146
Медеу СӘРСЕКЕ
емес, қыста да көмір түсіріп, ағаш кесіп, әр түрлі көтерме жұмыс-
тар алып күнкөріс жасайды. Қаныш болса ауыр еңбекке жара-
майды. Сондықтан да оның бар үміті – елден келетін көмекте.
Көбіне сұрайтыны – сүр ет, қарындаған сары май, ақша...
«Бір
жылы Керекуден азық жібердік. Сүйегі сылынған жылы-жұмсақ
сүр ет еді,–
деп куәлік етеді ғалымның туысы Әбутайыр Зейінов. –
Бейнеті міз ді қайтейік, сәлемдемеміз жолшыбай қолды болып, ор-
нына ағаш жаңқасы барыпты. Қанкенің соған: «Бізде тамыздық
мол, та мақ аз» деп жауап жазғаны есімде».
Демек, ту қиырдағы
Томға мезгіл-мезгіл азық жет
кізіп тұру да оңайға түспеген...
Кейіннен бірақ ауыл көмегінен бас тартуға мүм
кіндік туады.
Оның жай-жапсарын біз Семей мұрағатынан таптық: шеткері
қалаларда оқитын қазақ жастарына арнаулы қар жы бөлу туралы
губаткомының стипендия комиссия сының 1925 жылғы хаттама-
сында Мәскеу, Ленинград, Қазан, Омбы және Том қалаларында
білім алушы отызға тарта жастар аталған. Қаныш Сәтбаевтың
есімі бесінші ретте аталған. Жылына ол губерния комитетінен
420 сом мөлшерінде көмек алып тұрған. Оның үстіне неше жылғы
еңбегі «Алгебра оқулығы» баспаға беріліп, қаламақысының
несиесі қолына тиіп, ша ла-пұла «байып» қалған...
Сол жылы ол әкесінен Қаныш Имантайұлы қолқалап Ғалым-
тай Ғазизұлын, шаңырақ дәстүрі бойынша өзіне ізбасар іні са-
налатын тоғыз жасар жасөспірімді Томға ерте келген. Демек,
Белинский көшесіндегі пәтерде олар үшеу болып тұрған: ағалы-
інілі қос Сәтбаев және Омар Толыбаев...
Достарыңызбен бөлісу: