нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың
қарқынды көбеюін тездетеді (9-сурет). Нәтижесінде нәруыз түзілуі
күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды.
Өсу гормоны
артық
бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.
Алыптылық
әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі
кезінде байқалады. Аяқ-қол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет
сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға
ұшырайды. Мұндай ауруды
акромегалия
(грекше «akros» – аяқ-қол
сүйектері, «mega» – үлкен) деп атайды (10-сурет). Дыбыс сіңірлері
жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек
рентген сәулесімен емдейді.
Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей қалады. Ер
адамның бойының биіктігі 130 см, әйелдерде 100–120 см-ден аспайды.
Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке
көп әжім түседі.
Ергежейлілік
(грекше «nanos» – тым аласа бойлылық) – гипофиз,
бүйрекүсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады.
Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді.
Ергежейліліктің 2 түрі бар:
біріншісі
– дене бітімінің сәйкестілігі
(пропорционалды),
екіншісінің
дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің
пропорциясының сақталмауы).
Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын –
Достарыңызбен бөлісу: