71
жiбермеуi
тиiс,
себебi
соңында
зерттеу
қорытындысы
жиналған
дәлелдемелердiң әсерiмен шығуы мүмкiн. Сонымен қатар сарапшының iске
қатысты тиiстi материалдармен танысуға заңсыз шек қоюға тыйым салынады.
Осы жағдайда тергеу мен сот органының қателiгi адвокаттың қорғауына
пайдалы болады.
53
Егер де анықтау, алдын ала тергеу кезiнде сараптама мүлдем жүргiзiлмесе,
адвокат соттан алдын ала тыңдау жүргiзiп басты сот талқылауында сараптама
тағайындау немесе iстi тиiстi сараптама жүргiзу үшiн қосымша тергеу
жүргiзiлуiне өтiнiш бiлдiре алады. Шешiм зерттеуге жататын мән
жағдайлардың маңыздылығына, сонымен қатар зерттеуге жататын сот
отырысындағы материалдарды ұсынуға байланысты шығарылады.
Мына жағдайларда сарапшыны сот отырысына шақыртады:
- айыпталушыны қорғауға қатысты барлық сауалдар шешiлмесе;
- сарапшының қорытындысы жеткiлiксiз және сенiмсiз болған жағдайда;
- егер де берiлген алдын ала тергеуде қорытынды айыпталушы мен
қорғаушының әсерiнен күшiн жойса;
- сарапшының қорытындысы адвокаттың қорғауындағы адамның
кiнәсiздiгiн дәлелдейтiн дәлелдеме болса.
Адвокат сараптама тағайындалған және ол жүргiзiлген кезде сезiктiнiң
айыпталушының қорғаушысы ретiнде мына жағдайларды бақылауы тиiс және
бақылаумен қатар сезiктiнiң, айыпталушының қорғаушысы ретiнде өтiнiш
жасай алады;
- сезiктiнiң, айыптплушының сараптама тағайындалғаны туралы қаулымен
танысуы және тиiстi құқықтарына түсiндiрме алуын бақылайды.
- сарапшыдан бас тартуға немесе сараптама жүргiзуден сот сараптамасы
органын шеттету туралы өтiнiш жасайды.
- сараптаманы сарапшылар комиссиясының жүргiзуi туралы өтiнiш
жасайды.
- сарапшының алдына қосымша мәселелер қою немесе бұрын
қойылғандарын нақтылау туралы өтiнiш;
- сараптама кезiнде қатысуға, сарапшыға түсiнiктемелер бере алады.
Сараптама тағайындау және оны қорытындылау негiздерi сезiктi мен
айыпталушылардың жағдайын жақсартуға себiн тигiздi ме не болмаса жаңадан
ашылған дәлелдемелерге жол ашты ма осыларды ескере отырып, қорғаушы
ары қарай өзiнiң қорғау тактикаларын жүргiзу керек.
Достарыңызбен бөлісу: