Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі батыс



Pdf көрінісі
бет61/112
Дата09.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#161978
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   112
Байланысты:
deloproizvod umk

Қолхат
 
 
Қолхат белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын 
куәландыратын ресми құжаттың бірі. Қолхатта ең алдымен қолхат беруші, және қолхат 
алушының аты
-
жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және қолхат берушінің не 
алғаны жазылады. Содан кейін қолхат берушінің міндеттемелері көрсетіледі. Қолхат үш дана 
етіп жасалып, нотариалдық кеңседе куәландырылады. Бір данасы сол кеңседе, екінші данасы 
қолхат берушіде, ал үшінші данасы қолхат алушыда сақталады.
Үлгі:
Қолхат


52 
Мен, Жазықова Дариға, әл
-
Фараби атындағы ҚазҰУ
-
дың қазақ филологиясы 
кафедрасының аға оқытушысы, университет кітапханасынан сабақ үстінде пайдалануға 10 
(он) дана «Қазақ тілі» оқулығын алдым. Оқулықтарды 2007
-
2008 оқу жылының соңында 
қайтаруға міндеттенемін.
Қазақстан Республикасының ІІМ 1998 жылғы 23 мамырда берген жеке куәлігімнің № 
111344032 
Жазықова Дариға 11.10.2007ж.
3-
тапсырма
.
Төмендегі тапсырмалар бойынша қолхат үлгілерін құрастырыңыз
 
1. «Мадис» жарнама агенттігінің машинасын уақытша пайдалануға алатындығыңыз туралы 
қолхат беріңіз.
2. Өзіңіз жұмыс істейтін мекеменің бухгалтериясынан 75000 (жетпіс бес мың) теңге несие 
алғандыңыз туралы қолхат беріңіз.
3. 
Алматы 
қаласындағы 
Ұлттық 
кітапхананыңсирек 
кітаптар 
қорынан 
Абай 
шығармаларының алғашқы басылымын алғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.
4. Өзіңіз жұмыс істейтін жерден белгілі бір құнды зат алғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.
3-
тапсырма
.
Сөз тіркестерін аударыңыз

Келісімшартқа сәйкес, үш күн мерзім ішінде, үш дана, кеңседе тіркелген, мекенжайы 


өзгерген жағдайда, ақшаны қайтару, қайтаруға міндеттену, пайыз төлеп тұруға, мерзімінде 
қайтару, қолхат беру, келісімшарт талаптары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет