Оқу сауаттылығЫ



Pdf көрінісі
бет355/515
Дата15.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#158244
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   515
Байланысты:
Оқу Сауаттылық 100 нұсқа

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
https://vk.com/mega_education
 
380 
таңғы жұпар ауаны көкірегін кере жұтып, ойын бір арнаға түсіріп, өзінің 
жазбаларын жалғастыруға әзірленетін. 
Сайраған құстар әні оны көптен бері арман етіп жүрген музыка жайлы кітап 
жазуға итермелейтін. Парақ-парақ қағаздар бетінде музыкалық ноталардың толып 
жатқан белгілері жазылған. Құстар үнінің ырғақты саздарын ден қоя тыңдап, әр 
дыбысқа дәл анықтама беруге тырысатын, музыка өз ойларын, түйгендерін қағаз 
бетіне түсіріп, оның тарихы мен теориясын жүйелеумен шұғылданды. Ал сол 
үздік-создық ойларын бір кітап етіп, ертедегі гректер мен индустардың музыка мен 
музыка аспаптары жайлы ғылымның негіздері бар еңбектерін тегіс зерттеу қажет. 
(174 сөз) 

Ә.Әлімжанов « Ұстаздың оралуы», «Жазушы» Алматы 


1.Бағбанды ең ерекше күйге енгізетін сәтті белгілеңіз 
A)Әупілдектің сиқырлы әніне елтуі 
B)Бұлбұлдың таңғы үнін естуі 
C)Қоңыр салқын самал желдің соғуы 
D)Құстардың сайраған үніне таңдануы 
E)Таңғы жұпар ауамен тыныстауы 
2.Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты көрсетіңіз. 
1.Сайраған құстар әні оның музыка жайлы кітап жазуына кедергі болатын. 
2. Алыс таулардан соққан қоңыр самал жел ескенде ғана құстар улап-шулап 
қоя беретін 
A)Екеуі де дұрыс 
B)Дұрыс жауап жоқ 
C)Тек екіншісі 
D)Тек біріншісі 
E)Екеуі де бұрыс 
Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 
125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі 
қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз 
болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте 
қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. 
Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын, Азияның 
оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім, 
аязға өте төзімді жануар. 
Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың 
арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем 
мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай аударылады. Бұл мезгілде олар 10-
15-тен топтанып жүреді.Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, көбіне егіз 
туады. Арқарлардың басты жауы – қасқыр мен барыс. 
Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-
жылға азайып барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. Қазақстан 
Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос қойымен 
будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды арқар-меринос қойын 
шығарды. (166 сөз) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   515




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет