571
ШЫҒАРМАЛАРЫ
1963 жылы академик Қ.И. Сәтбаев төр
тінші мәрте Ленин
орденімен марапатталды. Сол жайындағы жарлықтың мәтінінде
«Қа зақ стан қыртысындағы қазба байлықтарды зерттеу және
Одақтық геология ілімін дамытудағы үздік еңбектері үшін»
деген анықтама бар-ды. Шынтуайтын айтқанда, бұл да ге
о-
логия саласындағы Қаныш Имантайұлының орасан зор еңбегін,
қайталанбас біртуар тұлға екендігін ресми мойындау. Сөйтсе де...
Ғалым туралы ізденіс жылдарында мен осы ілгеріде аз-кем сөз болған
Одақ министрі (ресми түр де Орта салмақты машиналар минис тр лігі атала-
тын, ал іс жүзінде атом өндірі сі мен шұғылданатын) Е.П. Славскиймен екі
мәрте кездестім. Алғашқыда Өскеменде (ол кісі сол қаладан бірнеше мәрте
КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған), соңғы рет 1981 жылдың
күзінде, Үлкен Ордынка көшесіндегі кабинетінде. Екін ші мәрте іздеуіме
түрткі болған себеп: «Молодая гвардия» баспасының ЖЗЛ сериясында жа-
рық көрген «Сәтбаевты» сыйлап, сол басы лым ға нақты көмек көрсеткеніне
рақмет айту еді. Жасы сол кезде сексеннің шебіне ілінген Ефим Павлович
мені ілтипатпен қабылдап, ұлы замандасы туралы көл-көсір әңгіме айтып,
ғылыми қауымға мәлім емес жайттардан сыр шерт ті...
Достарыңызбен бөлісу: