Сіз қандай бикеш болуыңыз керек?
Міне, осындай түсініксіз ойлар басталады. Айтарлықтай ештеңе
істеген жоқсыз, барлығы өздігінен болуы керек, иә? Әрі қарай
күтесіз тағы. Бірақ менің кітабымды оқыған қыздар алда
өздерінің азаматтарын кездестіріп қалуы мүмкін. Себебі, менің
тапсырмаларым көмегін береді.
«Ешбір жерде жақсы жігіт жоқ. Барлығына бір нәрсе ғана
керек. Барлығы дөрекі, барлығы сараң, бір жылы сөз бен гүлін
бере алмайды. Жігіттің барлығы жаман», - деп көп қыздар
ойлайды. Жақсы жігіттер өте көп. Мен өзім тұрмысқа шықпай
тұрып жақсы жігіттерді көп кездестірдім. Өзім іздедім деп
ойлайсыз ба? Менің өмірімде түрлі жағдайлар болып қалатын,
үнемі ер адамдармен контактқа (байланысқа) түсіп
қалатынмын. Жұмыс бабымен, дебатқа қатысқанда,
университетте үнемі жүгіріп жүресің, кездесулерге барып
қаласың, концерт болып қалады немесе фитнеске бару керек
болады, үнемі жаңа таныстар болып қалады және сол
таныстардың тағы бір таныстары пайда болады. Құрбыңмен
кафеге барасың, ал оның жігіті бар, жігітінің достары бар.
Жалпы айтқанда, таныстық өмірімде өте көп болды. Маған
солардың ішінен саралап кез-келгенін таудауыма болады. Егер
мен үйде отыратын болсам, ештеңе істемесем, ешкіммен
араласпасам, қалай ойлайсыз менде сондай нұсқалар болатын
ба еді? Кім сөз салса соған тұрмысқа шығып кете берсем де
болатын еді. Бірақ менде сондай жағдайлар болды. Сол
жағдайларды мен қолдан жасадым деуге болады. Дәл солай сіз
де жақсы жігіттермен кездесуге, танысуға болатындай
жағдайды қолдан жасай аласыз. Барлығы қазір өзіңіздің
қолыңызда болып тұр.
Бұл өмірде қандай да бір жағдайды, моментті күтіп жүрген
адамдар өте көп. Нақты нені күтеді сонда? Маған біреу келіп
сөз айтады немесе екеуміз бір жерде кездесіп қаламыз деп
күтеді, иә? Сол адамның өміріңізде кездескенін күтесіз.
Өмірдің барлығы күтумен ғана өтеді. Мысалы, сіз бір жігітке
ұнауыңыз мүмкін, бірақ ол бірінші қадам жасауға ұялады.
Немесе керісінше сіз қадам жасауға ұяласыз. Міне, солай
екеуіңіз де бір сәтті күтіп жүрсіздер. Әр адам бірінші қадам
Некеге дейін...
8
Білесіз бе, солай үнемі күтіп отыратын адамдарға қандай адам
кездеседі? Не мүлдем талғамыңызға сай келмейтін адам немесе
мүлдем ешкім. Екі ғана нұсқа. Мысалы, бір орындықта
отырсыз, қай адам орындықтың жанында өтіп бара жатады, сол
сіздің күткен тағдырыңызға ілініп қалуы мүмкін. Ол
орындықтың жанынан көп адамдар өте бермейді, сіз отырсыз
және тағдыр ретінде жай ғана кездейсоқ өтіп бара жатқан адам
түсіп қалды. Сіз не соны таңдайсыз, не ешкімді таңдамайсыз.
Себебі, отырған орындығыңыздың жанынан одан басқа адам
өтпейді.
Мен қазір кішкене жеңілдетемін. Ойландырып тастамайтын,
нақты қадамдарды айтуға тырысамын. Мен сіздің мақсатыңыз
көп ер адамдармен танысу емес екенін білемін. Сіздің
мақсатыңыз-
тұрмысқа
шығуға
болатын,
сіздің
армандарыңызды орындауға тырысатын, тұрақты ер адамды
кездестіріп және өміріңізге мән беретін сол жігітпен тағдыр
қосу. Жалғыз біреу. Көп ер адамдар емес. Мынандай сұрақ
туындайды.
Сізге сол адамның идеал, мінезіңізге сәйкес келетінінін қалай
білуге болады? Егер сіз одан басқа ешкіммен сөйлеспесеңіз,
таныспасаңыз, көрмесеңіз оны қалай білесіз? Мысалы, әр үш
жыл сайын тек бір ғана ер адаммен танысып, бір ер адаммен
ғана қарым-қатынас құрасыз. Мүмкін, сол ер адам сізге
идеалды, керемет, талаптарыңызға сай келетін адам болып
көрінуі мүмкін. Барлық еркектер осындай ғой, басқа біреумен
сөйлессең де ол сондай болады деп ойлауыңыз мүмкін. Мен
мына жігітті тастап кетсем бұл сияқты жақсы жігіт маған
кездеспейтін шығар, келесісі бұдан да жаман деп ойлауыңыз
мүмкін. Не үшін солай ойлайсыз? Себебі, сізде салыстыратын
ешкім жоқ. Сізге лайықты емес, көңіліңіз толмайтын ер адамға
жасау үшін өзіне деген сенімділігі жеткілікті түрде көп
болғанын күтеді.
Некеге дейін...
9
Сол отырған орындықтан тұрып, ер адамдар көп жүретін жерге
бару керек қой, себебі, сіз махаббатыңызды іздеп жүрсіз. Сол
орындықтан тұрып, алғашқы қадамды жасағысы келетін ер
адамға баруға болады ғой?
қанағатты болып келісе салатын нұсқа болып тұр. Сізге бір
жері ұнамай тұрса да, сіз келісіп, көніп жүрсіз. Себебі, сізде
салыстыратын ешкім жоқ. 5-6 жігіт сізді ұнатып, қамқор
болып жүрген (ухажер) болса, біреуі күндіз-түні алақаныңда
ұстайды, біреуі өмір бойы үлде мен бүлдеге ораймын дейді,
үшіншісі ауырған кезде хабарласып, түрлі дәрілерді әкеледі,
төртіншісі қыдырғыңыз келген жерге апарады, жалпы 5-6
нұсқаның ішінен ең нашары сол болса сіз түсінетін едіңіз. «Бұл
маған боқтайды, басқа қыздармен ұстап алдым» немесе «мен
бұдан сыйлық күтемін, ал ол сыйлық сыйламайды, мүлдем
өзгермеймін деп айтады. Мен ойланайыншы, анау 4 жігіт менің
асты-үстіме түседі, олар әлдеқайда жақсы. Үйленгеннен кейін
мен үшін өзгергісі келмейтін мына жігітпен боламын ба?
Немесе 4 жігіттің біреуін таңдайын ба?» деген сияқты әңгіме.
Мен тек мысал келтіріп жатырмын. Міндетті түрде солай
болуы керек деп тұрған жоқпын.
Сізге бір сүйкімді, сізге ұнайтын, көрікті бір жігіт танысқысы
келген кезде, сізде түсініксіз сезім пайда болады. Ұялып,
қысылып, «жоқ, мен таныспаймын» деп майысып қалуыңыз
мүмкін. Не үшін сізде осындай сезімдер пайда болады? Себебі,
практика жоқ. Жаңа адамдармен сөйлесу, танысу практикасы
жоқ. Менде бүгін сіздерге тапсырма болады. Жаңа әдетті
қалыптастырамыз. Қандай әдет? Ол - жаңа адамдармен
сөйлесу, социалды шеберлік, адамдармен керемет сөйлесе білу,
тіл табыса білу, жағымды, тартымды бола білу әдеті. Мұның
барлығы тек қана кітап оқудан, лекция тыңдаудан ғана емес,
көп адамдармен сөйлесу арқылы пайда болатын шеберлік.
Сізбен жігіт танысқан кезде өзіңізді жеңіл, ашық, көңілді,
флиртовать ете алатындай қасиетіңіз болғанын қаласаңыз, өте
көп жаңа адамдармен таныса білуіңіз керек. Тек қана ер адам
емес, оның ішінде әйел адам, аталар, әжелер, кішкентай
балалар, кез-келген жаңа таныс. Адамның өмірде жаңалықтары
болмаса, жаңа нейрондар оянбайды. Адамда өзгеріс болмайды.
Ол су сияқты бір орында тұрып қалады. Жаңа жерге бару
керек. Орталық кітапхана, мәдениет үйі, цирк, парк, зоопарк,
кафе,
Некеге дейін...
10
Достарыңызбен бөлісу: |