2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет65/181
Дата08.12.2022
өлшемі3,39 Mb.
#161847
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық

өзгерістер мен толықтырулар ҚР БҒМ 
2019 жылғы 26 шілдедегі №334 бұйрығымен бекітілген
) бекітілген Негізгі орта 
білім беру деңгейінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы. 
2. Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын (төмендетілген оқу 
жүктемесімен) таңдаған білім беру ұйымдарындағы оқу процесі «Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер 
мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 
бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына және 
жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен оқу жүктемесі 
төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) негізінде жүзеге 
асырылады.


110 
10-11-сыныптардағы оқу процесі

«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, 
таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын 
бекіту 
туралы» 
ҚР 
БҒМ 
2013 
жылғы 

сәуірдегі
№ 115 бұйрығына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ
2017 жылғы 27 шілдедегі №352 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларымен 
(
07.03.2019 ж. №105 бұйрықпен
өзгерістер мен және толықтырулар енгізілген

жүзеге асырылады: 
-
жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық 
бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу 
бағдарламасы; 
-
жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
10-11-сыныптарына 
арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу 
бағдарламасы.
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың ерекшеліктері 
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында 
гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу; 
ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру; 
көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы 
мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау, 
жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу дағдыларын 
қалыптастыру. 
«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламалары оқушылардың бойында 
адамгершілік, рухани құндылықтармен қатар функционалдық сауаттылығын 
арттыруды, көркем-әдеби шығарманы талдау дағдыларын қалыптастыруды 
көздейді. 
Әлемдік және кеңестік әдебиет классиктерінің шығармаларын зерделеу, 
салыстырмалы талдау жүргізу, қазақ, орыс және әлем әдебиетінің тақырыптарын 
салыстыру қабілеттерін қалыптастыру мақсатында әлем әдебиетінің 
туындыларын оқыту қарастырылған. 
«Қазақ әдебиеті» пәні әдебиетті өнердің басқа салаларымен (кескін, театр, 
кино, музыка) салыстыра қарастырып, өз ойын еркін, дәлелді, сараптай, 
салыстыра отырып жеткізе білетін тұлғаның қалыптасуына үлес қосады. 
Сонымен қатар әдебиетті «Қазақ тілі», «Тарих», «Орыс әдебиеті», «География» 
пәндері, мәдени, қоғамдық және тәрбиелік шаралармен байланыстыра отырып 
жүзеге асыру көзделеді.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны 
басшылыққа алады: түсіну және жауап беру; анализ және интерпретация; 
бағалау және салыстыру. 
«Түсіну және жауап беру» 
бөлімі аясындағы бөлімшелер білім 
алушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді: көркем 
шығарманың мазмұны мен пішінін анықтау және талдау; әдеби шығарманың 
тұжырымдамасын айқындай білу; көркем шығармадағы образды ашу және 
сипаттау; шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. 
 


111 
«Анализ 
және 
интерпретация» 
бойынша 
әдеби 
шығарманың 
композициясын, композициялық амал-тәсілдерді талдау;
 
шығармадағы автор 
бейнесін анықтау, оның рөлін талдау; көркем шығарманың тілін, көркемдегіш 
құралдардың қолданысын талдау; көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, 
шығармашылық жұмыс жазу. 
«Бағалау және салыстыру» бойынша 
шығарманың тарихи және көркемдік 
құндылығына баға беру; әдеби шығармаларды заманауи тұрғыда салыстырып, 
жаңашылдығына баға беру; шығарманың құндылығын талдап, әдеби эссе жазу;
әдеби шығармаларды талдап, салыстыра отырып, сыни шолу және сыни мақала 
жазу дағдыларын дамыту. 
Бөлімдер 
сыныптар 
бойынша 
оқыту 
мақсаттарын 
қамтитын 
бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім мен білім 
алушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен 
бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді. 
«Қазақ әдебиеті» пәнінен оқу бағдарламасы оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді. 
Бұл пән әдеби шығармаларды оқытып қана қоймай, танымдық және 
коммуникативтік 
дағдыларын 
қалыптастыруға 
да 
негізделген. 
Оқу 
бағдарламасында 
оқушылардың 
жас 
ерекшеліктерінің 
танымдық 
мүмкіндіктеріне сәйкес пәннің мазмұны мен білім, білік, дағдыларының көлемі 
анықталған. Әр сыныпта оқытылатын шығармаларды таңдау кезінде қазіргі 
замандағы баланың жас ерекшелігімен қатар танымдық ерекшеліктері де 
ескерілген.
Көркем шығармаларды толық оқу міндеттеледі. Сол арқылы оқушыға 
автордың идеясын толық түсінуіне, шығарманы жан-жақты талдай алу қабілетін 
дамытуға және оқырмандық қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік беріледі. 
Көркем шығарманы саналы түрде түсініп, талдап, зерттеп, кейіпкерлерді 
салыстырып, олардың әрекетіне баға беріп, сол шығармалар арқылы 
оқырмандық сауаттылығын қалыптастыру көзделеді. Бір шығарманы толық 
оқып, талдай білген оқушы өз бетімен оқыған шығармасын сыныпта меңгерген 
дағдылары бойынша барлық әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, ой елегінен 
өткізіп, интерпретация жасап, бағалай алады. Сыныпта және өз бетімен 
оқылатын көркем әдеби шығармалардың табиғи сабақтастығы мен 
байланыстылығы сақталынып отырады. Яғни оқушыда көркем шығарманы 
оқуда осындай әдеби дағды қалыптастыра білсек, ол кез келген басқа ақын-
жазушылардың өмірбаянын, шығармаларын өздігінен оқып, талдай алатын 
болады.
Қазақ әдебиеті туындылары жасөспірімдердің рухани қажеттіліктері мен 
даму мүмкіндіктеріне сәйкестендіріле, қазақша ойлау және сөйлеу, жазу, 
тыңдағанын түсіну, монолог, диалог, пікірталас жасау дағдыларын 
қалыптастырып, талдап, тану негізіне сәйкес құрылған.
Қазақ әдебиетінің әр кезеңінде жазылып, өзінің көркем құндылығын 
жоғалтпай келе жатқан туындылармен танысу арқылы оқушы әдеби талдау, сыни 
ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам басады. Оқу 


112 
мақсаттары белгілі бір тарау бойынша ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген 
тізімге сай жүзеге асады. 
Тоқсан ішінде көркем шығармаларды оқытуға бөлінетін сағат сандарын 
шығарманың көлеміне, оқу мақсаттарының жеңіл, күрделілігіне қарай мұғалім 
өзі анықтайды. 
Негізгі орта білім беру деңгейінің 6 және 7-сыныптарында «Қазақ 
әдебиеті» 
пәнінің 
базалық 
мазмұнына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет