7. Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын
әдістемелік тақырыптар
Әдістемелік бірлестік отырыстарында «Қазақстан тарихы» пәні
мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас
мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық
топ және т.б.) бойынша ұсынылатын тақырыптар
:
–
Оқу бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау мен критериалды
бағалау;
–
Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі;
–
Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі;
212
–
Білім алушылардың тарихи ойлау дағдысын қалыптастыратын белсенді
әдістер;
–
Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру;
–
Зерттеу жұмысын жүргізуде құндылыққа бағытталған тәсілдерді
қолдану;
–
Білім беруде қолданылатын цифрлық технологиялардың тиімділігі.
–
Жаңа ақпараттық құралдардың ерекшеліктері мен тиімділігі;
–
Цифрлық білім беру ортасындағы заманауи оқыту құралдары;
–
Өзара әрекеттесу және оқыту үшін әлеуметтік желіні қолдану
технологиясы;
–
Инновацияларды және цифрландырудың озық практикаларын оқу
процесіне енгізу;
–
Киберкеңістікте ақпаратпен қауіпсіз жұмыс жасаудың
психологиялық- педагогикалық негіздері.
–
Сабақты талдау мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту құралы ретінде
–
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар үшін білім беру
процесін ұйымдастыру
–
Факультативтік сабақтар мен элективті курстарды ұйымдастыру.
«Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік
кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның
ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесі.
2022-2023 оқу жылында қолданылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік
құралдардың тізімі «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың,
мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-
әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22
мамырдағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР БҒМ-нің 2022 жылғы 21
маусымдағы № 291 бұйрығымен бекітілген.
2022-2023 оқу жылында «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша келесі оқулықтар
қолданылады:
✓
5-сынып – 5-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің оқулықтары (
ежелгі
заман: шамамен 1 млн жыл бұрын – V ғасыр
);
✓
6-сынып – 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің оқулықтары
(ортағасырлар кезеңі: V - XVII ғасырлар);
✓
7-сынып – 7-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің оқулықтары (
жаңа
заман кезеңі: XVIII -XIX ғасырлар)
;
✓
8-сынып – 8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің оқулықтары
( қазіргі
заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың бірінші жартысы);
✓
9-сынып – 9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің оқулықтары
(қазіргі
заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың екінші жартысынан бүгінгі күнге дейін).
213
8. «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін
арттыру
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сабақтарды жоспарлау және
ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар
аудару қажет.
Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтар. Сондықтан «Қазақстан тарихы» пәні бойынша
Рухани жаңғыру идеясы негіздерінің құндылықтарын «Елдіктің жеті тұғыры»
қағидаларын оқыту мен тәрбиелеуде жүзеге асыру ұсынылады.
«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарын:
«Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық» принципі
бойынша пән мазмұнындағы ел тәуелсіздігі жолындағы күрестер тарихы,
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы, «Мемлекеттік тәуелсіздік
туралы» Конституциялық заңының қабылдануының тарихи маңызы
тақырыптары арқылы тамыры терең тарихымызға құрметпен қарап,
мемлекеттілігімізді қадірлеу, оны көздің қарашығындай қорғауға;
«Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры» принципі (Қазақстан
халқы Ассамблеясы, Білім беру мен ғылым, Қазақстан Республикасы
Конституциясы мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі тақырыбы аясында)
бойынша халқымыздың бірлігі мен этносаралық татулығын сақтауға;
Конституцияны қастерлеу, мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды
қадірлеуге;
«Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы» принципі бойынша ел мен
жерді қорғау үшін болған тарихымыздағы соғыстарды зерделеу арқылы ата-баба
аманатына адал болып, ұлан-ғайыр жерімізді қорғауға;
«Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі» принципі бойынша.
ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтарды, үлкенге – ізет, кішіге – құрмет
көрсетуді дәріптейтін ата дәстүрімізді берік ұстануға ;
«Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі» принципі бойынша тарихты
білу, мәдени құндылықтарды тану, мәдениетімізді зерделеп, өзге жұртқа
насихаттай білуге;
«Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті» принципі бойынша табыстың
кілті ретінде үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуге;
«Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі» принципі бойынша
білім алушыларды барынша қанағатшыл, үнемшіл, ұстамды болып, уақытты
орынды пайдалануға тәрбиелеуді «Қазақстан тарихы» пәні мазмұнында
қамтылған тақырыптарды меңгертуде жүзеге асыру ұсынылады.
Бұл білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық
жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болады.
Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани
жаңғыру»
бағдарламасын
іске
асыру
жағдайындағы
Тәрбиенің
тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес жүзеге асырылады.
«Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық
тәрбие»
бағыты білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін,
құқықтық және азаматтық сана-сезімді, жеке бас бостандығы мен ар-намысының
214
құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, толеранттылықты, еңбекке деген
құрметті, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады, зорлық-зомбылық пен
агрессиялық ой-пиғылдың, әртүрлі типтегі кемсітушіліктің алдын алуды
қарастырады.
Оқыту процесіндегі «Қазақстан тарихы» пәнінің тәрбиелік әлеуетін
арттыру үшін
«Тарих тағылымы» мен «Қазақ мәдениетінің антологиясы»
әлеуметтік жобалары, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Ұлы
дала мұрагерлері» жобасын іске асыруды жалғастыру ұсынылады.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік іс-
шараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2022-2023 оқу жылында аталып
өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:
1. Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына – 355 жыл;
2. Кенесары Қасымұлының туғанына – 220 жыл;
3. Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл;
4. Дінмұхамед Қонаевтың туғанына – 110 жыл;
4. Мәншүк Мәметованың туғанына – 100 жыл;
5. Талған Бигелдиновтің туғанына – 100 жыл;
6. Шерхан Мұртазаның туғанына – 90 жыл;
7. Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне – 30 жыл;
8. Қазақстанның БҰҰ құрамына кіргеніне – 30 жыл;
9
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |