Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет185/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   237
Байланысты:
Имани гүл

«тазалық – иманның 
жартысы» 
деген. Тазалыққа мұнша көңіл бөлгендіктен
ибн Сина, әр-Рази, Абдулқаһир және Сахир Ибн Насруллаһ 
секілді ислам ғалымдары жуынудың адам денсаулығына 
пайдасын егжей-тегжейлі зерттеген. Емханаларда жуыну 
үшін арнайы орындар бөлінген. Көптеген үйлердің жанын-
да моншалар болған. Ал европада болса, монша ұғымы 
деген тіптен жоқ еді. Европалықтардың ІХ ғасырда жуына 
бастағаны белгілі. ХVІІ ғасырларда Испанияның инкви-
169
Шабан Дөген, Мүслүман илим Өнжүлери ансиклопедиси. Ста -
бул, 1984 ж.


301
ИМАНИ ГҮЛ
зиция сотында мұсылман испандықтар мен христиандар 
тазалығына қарап ажыратылатын болған.
Сабынды да алғаш қолданған мұсылмандар еді. 
Сондықтан мұсылман елдерінде базарларда сабынның 
хош иісі аңқып тұратын. Батыс тілдерінде сабынға 
«savon»
делінсе, ағылшын тілінде
 «soap»
делінуде. Бұл батысқа 
сабынның мұсылмандардан өткендігінің белгісі болса ке-
рек. 
Ислам пайғамбары Мұхаммед (с.а.у.): 
«Ей, Алла 
Тағаланың құлдары, емделіңдер! Құдай түсірген кез-
келген дерттің дауасы бар. Тек кәріліктің дауасы жоқ»
170
 
деп, емі жоқ аурудың жоқ екенін білдіріп, мұсылмандарды 
емделуге, ем іздеуге шақырды. Сондықтан исламда 
дәрігерлік, емхана саласы ерте дамып, басқа адамдарға жол 
көрсетіп, бағыт берді. Оныншы ғасырдың орталарында 
бір ғана Кордова қаласында елуден астам емхана болған. 
Біз қазір қолданып жүрген әлемдік терминдегі «медици-
на» сөзі Ибн Синаның атымен тікелей байланысты деген 
де көзқарас бар. Бұл көзқарас бойынша «Медед» арабтың 
«көмек» деген сөзі, ал оның артына қосылған «Сина» сөзі 
Ибн Синананың аты. Сонда 
«Синаның адамзатқа көмегі» 
деген мағынаны білдіреді. Ибн Синаның медицина са-
ласы бойынша жазған 
«Шифа»
атты кітабы әлемнің әр 
түрлі тілдеріне аударылып, алты ғасырдай дәрігерлердің 
қолдарынан түспейтін дерек көзіне айналды. Тіпті, әлі 
күнге дейін батыс сөздіктері Ибн Синаға 
«дәрігерлердің 
патшасы»
деген түсінік беруде. Кейінгі дәрігерлік сала-
сы дамығанға дейін батыста Ибн Сина теңдессіз ұстаз 
қабылданды. 
170
Мусаннафу Ибни Әби Шәйба, 5-том, 421-бет. Қосымша мына 
кітаптарға қараңыз: Сунану Ибни Мәәжа, әл-Мустадрак алас-
сахихайн, әл-Муғжамул-кабир лит-Табарани, Шуғабул-иман 
лил-Бәйһақи.


302


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет