Дәріс 4. Тілдің мағынасы. Семантика мәселелрі.
Дәрісте тіл бірліктерінің мағынасын зерттейтін семасиология
ғылымының түрлі салалары егжей-тегжейлі талқыланады. Сөйлеушілердің
сөйлем мағынасын шындықпен байланыстыруы, мәтіндегі импликация мен
көпмағыналылықты қабылдап, ажырату механизмі талдауға түседі. Сондай-ақ,
дәріс лингвистикадағы прагматика мәселесі, оның негізгі бөлімі – сөйлеу
актілері теориясына қатысты Х. Пол Грайстың постулаттары мен
импликатура, презумпция, перформативті етістіктердің қолданылуы ағылшын
тіліндегі мәтіндер негізінде талданады. Тілдің мағынасын анықтау барысында
дәрісте келесі сұрақтар қамтылады: Семантика: лексикалық семантика,
тіркестік немесе сөйлемдік семантика, прагматика. Фреге мен Б. Расселдің
предикаттарды анықтаудағы тәсілі. Семантиканың 2 ережесі. Сөйлеушілер
сөйлем мағынасы туралы не біледі? Композициялық семантика –
сөйлемдердің тікелей мағынасы. Сөздердің тікелей мағынасы ретіндегі
лексикалық семантика. Прагматика. Лингвистикалық мәнмәтін арқылы
есімдік редакциясын анықтау жолдары. Сөйлеудегі Х. Пол Грайстың
постулаттары: сапа постулаты, мөлшер постулаты, қарым-қатынас постулаты,
әдеп постулаты
Достарыңызбен бөлісу: