288
Медеу СӘРСЕКЕ
– Ақымақ, алтындай асылдың ешқашанда жерде жатпайты-
нын білмеуші ме едің. Ертең-ақ өзің сықылды бір сұмпайы қазып
әкет сін деп қалдырам ба оны?
– Бәрекелді, жөн сөз, ақылы бәрімізден озық, тәңірдей биік
Әміршім, – дейді Керме не ақын. – Осы тауда тастан көп қазына
көрмедім. Соның біріне атыңды жазып қал дыр. Сен қонған жұртқа
мәңгі өшпес сондай белгі лайық!
Әмір Темір сол ақылға тәнті болып:
– Кермене ақын, ойға қонымды сөз сөй
леп тұрсың. Мына
ақымақтарға қара тастың алтын табақтан не үшін артық екенін
түсін дір, – дейді.
Кермене ақын мәнерлеп жазу шеберлерін жұмсап, Ұлытау
қойнынан үлкендігі кебежедей қарабұжыр тас алдырады да,
қылы шын қынабынан суырып, қасында тұрған нояндарға:
– Ал қане, осы тасқа тырнақтай сызат салып көріңдер, – деп
шаттана күлсе керек.
Шамның* атақты шарболаты да, Бағдатта соғылған болат сүңгі
де, Самарқанның әлде неше батпан сом балғасы да сандық тас қа
иненің жасуындай сызат түсіре алмапты.
– Міне, көрдіңдер ме, мұның ал
тын
нан артық
шылығы да
осы, – дейді Кер мене масаттана сөйлеп. – Оның бетіне түскен
әміршінің есімі мың жылдан соң да өшпей, жел-судан көшпей,
мәңгі сақталады...
Мұнан арғы оқиға Темірдің жорық ше жіре шісі Шараф ад-Дин
Әли Иәдзының «За фар-Нама» кітабында былайша суреттеліпті:
Достарыңызбен бөлісу: