65
ұйымдастыру нәтижеге бағытталған даму механизмін құрайды. Бала
жоспарланған мақсатты жүзеге асыруға ұмтылады.
Дамытушы орта балалар мен ересектердің қарым-қатынасы мен бірлескен
әрекетін, балалардың қимыл белсенділігін, сондай-ақ олардың оңаша болуына
мүмкіндікті қамтамасыз етуі керек.
Дамытушы орта мыналарды:
• Үлгілік бағдарламаның міндеттерін іске асыруды;
• инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда — оған қажетті жағдайлар
жасауды;
• білім беру әрекеті жүзеге асырылатын ұлттық-мәдени, климаттық
жағдайларды ескеруді;
• балалардың жас ерекшеліктерін ескеруді қамтамасыз етуі тиіс.
Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын жалпы талаптар:
- қауіпсіз;
- қолжетімді;
- әртүрлі;
- мазмұнды;
- көп атқарымды;
- өзгермелі;
- тартымды.
Мектепалды даярлық топтарында (сыныптарында) заттық-кеңістіктік
дамытушы ортаға қойылатын талаптар:
дамытушы модульдер, күрделі пазлдар, құрастырылатын ойыншықтар,
сауат ашу, алғашқы математикалық ұғымдарды игеруге ықпал ететін әртүрлі
материалдар, баспа әріптері, сөздер, кестелер, үлкен шрифті бар кітаптар,
боямақтар, сандары бар оқулықтар, сандары мен әріптері бар үстел үсті
ойындары, ребустар, оқу құралдары, балалар энциклопедиялары, ғаламшардың
жануарлары мен өсімдіктер әлемі, әртүрлі елдердің адамдарының өмірі туралы
иллюстрацияланған басылымдар, балалар журналдары, альбомдар, суреттер мен
карточкалар.
Сонымен қатар, көптеген импровизациялауға ыңғайлы материалдардың
болуы маңызды (арқан, қорап, сым, доңғалақтар, ленталар және т.б.). Олар ойын
барысында балалардың әртүрлі креативті идеяларын іске асыруда,
шығармашылық шешім қабылдауында қолданылатын болады.
Сондай-ақ, балаларға ойын барысында бастама танытуға, өз
қызығушылықтарына сәйкес әрекеттерді таңдауға мүмкіндік беру үшін
педагогтерге дамытушы ортаны жеткілікті және әртүрлі материалдармен байыту
ұсынылады.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында
заттық-кеңістіктік ортаны ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығына
сәйкес зоналар бойынша жарақтандыру ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: