Жоғары және төмен кернеулі тарату электр желілерін пайдалану және қызмет көрсету



Pdf көрінісі
бет146/252
Дата23.11.2022
өлшемі8,07 Mb.
#159547
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   252
Байланысты:
e78184c9d558274295412f714cb179e2 original.8467165

7.2.3
 
Керме оқшаулағыштарын ауыстыру
 
Керме оқшаулағыштарын ауыстыру әдетте оқшаулайтын бөлімі бар көтергіш құрылғының және 
диэлектрлік биялайдың көмегімен жүргізіледі. 
1)
Жұмыс тобының құрамы және міндеттерді бөлу
1)
Барлық жұмыс жоспарын дайындауға, қауіпсіздік талаптарына,қызметкердің жұмысын 
ұйымдастыруға және жұмыс уақытында қауіпсіздікті бақылауға жауапты, жұмыстардың бір 
басшысы. 
2)
Оқшауланған себеттегі екі электрмонтер. 
3)
Құрал-саймандар мен материалдарды беруге, резервтік сақтандыру арқандарын бекітуге және 
алаңды басқаруға жауапты, бірден екіге дейінгі жердегі жұмысшы.
2)
Керме оқшаулағыштарын ауыстыруға қажетті құрал-саймандар мен материалдар 7.7-кестеде 
көрсетілген. 
3)
Жұмыс кезеңдері 
1)
Құрал-саймандар мен материалдарды тексеру және қорғайтын қоршаулар мен белгілерді 
орнату. 
2)
Алдын ала белгіленген жерге оқшаулайтын бөлімі бар көтергіш құрылғыны тұраққа қою және 
алдын ала оның жұмысқа қабілеттігін тексеру. 
7.7-кесте. 
Керме оқшаулағыштарын ауыстыруға қажетті құрал-саймандар мен материалдар.
Атауы 
Саны Атауы
Саны
Оқшаулайтын бөлімі бар көтергіш құрылғы 

Оқшауланған жұқа арқан және 
керме құрылғы 

Керме құрылғы 

Оқшауланған құралдар 

Оқшауланған сақтандыру арқаны 

Оқшаулайтын қаптама 

Сым тығынының оқшаулайтын жабыны (қоспа) 5 
Диэлектрлік қорғайтын каска

Оқшаулайтын жабын 

Диэлектрлік биялай 
Екі жұп 
Оқшаулайтын жабынға арналған қысқыш 
12 
Қорғайтын қолғап 
Екі жұп 
Тартуға арналған оқшауланған плита 

Ішкі телефон байланысы 
(Интерфон) 

Оқшауланған кілт 

Мегаомметр 

Оқшауланған арқан 

Оқшаулағыш
Тіректің 
үлгісіне 
байланысты 


169 
3)
Оқшаулауды тудыру үшін кернеулі жердегі бөліктерді және жерге тұйықталған бөліктерді жабу. 
Керме қарнақ (штанга) 7.5(a) -суретте көрсетілген. Оқшауланған себеттегі екі электрмонтер 
бірлесіп қауіпсіз қашықтыққа қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда кернеу астындағы 
бөліктерді және жерге тұйықталған бөліктерді экрандау мен оқшаулау үшін оқшаулайтын 
заттарды қолданады. Бір фазада керме оқшаулағыштарын ауыстыруға арналған оқшаулайтын 
жабындар 7.5(b) -суретте көрсетілген. 
4)
Керме оқшаулағыштарын ауыстыруды жүргізу 
i)
Оқшауланған себетте электр монтерлар керме траверсінде оқшауланған жылжымалы плитаның 
бір ұшын бекітеді. Оқшауланған плита мықты бекітілуі тиіс. Оқшауланған себеттегі электр 
монтерлар кернеу астындағы бөліктерден кемінде 0,6 м және жерге тұйықталған бөліктерден 
кемінде 0,4 м қашықтықта болуы қажет. 
ii)
Оқшауланған себеттегі электр монтерлар 7.5(с) -суретте көрсетілгендей, керме құрылғыларын 
сымдарға орнатады. Керме құрылғыларын оқшауланған жылжымалы плитаға мықты бекіту. 
iii)
Оқшауланған себеттегі электр монтерлар керме оқшаулағыштарын әлсірету үшін сымдарды 
тартады. Сымдарды тартқан кезде салбырап кетуін бақылап отыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет