372
Баскетболды 1-4 сыныптарда оқыту әдістемесі
Баскетбол ойынына бастауыш сынып жасындағы оқушыларды үйретудің теориялық
негіздері. Бастауыш мектеп жасында дене шынықтыру жаттығуларына оқыту ерекшеліктері.
Баскетбол ойынына бастауыш сынып оқушыларын оқыту әдістері және көлемі. Баскетбол
ойынына бастауыш сынып оқушыларын оқытудың педагогикалық күйі. Баскетбол ойынына
үйрету жағдайы ретінде ойын әдісін қолдану. Техникалық даярлық. Дене даярлығы.
Баскетбол элементтері бар доппен (үлкен және кіші) орындалатын қозғалыс ойындары. 1-4
сынып оқушыларын оқыту міндеттері, әдістері және құралдары.
5-7 сыныптарда баскетболды оқыту әдістемесі
5-7 сыныптарда оқитын оқушылар дамуының психологиялық-физиологиялық
ерекшеліктері. Баскетболдағы қозғалыс тәсілдерінің жіктелуі және олардың сипаттамасы.
Ойын техникасының негізгі әдістерін (орын ауыстыру, тоқтау, бұрылыстар, ұстау, берілістер,
лақтырулар, допты алып жүру) меңгеру. Оларды орындау негізгі тәсілдерді меңгеру негізінде
жүргізіледі. Жылжудың әртүрлі тәсілдерін және үйренген әдістерді бір-бірімен байланыста
орындау тәсілдеріне тәрбиелеу (жүгіру, секіру т.б). Тактикалық даярлық негіздері
(қорғаныста және шабуылда доппен және допсыз жекелей тактикалық әректтер). Теориялық
даярлық. Жарыстық даярлық. 5-7 сынып оқушыларын оқыту міндеттері, әдістері және
құралдары.
Достарыңызбен бөлісу: