97
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қайтады. Содан бері он шақты жыл өтті. Екі ауылдың арасы жақындамаған-
мен, көңіл ортақтығы суыған жоқ. Қаныштың оқуы түгесілмей, ауыр сыр-
қатқа ұшырауы ғана бұл істі біржола тындыру мерзімін біршама кейіндете
берген-ді. Енді, міне, ұзақ оқу тәмам болып, қызметке шықты. Ел іргесі
бүтінделе бастады. Екі жақтағы ата-ана да баяғы уәделерінен шығып, екі
жасты қосуға қам жасаған.
Алайда Қаныштың өзі түрліше сылтау айтып, сол шаруа-
ны кейінге ысырады. Қартайған әке-шешесінің көңілін суытып
біржола «жоқ
»
демейді, әлі де оқығысы келетінін айтады, ты-
нымсыз қызметін де көлденең тартып, біраз жаттығайын дейді.
Кенжесінің түсініксіз сырғақтауын жаратпаған әкесі күндердің
кү
нінде қамығып отырып, жетпіс бестің қыр
қасына шыққан,
төрден гөрі көрге жуықтаған кексе шағында төс түйістіріп, аспен
бекіткен құдалықты бұза алмайтынын, ана дүниеге де әке лік па-
рызын өтеп аттануды қа лайтынын төндіре айтып, ақырында: «Сен
өзі қалыңдығыңды ұнатпай жүрсең – сол жаққа бір мәрте барып,
Шәрипаны көріп, ұнатпасаң – басың азат демейсің бе? Біреудің
оң жақта үкілеп ұстап отырған бейкүнә перзентін жіпсіз байлап
қойғанымыз қалай болады?» – деген-ді.
Сол сөз түрткі болып, Қаныш Қарқаралыға аттанды. Қалың-
дығын көріп, аз-кем тілдескен білем. Бұрынғы уезд орталы-
ғындағы қазақ мектебінде бірнеше жыл оқыған, көрік-жүзі тол-
ған айдай көңілге толымды, нәркес көз, қыпша бел, сол күнде он
тоғызға аяқ басқан Шәрипаның сұлу келбетіне байыпты мінез-
құлқы сай екеніне тәнті болады. Айтып-айт пай не керек, салқын
қабақ аңғартып жүр ген сері жігіттің өзі де кенет елігіп, ауылына
келген соң әке-шешесіне: «Айтқандарыңыз болсын!» – десе ке-
рек. Әрине, қажы ауылының үл кендері жедеғабыл әзірлік жасап,
Қарқаралының күншығыс бөктерін қыстайтын Сма ғұл ауылына
сән-салтанатын оңдап, жастар тобын аттандырады.
Осы оқиға жайында сол ауылдың ескі көзі Жұмаш Шәдетов
ақсақал бертінде бізге мынадай әңгіме айтқан-ды:
Достарыңызбен бөлісу: