ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education 346
Парсылардың мазағына тапталғысы келмеген Спаргапис ажалдан намысты жоғары
қояды.
6. Баласының мерт болғанын естіген Томирис парсыларға қарсы жорығын
бастайды. Екі жақтың да жауынгерлері шегінбестен ұзақ уақыт соғысады.
Ақырында сақтар жеңіп, парсы әскерінің тас-талқанын шығарады. Жан алып, жан
беріскен осы қақтығыста Кир патшаның өзі де бақилық болады. Парсы
патшасының мәйітін тапқызып, басын алдырған Томирис: «Сен менің ұлымды
зұлымдықпен мерт етіп, мені тірідей өлтірдің. Сондықтан да сені қанға
тұншықтыруға ант берген едім. Енді сол қанды тойғаныңша іш», – деп, кесілген
басты қанға толы торсыққа салуды әмір етеді. Сақтардың әйел патшасы өз антын
еш бұзбастан орындаған екен.
13.Спаргапистің намысшылдығы қай азатжолдан көрінеді?
A)Екінші
B)Бесінші
C)Төртінші
D)Үшінші
E)Бірінші
14.Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай?
A)Сақ патшасының ержүректілігін өнеге тұту
B)Мидия патшасының ақылдылығын дәріптеу
C)Парсы патшасының батылдығын насихаттау
D)Спаргапистің соғыстағы жеңісін үлгі тұту
E)Кирдің жеңісін мақтан ету
15.Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай?
A)Ойды қорытындылайды
B)Ойды дамытады
C)Ойды пайымдайды
D)Ойды салыстырады
E)Ойды тұжырымдайды
16.Неліктен Томирис Кирдің ұсынысынан бас тартты?
A)Кирді ұнатпағандықтан
B)Елінің тәуелсіздігін ойлағандықтан
C)Соғысқа дайын болғандықтан
D)Өзі ешкімге тәуелді болғысы келмегендіктен
E)Парсы жерінде тұрғысы келмегендіктен
17.Кир қандай патша?
A)Ашкөз
B)Ержүрек
C)Ақымақ
D)Ақылды
E)Батыл
18.Томирис неліктен парсы патшасының мәйітін іздетті?