91
ТАҚЫРЫП №12. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ІСТЕР
БОЙЫНША АДВОКАТТЫҢ ҚЫЗМЕТІ.
Әкімшілік сот өндірісі аясында адвокат әкімшілік іс жүргізуге Әкімшілік
құқық бұзушылық Кодексінің 548 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке
тартылып отырған тұлғаның не жәбірленушінің өкілі ретінде қатыса алады.
Қорғаушы әкімшілік іс жүргізуге тұлға ұсталған кезден не әкімшілік
құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған кезден бастап қатысады.
Заңға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге қорғаушы мына
жағдайларда қатысуы міндетті болып табылады.
1. Әкімшілік іс жүргізуге әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға
ұсыныс жасаса,
2. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға дене кемістігі не ақыл-
есінің кемдігі салдарынан өзінің құқығын өзі қорғауға мүмкіндігі болмаса,
3. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға сот өндірісінде жүргізілген
тілді білмесе,
4. Іс материалдарында әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаға
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданғаны туралы мәліметтер
болған жағдайда
Адвокат
барлық
іс
материалдарымен
танысады,іс
қарауға
қатысады,дәлелдемелер ұсынады,ұсыныстар мен қарсылықтар білдіреді,істі
жүргізіп отырған судьяның,органдар мен лауазымды адамдардың рұқсатымен
іске қатысушы тұлғаларға сұрақтар қоя алады.Және іс бойынша шығарылған
қаулыларға шағымдана алады.
Адвокат әкімшілік құқық бұзушылық істерде сондай-ақ, жәбірленушінің де
өкілі болып қатыса отырып,өзі өкіл болып отырған тұлғаның барлық іс жүргізу
құқықтарына ие болады.іс жүргізу міндеттерін мойнына алады.
Адвокат өкіл өзі өкілдік беріп отырған тұлғаның мүддесіне қарама-қайшы
әрекет жасауға құқығы жоқ.Іс жүргізуге жәбірленушінің өкілмен бірге қатысуы
олардың іс жүргізу құқығынан айырмайды.
Әкімшілік іс жүргізуге адвокат өкіл егер ол әкімшілік іс қозғауға негіз
болған ,бақылау не қадағалау жүргізген органның қызметкері болса, ол іске
қатысуға жіберілмейді.Оған қарсылық білдіріледі.
Адвокат өкілге қарсылық білдіру не оның өзінің іс жүргізуден бас тартуы
туралы әкімшілік іс жүргізіп отырған сотқа шағым беріледі. Ол шағым үш күн
мерзімде қаралады да,қорытындысында шағымды қанағаттандыру не
қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: