Инженерлік сызба


 Негізгі жазудың толтырылуы



Pdf көрінісі
бет22/23
Дата01.12.2022
өлшемі3 Mb.
#160791
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Сызу оқулық

5.5. Негізгі жазудың толтырылуы 
Құрастыру сызбасында негізгі жазу 2.104-68 МСТ-тың 1 
формасы бойынша орындалады (5.1 сурет). 
Негізгі жазудың толтырылуы алдыңғы жұмыстардағыдай
тек 1,2,3 бағандардың өзгешелігі (5.7 сурет): 
1 баған – бұйымның атауы және құжат атауы «Құрастыру
сызбасы» деген сөз шрифт өлшемінен бір өлшемге кіші 
шрифтпен жазылады; 
2 баған 
– құжаттың белгіленуі және 
шифры. 
Конструкторлық құжатты көрсету үшін (тетікбөлшектер сызбасы 
мен құрастыру сызбасының сипаттізімінен басқа) құжаттың 
шифрын білдіретін қосымша екі белгі қойылады, мысалы: СБ – 


46 
құрастыру сызбасы, ВО – жалпы түрдегі сызба, ЭБ – жалпы 
электрлік сұлба, ПЗ – түсіндірме хат және т.б. 
3 баған – құрастыру сызбасында толтырылмайды.
 
 
6. ҚҰРАСТЫРУ СЫЗБАЛАРЫН ОҚУ ЖӘНЕ БӨЛШЕКТЕУ 
Құрастыру сызбасын оқу
деп сызбасына қарап бұйымның 
пішінін, өлшемдерін және жұмыс жасау принципін анықтау 
процесін айтады. Құрастыру сызбасын төмендегідей ретпен оқуға 
болады: 
бұйым атауы мен кескіндер масштабын негізгі жазу 
бойынша анықтау; 
кескіндерге қарап сызбада қандай көріністер, тіліктер, 
қималар орындалғанын және әрқайсысының қолданылатын 
орнын анықтау; сызбаға түсірілген өлшемдер мен техникалық 
талаптарды оқу; 
сипаттізім мен сызбаны қатар қойып, тетікбөлшектер 
атауы мен кескінін ажырата білу; 
тетікбөлшектердің 
өзара 
қалай 
біріктірілгендігін, 
бұйымның жылжымалы бөліктері жұмыс кезінде қалай орын 
ауыстыратындығын айқындау; 
рет – ретімен әрбір тетікбөлшектің геометриялық пішіні 
мен өлшемдерін анықтау; 


47 
бұйымның ішкі және сыртқы пішіндерін ойша елестетіп, 
қызметін түсіну; 
бұйымды ажырату және жинау ретімен танысу, яғни 
тетікбөлшектерді бір-бірінен қалай ажырату керектігін білу. 
Сонымен бірге мыналарды естен шығармаған жөн: 
білік, сына, тойтарма шеге, шариктер және т.б. көлденең 
тілікке түспейді; 
көршілес тетікбөлшектерді тілікте немесе қимада 
кескіндегенде штрихтау бағыты (оңға, солға), немесе штрихтар 
арақашықтығы әртүрлі болады; 


48 
құрастыру сызбасындағы барлық тіліктер мен қималарда 
жекелеген бір тетікбөлшектің штрихтау бағыты бірей және 
біркелкі болуы керек. 
Бөлшектеу 
деп құрастырылған бұйым сызбасы бойынша 
тетікбөлшектердің сызбаларын орындауды айтады. Бұйымның 
құрастыру сызбасына қарап жұмыс сызбаларын орындау реті 
бұйымның өзіне қарап тетікбөлшек сызбаларын орындаудағыдай 
болып келеді. Тетікбөлшектердің пішіні мен өлшемі құрастыру 
сызбасын оқу барысында айқындалады. Тетікбөлшек атауы мен 
оның 
белгіленуі 
құрастыру 
сызбасының 
сипаттізімінен 
анықталады, ал материал маркасы - құрастыру сызбасында 
келтірілген түсіндірмеден алынады.
 
6.1 және 6.2 суреттерде 
қақпақтың (клапан) құрастыру сызбасы мен сипаттізімі берілген, 
сол арқылы рет бойынша 2-ші тұрған тетікбөлшектің пішіні мен 
басқа да мәліметтерін білеміз. 


49 
Сипаттізімде көрсетілгендей бұл тетікбөлшек «Қақпақ» деп 
аталады. Құрастыру бірлігі сызбасынан қақпақ кескінін ойша 
ажыратып алып, тетікбөлшектің кескінін кезеңдерге бөліп 
орындаймыз (6.3 сурет). 
Сызбада басты көріністі таңдауда тетікбөлшектің фронталь 
проекция жазықтығына қатысты орналасуын оның құрастыру 
сызбасында орналасуына қарап емес, жалпы талаптарға сүйене 
отырып алуымыз керек. Кескіндер саны мен мазмұны құрастыру 
сызбасымен сәйкес келмеуі мүмкін.
Берілген мысал бойынша басты көріністі таңдаған соң, 
құрастыру сызбасында басқа тетікбөлшектердің тасасынан 
көрінбей қалған сызықтарды толықтыруымыз керек (6.3 сурет). 
Осылайша алынған кескіндерге көңіл аударсақ, тетікбөлшек 
симметриялы және сол себепті басты көрінісінде көрініс бөлігі 
мен тілік бөлігін біріктіруіміз керек. 
Жұмыс сызбасында тетікбөлшектің сызылмай қалған 
элементтері (мысалы, қақпақтың алты қырлы пішіні, 45º фаскілер 
т.б), немесе құрастыру сызбасында шартты немесе ықшам 
кескінделген элементтер көрсетілуі қажет. 


50 
Егер тетікбөлшектегі қандайда бір беттің пішінін түсінуге 
құрастыру сызбасында келтірілген кескіндер жеткіліксіз болса, 
мыналарды ескерген жөн: 
беттерге өлшемдер түсіруде қолданылған шартты белгілер 
(□,R,Ǿ); 
құрастыру сызбасында айқын көрініп тұрған, көршілес 
жатқан тетікбөлшектің түйіндесу бетінің пішіні. 
Тетікбөлшек өлшемі құрастыру сызбасынан өлшеп алынады, 
бірақ өлшеу барысында түйіндесу өлшемдері сәйкес келуі керек. 
Конструктивтік элементтер (фаска, проточка, көлбеулік) 
өлшемдері құрастыру сызбасынан емес, стандартқа сәйкес 
алынуы қажет. Сонымен бірге, шпондық ойықтар, шлицтер, 
шпилька мен винттер ұяшықтары өлшемдері осы элементтерге 
сәйкес стандарттардан алынуы керек. 
Бұл айтылғандардан басқа, «Эскиздеу» тарауында берілген 
кескіндер санын анықтау, сызбаны қағаз бетіне және көріністерді 
проекциялық байланыста орналастыру т.с.с. кеңесерді естен 
шығармау керек.
Тетікбөлшек кескіні қағаз бетінің жартысынан көбін алып 
тұруы қажет. Пішіні күрделі тетікбөлшектер сызбасы ірі 
масштабта 
орындалады 
және 
құрастыру 
сызбасындағы 
тетікбөлшек масштабымен сәйкес келмеуі мүмкін. 


51 
Сызба масштабы 2.302-68 МЕСТ – на сәйкес болуы шарт. 
Әрбір тетікбөлшек сызбасы конструкциясына байланысты 2.301-
68 МЕСТ бойынша жеке форматта орындалады. Соңынан 
стандарт бойынша бет бұдырлығы енгізіледі. 
Эскиздерді орындауға арналған кеңестерді пайдалана 
отырып, сызбаның белгіленуін негізгі жазуға толтырады (5.7 
сурет).
Тетікбөлшек «Қақпақтың» жұмыс сызбасының орындалу 
үлгісі 6.4 суретте келтірілген.


52 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет