Жігітпен қалай танысамыз?



Pdf көрінісі
бет44/57
Дата30.11.2022
өлшемі2,07 Mb.
#160609
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57
Байланысты:
2 5395557003516974070 220110 182834

САМООЦЕНКАНЫҢ 
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА
ӘСЕРІ


Кеше бір фраза оқып қалдым: "Екі алған қыз басын төмен
түсіріп, көшеде келе жатты. Ал бес алған қыз секіріп қуанып,
мектептен қайтып келе жатқан. Күннің аяғында қуанып секіріп
жүрген қыз аяғын сындырып алды. Ал екі алған қыз басын төмен
түсіріп келе жатып жолдан ақша тауып алды". Әр мәселеге
осылай қарайтын болсаңыз, бұл да сіздің самооценкаңызға әсер
етеді. Яғни бірінші самооценканы көтеру керек. Соның
салдарынан қаласаңыз да, қаламасаңыз да жеңіл қарайтын
боласыз.
Сіздерге өзімнің отбасымның мысалында түсіндірейін. Күйеуім
екеуміз бір-бірімізге қарама-қайшы сияқтымыз. Мен машина
айдасам ешқандай жаман нәрсені көрмеймін, яғни менің
жолымды біреу кесіп жатыр ма, артымнан біреу сигнал беріп
жатыр ма немесе үнемі бағдаршамға түсіп қалдым ба, жоқ, мен
ондайды көрмеймін. Менің ашуыма ол тимейді. Себебі, мен
бақытты адаммын. Менің самооценкам жоғары. Ал күйеуімді
байқасам, ол нәрсе оны шаршатады екен. Әкемде де сондай. Ал
анамда самооценкасы сондай жоғары. Ол өзіне қарамайды.
Косметологқа барып, әдемі киімдер алып, яғни өзіне ақшаны
жұмсамайды. Мен үнемі "самооценкасы төмен адам, ақшасын
өзіне аяйды"- деп айтатынмын. Бірақ менің анамда ондай емес
екен. Мен сіздерге мұны мысал ретінде келтіріп жатырмын.
Самооценканың әрнәрседен пайда болып және жанында ер адам
өмір бойы септігін тигізетінін айтқым келіп жатыр. Анам үйде
бірнәрсені қаласа істейді, қаламаса істемейді. Әкеммен қырылып,
ұрсысып қалса да "мен істегім келмейді"- деп отыра береді. Яғни
"қас-қабағына қарап, өз-өзін жұлып жеп, шаршап тұрса да істеу
керек, күйеуінің көңіл-күйі түсіп кетеді" деген нәрсе жоқ. Менің
әкем соны біледі. Сол мінезін қабылдаған. Сол үшін осы күнге
дейін әкемнің біреумен сөйлескенін, басқаға көз салғанын немесе
көңіл жарастырғысы келгенін мен естіген жоқпын. Ондай
ешқашан болған жоқ. Анамды өте жақсы көреді, бір жерге кетіп
қалса іздеп отырады. Мен солай салыстырғым келеді.
Некеге дейін... 
141


Самооценканың жоғарылығы сіздің жаныңыздағы адамды
тартады, себебі сіздің жаныңыздағы адам өзін ерекше сезінеді.
Сіздің күйеуіңіз немесе сөйлесіп жүрген жігітіңіз сіздің
жаныңызда өзін бағалы, құнды, ерекше екенін сезінеді.
Самооценка деген өзіне деген сенімділік. Әр сөзіңізде,
жүрісіңізде, көзқарасыңызда, сөйлеп жатқан кездегі дауысыңызда
ешқандай діріл, күмән, ойыңыз жеткізе алмау жоқ, оның барлығы
сызылып тасталу керек. Тіпті ер адамға қараған кезде, егер ол
сізбен танысқысы келсе, екі аяғыңызда нық тұрсыз, ер адамның
алдында соншалықты өзіңізге сенімдісіз. Самооценканың
жоғарылығы осы. 
Өзіне деген сенімділік әйел адамға көп нәрсе береді. Өзіне
сенімді әйел деген ол құштарлы әйел. Самооценкасы жоғары адам
міндетті түрде өзінің кемшілігін басқа адамдарға ерекшелік
ретінде көрсете алады. Мысалы, менің бір таныс адамым бар. Ол
кішкене "р" әріпіне тілі келмейді, кекештеніп сөйлейді. Ол сол
кемшілігінен ұялады. Көп адамдар соның олай сөйлейтініне
күледі, мазақ қылады. Ол одан сайын комплекс етіп қабылдай
береді. Сол үшін өте аз сөйлейді. Тек таныс, жақын адамдарының
арасында ғана сөйлейді. Ал менің дәл сондай туысқан әпкем бар.
Ол ешқашан өзінің солай сөйлейтініне сөз қылған жоқ, ұялған
жоқ, өзін сондай сенімді ұстайды. Мен ол сөйлеп жатқанда
қызығамын. Әдемі сөйлейді. Соған қарап менің түсінгенім, екі
адамның қасиеті бірдей, бірақ өзінің сондай қасиетінен ұялатын
адамға қарасаң аяп кетесің. Ал екінші адамға қарасаң, өзіне
сондай жарасымды етіп көрсетеді. Сондай әдемі етіп көрсетеді.
Кемшілік деп те айта алмаймын. Өзіне жарасады. Дәл солай
самооценкаңыз жоғары болса, сіз кез-келген кемшілікті
ерекшелік ретінде көрсете аласыз. Сіздің сол кемшілігіңізді
айтқан кезде, қуанып, риза болып, соны өзіңізге тұрарлықтай етіп
қабылдайсыз. Ол кез-келген нәрсе болуы мүмкін. Томпақ
болсаңыз, демек формаларыңыз күшті. "Арық қыздарға
қарағанда менің етім бар, төсім бар, бұлшық еттерім бар"- деп
ерекшелік табыңыз. Томпақ қыздар өзінің ернін, дәу көзін,
әйтеуір, бір ерекшелігін тауып жақсы көреді.
Некеге дейін... 
142


Егер сіздің самооценкаңыз төмен болса, сіз ер адамға дұрыс емес
сигнал жібересіз. Ол қандай сигнал? "Мені қолданып, тастап
кетуге болады" деген сигнал. Ер адам сізге қарағанда, сіз өзіңізге
сенімсізсіз, күмәндісіз, өзіңізге деген махаббатыңыз әлсіз екенін,
әр айтқан сөзіңізде дірілдесеңіз, жанында тұрғанына қарап ол
бәрін сезіп қояды. Оның ойынша "бұрын жігіттері де болмаған
шығар, бірінші болып сөйлесіп жатқан мен шығармын, оның
тәжірибесі де жоқ",- деп өзімен-өзі анализ жасай бастайды, сіздің
бағаңызды төмен түсіретін ойлары пайда бола бастайды. Сізді
қолдануға болады деген сигнал оянады. Сол сигналдардың
жанында қатар жүретін қандай сөздер? Мен оңай қолға түсетін
табыспын, мені оңай қолға түсіруге болады, менімен ойнауға
болады, мен барлығына келісе беремін, мен сені кез-келген
қателігің үшін кешіре саламын, себебі мен өз-өзімді
сыйламаймын. Міне, осындай сигнал ер адамға барады.
Ең үлкен қателік - біз сол кемшілігімізді жасырғымыз келеді, сол
кемшілігімізді ешкімге көрсеткіміз келмейді және соны жасыру
үшін, керісінше, адамдарға сол жайлы айта бастаймыз.
Толықтығымыздан ұялатын болсақ, соны жасырғымыз келсе
бетіне айта саламыз: "Арықтау керек еді, бірнеше кг. тастау керек
еді",- деп, өзіңіздің кемшілігіңізді оның көз алдына айта берсеңіз,
ол тек қана сол кемшіліктерді көре бастайды. Сіздің
толықтығыңызды, сіздің бетіңіздегі безеуді, сіздің орысша
сөйлеген кезде қателіктер жіберетініңізді барлығын байқай
бастайды. Себебі, сіз өзіңіз соған акцент қойдыңыз, яғни үлкен
көңіл бөліп, оған соны жеткіздіңіз. 
Бізде қандай қателік және қалай жөндеуге болады? 
Біріншіден, ешқашан өзіміздің ұялатын қасиетімізді адамдарға
айтпау. Мысалы, өзіңіз маңдайыңызда безеу тұрғанын көріп
тұрсаңыз, ешкімге оны айтпаңыз. Ұялып тұрған нәрсені өзіңіз
жеткізесіз ғой айтып, бұл төмен самооценканың белгісі. Ол адам
сіз айтпасаңыз оны байқамауы мүмкін. Мысалы, менің құрбым
өзінің тісінен және жағынан ұялады. Сондықтан күлген сайын ол
аузын жауып күледі. "Не үшін сен қолыңды жауып күлесің?"- деп
сұрадық. Ол: "Мен тісімнен ұяламын, менің тісім кішкентай,
Некеге дейін... 
143


менің жағым кішкене алдыға шыққан",- деп айтты. Солай
айтқаннан кейін, ол күлген сайын, сөйлеген сайын менің көзім
оның жағы мен тістеріне түсіп кетеді ғой. Автоматты түрде
рефлекс сияқты. Содан кейін мен байқай бастаймын соның бәрін.
Сіз қалай кемшілігіңізді айтасыз және оның не үшін олай екенін
айтасыз, адамдар өмір бойы соған көңіл бөліп өтеді.
Ер адам әйелге қарағанда не ойлайды? "Фигурасы күшті екен
мына қыздың",- дейді. Ал фигураға дейін ең бірінші ер адамның
көзіне түсетін нәрсе не? Киім. Киім адамды өзіне тартымды етеді.
Басқалардан ерекшелендіреді. Өзіне жарасатын киім болса көркін
аша түседі. Егер бір ер адаммен танысқыңыз келіп тұрса, ер
адамның көңілін өзіңізге аударғыңыз келіп, ерекшеленгіңіз келсе,
ең бірінші өзгертетін нәрсе ол сіздің киімініз және киімнің түсі.
Ашық, қызыл, көк, күлгін, ақ пен қара түсті, әйтеуір бірнеше
киім белгілерінің түстері ортақ болуы, тіпті өзіңізді әдемі емеспін
деп есептесеңіз де, ер адам сіздің киінген стиліңізге қарап-ақ
ұнатып қалуы мүмкін. Себебі сіз ерекшесіз. 
Ер адам әйелге қарағанда "немене тісі кішкентай, жағы қисық,
мынау 70 кг ғой, 10 кг артық шығар" деп ойламайды. Тіпті томпақ
қыздарға қараған кезде, ең бірінші өзінің ұнататын қасиеттеріне
қарайды екен. Кемшілікті емес, тек қана артықшылығын. 
Әйел адамдар басында тек кемшілігін байқайды. Ал ер
адамдардың психологиясы ондай емес. Олар көзбен әдемілікті
көріп үйреніп қалған. Кез-келген әйел затына қарағанда, өзіне
ұнайтын қасиетін іздейді екен. Мүмкін көздері әдемі, мүмкін
шашы ұзын, мүмкін бойы немесе фигурасы, кеудесі, қылша белі,
әйтеуір, бір ұнайтын қасиетін ғана байқайды екен.
Некеге дейін... 
144


Самооценканың тым жоғары болуы да жаман. Сіз өзіңізден
басқа ешкімді байқамайсыз. Тым жоғары самооценкасы бар
адамдар менің өмірімде сирек кездеседі. Неге екенін
білмеймін. Мүмкін ол жақсы шығар. Жұлдыздар, танымал
адамдар, блогерлер, мүмкін соларда "жұлдыз ауруы" бар
шығар. Тым жоғары самооценка деген. Бірақ өзімнің
айналамда әлі кездестірген жоқпын. 
Ал тым жоғары самооценка неге жаман? Себебі ер адам ондай
әйелден қашады. Ол өзін оның жанында ешкім еместей
сезінеді, жақындауға ұялады, сөйлеуге ұялады. Ол ең алдымен
"Маған қарамайтын шығар",- деп ойлайды. Сондықтан сіздің
самооценкаңыз жоғары болып, өзіңізге сенімді болып тұрсаңыз
да, шіреніп ешкімді байқамай, бәрін өзінен төмен санау ол
дұрыс емес нәрсе. Тым жоғары самооценка өзімшілдік,
менмендікке жатады.
Самооценкасы тым жоғары, өзімшіл болып кеткен әйел адам
өзін еркектің жанында қалай ұстайды? 
Тек қана идеалды ер адамдарды ғана таңдайды. Сөйлескен
кезде, өтініш айтатын кезде, дос ретінде, тіпті көшеде уақытты
білгісі келіп тұрса, әдемі емес, өзіне ұнамайтын жігіттен
сұраудан қашады. Себебі, өзін соншалықты жоғары сезінеді.
Ол адаммен сөйлесу маған тұрарлық емес деп ойлайды. Оның
дәрежесі емес деп ойлайды. 
Айнаға қарағанда барлық әйел адамдарды өзінен төмен
санайды. Айнаға қарап "Мен ең әдемімін, менен әдемі ешкім
жоқ",- дейді. Өзінің құрбыларының жігіттерін өзін ұнататын
сияқты сезінетін болады. Сіз құрбыңызбен және оның
жігітімен кездестіңіз делік. Егер сіздің самооценкаңыз тым
жоғары болатын болса, оның жігіті, оның күйеуі, сізге бір-екі
рет кездейсоқ қараса, сіз өзіңіз туралы тым керемет ойлап,
жігіті
Некеге дейін... 
145


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет