7. Мүнкәр-Нәкир періштелері.
Қабірдегі адамдарға
«Раббың кім? Пайғамбарың кім? Кітабың не?»
сияқты
сұрақтарды қоятын әрі адамдардың осы сұрақтарға берген
жауаптарына қарай қарым-қатынас жасайтын періштелер.
Мүнкәр-Нәкир «бейтаныс, бөтен» деген мағыналарды
білдіреді. Қабірдегі адамға бұрын-соңды көрмеген кейіпте,
бейтаныс көрінетіндіктен осы атпен аталған.
8. зәбания періштелері.
Ақыретте тозаққа
барғандарды азаптау ісі міндеттелген періштелер.
9. Ридуан періштелері.
Жәннатқа кіру бақытына ке-
нелгендерге қараушы періштелер.
Басқа да періштелер
Ұлы Жаратушының аршын таситын, сүйікті
құлдарының жүрегіне туралықты, ақиқатты илһам ететін,
намаз оқығандармен бірге
«фатиха»
сүресінің соңында
«Амин»
деп дұға ететін, әрбір таң және екінді намаз-
дарында мүминдермен бірге болатын, Құран оқылған
уақытта арнайы жер бетіне түсетін, ғылым алқалары мен
өз араларында Алланың кітабын оқып, уағыз айтып, Оны
еске алу үшін жиналған барлық жерлерді арнайы аралап,
180
ИМАНИ ГҮЛ
сол жердегілерге Алладан рақымдылық тілеп, кешірім
өтінетін, әрбір адамды қорғап жүретін, Бәдір шайқасында
көмектескендей шынайы мұсылмандарға қиын кезеңде
Алланың рұқсатымен көмектесетін періштелердің де бар
екенін хадистер мен аяттардан аңғарамыз. Періштелердің
жалпы саны бізге беймәлім.
ТАҒДЫРҒА ИМАН
«Еш күмәнсіз Біз барлық нәрсені арнайы
есеппен жараттық»
«Қамар» сүресі
«Тағдырға иман еткен адам – басынан барлық
уайым-қайғы кеткен жан»
Қанатты сөз
182
Достарыңызбен бөлісу: |