115
белсендендіру қажет. Әдебиет сабағындағы пәнаралық байланыс оқушылардың
эстетикалық талғамын және сурет, музыка, кино өнерлеріне ұмтылысын
қалыптастырады. Шығармадағы тарихи шындық пен көркемдік шешім көрінісін,
топонимикалық, ономастикалық атаулардың маңыздылығын түсіне отырып,
оқылған шығарманы бейнелеу және музыка өнерімен ұштастыра отырып,
пәнаралық байланысты
кеңінен қолдану
оқушының дүниетанымын
қалыптастырады.
Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде
мұғалімдердің қолданатын оқыту тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер)
маңызды болып табылады.
Мұғалімнің сабаққа әзірлейтін тапсырмалары келесі критерийлерге сәйкес
болуы қажет:
-
тапсырманың, оның мақсаты мен орындалуының қолжетімділігі;
-
сараланған тапсырмаларды ұсыну;
-
сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беру;
-
проблемалық оқытуға негізделуі.
Эссе, шығарма жазу, презентация жасау және т.б. бойынша тапсырма беру
барысында оқушыларды тапсырманың критерийлерімен таныстыру ұсынылады.
Оқытудың барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі.
Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда,
оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сындарлы
оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастырыла отырып,
жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы:
оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге ықпалын
тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген
таяз білім болады. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету
үшін қажетті жоғарыда аталған сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да
дағдыларды, алған білімін өмірде қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар
білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді
қатысуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: