Негіздері



Pdf көрінісі
бет115/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

ері
— соңғы, 
genesis
— шығу тегі) теориясын бірінші 
болып Аристотель қалыптастырған, бірақ ол идеалистік мән берген. 
Эпигенетиканы жақтаушылар Декарт, Мопертюн, Антуан Мэтр-Жан, Джон 
Нидхэм. Эпигенетикалық кезқарастың механикалық түсіндірмесін ХҮІІ 
ғасырда Декарт қалыптастырған. Эпигенетикалық теорияға Гарвейдің 
кӛзқарасы жақын болған, бірақ ол эпигенезді виталистік тұрғыдан 
түсіндірген. Эпигенетиктер мен преформистер арасындағы таласты шешуде 
және эмбриологияны ғылым ретінде қалыптастыруда Сан-Петербург Ғылым 
академиясының кейіннен академигі болған К. Ф. Вольфтің «Даму 
теориясы» (1759 ж.) деген жұмысының маңызы ерекше болды. Жануарлар 
мен ӛсімдіктердің дамуын зерттеу үшін Вольф микроскопты қолданған 
және ұрықтың жеке мүшелерінің пішінін, пайда болу уақытын т. б. 
зерттеген. Вольфтың пікірі бойынша, мүшелер бір мезгілде емес, кезекпен 
гомогеңдік субстанциядан дамиды. К.Вольфтың пікірлері жаңа және 
антиметафизикалық бағытта болғандықтан ХҮІІІ ғ. кең тарамаған. К. Ф. 
Вольфтің зерттеулерін онан әрі жалғастырғандар X. И. Пандер мен К. М. 
Бэр. Пандер тауық ұрығының екі қабаттан: сыртқы — серозалық, ішкі — 
 
кілегей қабаттан тұратынын, кейін бұл қабаттарға тамырлы қабаттың 
қосылатынын 
анықтады. Пандер 
бойынша 
бластодерманың бұл 
қабаттарынан ұрықтың түрлі мүшелері мен қабықшалары пайда болады. 
Сонымен, преформация теориясына күмән туғызған бірінші зерттеуші 
К.Ф.Вольф болған. 
Қазіргі эмбриологияның негізін қалаушы К. М. Бэр. Сүтқоректілер мен 
тауық ұрықтарының дамуын егжей-тегжейлі зерттеудің нәтижесінде 1828 ж. 
жазып шығарған «Жануарлар дамуының тарихы» деген еңбегі әлемге 
белгілі. К.М.Бэр «ұрықтық ұқсастық» жӛніндегі ілімді шығарған. Ол екі 
алғашқы жапырақшаларды — анимальдік және вегетативтік деп екіге 
ажыратқан. Бэр бойынша анимальдік жапырақша дамудың аяқ кезінде 
жабындыны, жүйке жүйесі мен тері қабатына сезім мүшелерін беретін және 
бұлшық ет пен сүйектерді құрастырушы, бұлшық-еттік қабатқа бӛлінеді. 
Бэр кӛптеген жаңалықтар ашты. Олардың бірі адам мен тауық ұрықтарының 
хордасы, ұрықтық ұқсастық заңы. Бұл заң бойынша ұрықта алдыменен 
типтің, сонан кейін кластың, туыстың, түрдің, ең ақырында организмнің ӛз 
белгілері пайда болды. Бэрдің еңбегі қаншама кӛп болғанымен, ол бір ізді 
эволюционист болған жоқ. 


135 
Эволюциялық эмбриологияның негізін қалағандар А. О. Ковалевский 
мен И.И.Мечников. Жануарлардың барлық типтерінің эктодермасын, 
энтодермасын және мезодермасын байқаған да А.О.Ковалевский. Бірақ, 
бұл терминдерді енгізген Э. Геккель болатын. Дарвиннің пікірлері мен
Бэрдің еңбектері Ф. Мюллер мен Э. Геккельге биогенетикалық заңды 
қалыптастыруға негіз болған. Бұл заң бойынша онтогенез филогенездің 
қысқаша қайталамасы. Онтогения мен филогенияның арақатынастары 
жӛніндегі пікір эмбриологияның дамуына үлкен әсерін тигізді. Бұл ілімге 
А.Н.Северцовтың қосқан үлесі зор. А.Н.Северцов филэмбриогенез 
теориясын қалыптастырған. П.П.Иванов организмдердің метамериялық 
құрылыс теориясының авторы. Г. А. Шмидт омыртқасыз және омыртқалы 
жануарлардың эмбриондық дамуын зерттеп, эмбриологияның
дамуына 
елеулі үлес қосқандардың бірі. Қазақстан эмбриологтары профессорлар И. 
Чагиров пен К. Баймұханбетовтың және т. б. эмбриология ғылымына қосқан 
еңбектері аз емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет