Аспан әлемі
Алла Тағала
«Тәбәрак»
сүресінде:
«Жеті қабат
аспанды бір-біріне үйлесімді етіп жаратқан – Ол Алла.
Рахманның жаратуында ешбір ақау, жүйесіздік көре
алмайсың. Сал көзіңді, көре аласың ба бір ақау? Со-
сын көзіңді қайта-қайта бұрып қара! Көзің ешбір ақау
таба алмағандықтан шаршап, талған күйде саған
қайта оралады»
– деп аспан әлеміндегі керемет жүйені,
ақаусыздықты баяндайды.
Аспан әлемі, яғни сансыз планеталар мен
жымыңдаған жұлдыздар бір-бірімен қақтығыспай өте
нәзік есеппен, өте керемет жүйемен миллиардтаған
жылдар бойы істеп тұр. Бұларды бір-бірімен
қақтығыстырмай, осынша жылдар бойы іске қосып
тұрған күш қандай күш? «Тартылыс» күші делік. Тарты-
лыс күшіндегі нәзік те ғажайып тепе-теңдікті қойған тыл-
сым күш қандай құдірет? Егер бір планетаның тұрақты
тартылыс күші бір мезет кездейсоқтықтың әсерінен
азайса немесе көбейсе, көк әлемі қалай тас-талқан бо-
ларын бір сәт ойландыңыз ба? Барлық планеталар мен
жұлдыздардың үлкенді-кішілі көлемдері мен бір-бірінің
ара-қашықтықтарына қарай өзіндік тартылыс күштері
бар. Тартылыс күшіндегі бұл есеп, кездейсоқтықтың емес,
арнайы бір Ұлы Құдіреттің жаратқанын меңзейді.
23
ИМАНИ ГҮЛ
Жер шары
Біз отау тігіп, өмір сүріп жатқан жер шары мен жылуын
күлімдей төккен күннің арасы жаз және қыс мезгілдеріне
байланысты 135 немесе 149,5 миллион шақырым. Егер
осы аталмыш арақашықтық кездейсоқтықтың әсерінен аз
мөлшерде азайса, тоңып, мұз болып қатып қалатынымызды
немесе аз мөлшерде көбейсе күйіп-жанып кетерімізді бір
мезет ойладық па? Ойланып, Жер мен Күннің арасындағы
осы ыңғайлы арақашықтықты белгілеп, оны ғасырлар
бойы бұлжытпай ұстап тұрған құдіретті күшті тани алдық
па?
Аспандағы әрбір дененің өзіне тән белгілі, тұрақты
айналу орбитасы, қозғалу жылдамдығы бар. Мысалы, Жер
шары сағатына 1 670 шақырым жылдамдықпен өз-өзін ай-
налса, Күнді сағатына 108 000 шақырым жылдамдықпен
айналады. Егер осындай жылдамдықпен жүретін көлік
жасалған жағдайда жалпы дүниенің шеңберін 22 минутта
айналып шығуға болады екен. Көрсетіліп отырған бұл сан-
дар тек Жер шары үшін, ал Күн жүйесінің жылдамдығы
мүлде таң қаларлық. Ғарыштық (космоста) жүйелердің
көлемі ұлғайған сайын қозғалу жылдамдықтары да
арта түседі. Күн жүйесінің Құс жолы галактикасы
орталығын айналудағы жылдамдығы сағатына тұп-тура
720 000 шақырым. Ал, шамамен құрамында 200 милли-
ард жұлдызды қамтитын осы Құс жолы галактикасының
ғарыштағы жылдамдық мөлшері сағатына 950 000
шақырым
3
. Мұндай бір-бірімен тығыз байланыстағы
әрі өте жоғары жылдамдықтағы жүйелердің соғысып,
қақтығысуы әбден мүмкін бола тұра ғарышта ешбір
ақауға куә болмадық. Иә, миллиардтаған жылдар бойы
3
Адем Якуп, Куран Мужизелері, 23-бет. Несил Матбажылык, 2003 ж.
|