Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2011 ж


№ 2- дəріс. КӨНЕ ДƏУІР ƏДЕБИЕТІ. ЕГИПЕТ



Pdf көрінісі
бет52/98
Дата23.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#159450
түріСеминар
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   98
Байланысты:
Әлем әдебиетінің тарихы (1)

№ 2- дəріс. КӨНЕ ДƏУІР ƏДЕБИЕТІ. ЕГИПЕТ
Қарастырылатын сұрақтар: 
1.
Көне дəуірлердегі шығыс елдеріндегі тарихи жағдай.
2.
Ежелгі Египет əдебиетінің қалыптасу тарихы. Діни əдебиет.
Дəріс мақсаты: 
Көне Мысыр əдебиеті жəне мəдениеті қазынасының əлем 
мəдениеті дамуына ықпалы турасында хабардар болу.
Дəріс мазмұны: 
Көне дəуірлердегі шығыс елдеріндегі тарихи жағдай. Ежелгі Египет əдебиетінің 
қалыптасу тарихы. Діни əдебиет. «Пирамидалар кітабы» - ежелгі египет 
əдебиетінің көрнекті ескерткіші. Байырғы мысырлықтардың наным-сенімдері. 
Гор, Сет, Осирис, Исида, Нефтида – көне мысырлықтардың құдайлар 
пантеонының басты образдары. «Өлілер кітабы» - ежелгі дəуірден біздің 
заманымызға дейін жеткен əдеби ескерткіш.
 
№3 Дəріс. Антика дəуіріндегі əдебиет. 
Қарастырылатын сұрақтар:
Грек əдебиетінің алғашқы жазба ескерткіштері. 
АНТИКАЛЫҚ ƏДЕБИЕТТІҢ КЕЗЕҢДЕРГЕ БӨЛІНУІ.
Дəріс мақсаты: 
Көне грек əдебиеті жəне мəдениеті қазынасының əлем 
мəдениеті дамуына ықпалы турасында хабардар болу.
Дəріс мазмұны: 
Латынның “антикус” сөзі қазақшаға аударғанда “көне”, “ежелгі” деген мағынаны 
білдіреді, яғни, антикалық əдебиетті көне, ежелгі дəуір əдебиеті деп түсінген жөн. 
Алайда, жалпы əлемдік əдебиеттану ғылымында қалыптасқан дəстүр бойынша 
“антикалық əдебиет” термині тек ежелгі грек пен рим əдебиеттеріне қатынасты ғана 
қолданылады. Яғни “антикалық əдебиет” деп біз ежелгі Грекия мен ежелгі Рим 
əдебиеттерін түсінеміз.
Грек əдебиетінің алғашқы жазба ескерткіштері біздің эрамызға дейінгі ҮІІІ 
ғасырға жатады, ал ежелгі рим əдебиетінің алғашқы үлгілері – б.э.дейінгі ІІІ ғасырда 
пайда болған деген ғылыми болжам бар.
Тарихтан белгілі, сонау көне бір замандарда бақ-дəулеті көкке шалқыған, 
айналасындағы күллі ұлан-ғайыр территорияны өз қол астына қаратқан даңқты Рим 
империясы бірнеше ғасырға созылған үстемдігінен кейін ішкі алауыздықтардың 
кесірінен ақыр аяғында Шығыс Рим жəне Батыс Рим империялары болып екіге 
бөлінді. ұлы державаның соңғы қалдығы боп саналатын Батыс Рим империясының 
құлауы мен көне рим əдебиетінің соңы бір уақытқа тап келеді. Бұл – біздің жыл 
санауымыздың Ү ғасыры. Əлемдік əдебиет тарихын зерттеуші ғалымдардың 
пайымдауынша, бұл кезең ежелгі грек əдебиетінің де аяқталған уақыты. Сөйтіп, жалпы 
антикалық əдебиет тарихы 1200 жылдай көлемді тарихи уақыт аралығын қамтитын 
əлемдік əдебиет тарихының қомақты бір бөлшегі боп саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет