биік-биік ғимараттар, 
дүкендер… Өзім танысқан бірнеше мұражайды атап едім, «бармадық» деп басын 
шайқады. «Сонда бұл халық туралы не біліп қайттың?» деп сұрадым. Тағы да 
мардымды жауап бере алмады. Сонда бір елге барып тұрып, мәдениеті мен 
тарихымен танысуға қызықпағандары қалай? Тіпті, тілін түсінбейтін болсаң да, 
шетелдің театрына бас сұғып қайтсаң, көп жайды аңғарып қайтуға болады. 
Мәселен, Сеулде фольклорлық «Nanta» атты театр бар. Билетінің бағасы біздің 
театрлардан он есе қымбат тұрады. Алматыдағы балалар спектакльдерінің билет 
құны – 400-600 теңге, Астананың Жастар театрында балалар билеті – 300 теңге. Ал 
«Nanta» билеті шамамен 5000 теңге көлемінде. Соның өзінде, екі барғанымда да 
үлкен залда бос орын болмады. Атауы «ретсіз дыбыстар» деген мағынаны беретін 
бұл театрға кәрістер үш жасар баласын да ертіп келеді. Ал бізде актер болуды 
армандайтын кей бала театр көрмей өседі… 
IY
. Шыны сол, қазақтар бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін 
қоса бермейді. Күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, ұл-қыздарын анда-санда болса 
да, театрға ертіп баруды ойластырмайды. Қажет көрмейтіндері де бар. 
Қарлығаш Досанова 
(«Ұлан»,10.02.2015)
7. Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай? 
A)Дәлелдейді 
B)Зерттейді 
C)Нақтылайды 
D)Суреттейді 
E)Сипаттайды 
8. Мәтіннің негізгі ойы қай сөйлеммен сәйкес келеді? 
A)Елімізде театр санын арттыру керек 
B)Қуыршақ театрының қойылымдары сапасыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   515




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет